Өзекті мәселелер

  • 14.06.18

    Заман  талаптарына  сәйкес  жол­дауда  көрсетілген  барлық  міндеттер­, әлеуметтік  және экономика сала­лары біздің қоғам алдында бірінші кезект­е  тұрады.

    Президенттің Қазақстан халқына бағыттаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген 10 негізгі басымдықтың іске асуы экономиканың барлық салалары­ның  жоғары өсу қарқынын қамтама...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Әдетте, қырандар  көкте – патша, жерде – мейман. Қалықтау үшін биіктік керек. Құлдилау екпінінен күш алады. Жазыққа емес, құзар шыңға қонақтайды. Халықшыл тұлғалар табиғаты да сондай­. Олар Алашын аспан­ға, асқар тауға балайды. Сұңқарға самғау жарасқан дейтініміз  де  сондықтан.

    Сол өршіл рух Аралдың айбозым азаматы Тоғыс Жұмашевтың ақ дидарын аңсатқанда, құс көңіл сағыныш қанатымен жүз...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Елімізде тек дәрінің ғана көмегімен өмір сүріп жүрген азаматтар аз емес. Мемлекет тарапынан оларға қандай жәрдем беріліп жатыр? Көрер жары­ғы әуелі Аллаға, кейін сол дәрілік препаратқа байланысты болып­ отырған науқасқа қарасатын кім?

    ...
    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Қызылорда  қалалық

    №6  емхананың  инфекционист дәрігері  Жамила  УМЫШЕВА:

    - Қазір жұртшылық арасында менингит туралы ақпарат кеңінен тараған. Аурудың алдын алудың медициналық бетперде тағудан басқа тағы қандай жолдары  бар?

    - Сақтану үшін екпе ектіру қажет. Оның құны д...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Мағжан  ЕРАЛИЕВ,

    “Абзал және К”  ТС  директоры:

    Газеттегі биыл ғана ашылып, бесінші мәрте жарыққа  шығып отырған ер-азаматтарға арналған “Мырза” б...

    Толығырақ...
Жеңілсем де риза болдым
22.02.2018 10:57

Жақында ғана қолымызға журналист Ғазизбек Тәшімбаевтың құрастыруымен шыққан «Күш атасы» кітабы тиді. 1990 жылы басылған кітапқа бұла күші бұлқынған қазақ балуаны Қажымұқа­н Мұңайтпасовтың өмірі мен өнерінен бірқатар дерект­ер, жазушылар мен журналистердің қаламынан туған естелік­тер, тарихи оқиғалар енген екен. Әлемдік спорт аренасына шығып, шетелдердегі жарыста атақ-даңққа бөленген тұңғыш қазақтың құрметіне көптеген жазушылар қалам тербесе, өнеріне күллі ғалам таңдай қақты. «Қазақ даласының батыры» атанға­н алыптың болмыс-бітіміне қанық ағайынның назарына қызықты­  естелікт­і ұсынғымыз келіп отыр. «Мойындау» деп атауға келетін­ естеліктің авторы – Леонид Васильевич.­

«Сергек»

 

1965 жылдың қысында «Алматыға Вильнюс циркі келіпті, онда Қажы­мұ­қанмен  күрескен балуан бар» дегеннен кейін біз цирк орналасқан жерге келдік. Леонид Васильевич Станиченко осы цирктің директоры екен. Өзі – балуан. Жасы 50-ге таяп қалған адам. Кең жауырынды, алып иықты, балға­дай қолдары жастайынан спортпен айналысқанын анадайдан танытып тұр. Біз сәлемдесіп танысқаннан кейін келген жұмысымызды айттық. Ол болса, жастық шағын есіне түсіргендей ұзақ үнсіз отырды. Сонан соң басын көтеріп, көз алдынан өткен қызықты кезеңдерді елестеткендей сөйлей бастады.

- Иә, біз кездескен едік. Онда тым жас едім. 1937 жылы біз Омбы қаласында бетпе­-бет, жүзбе-жүз көрістік, тіпті күрестік те, оның даңқын соған дейін естісем де Қажымұқанмен бұлай кездескен жоқ едім. Ол мезгілде балуандар арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың аты жиі аталатын. Мен әйгілі балуанмен кездесуге өте құштар едім. Сөйтіп жүргенде сәті түсіп, Омбы қаласында  балуандардың біріншілігі басталды. Осы чемпионатқа қатысушы 25 балуанның бірі болып мен де келдім. Қажымұқан кең иықты, жұмыр білекті адам еді. Екі иығына екі кісі мінгендей. Бойы менен сәл биіктеу­ болар. Ұзын бойға алып денесі сай, жарасымды біткен. Қыстың күндері құлақшын астынан тақия киетін. Онысын тіпті тастамай­тын  еді.

Біріншілік өтіп жатқан мезгілде мен оның әрбір қимылына көз салып, шебер­лігіне ризашылықпен қараумен болдым. Ол жаттығу­ды ерте бастайтын. Алдымен жүгіріп, сонан­ кейін негізгі жаттығуға көшетін. Тамақт­ы әркез мезгілімен, күнбе-күн бір уақытта ішетін. Шынымды айтайын, ішімдікті  ауызға  алғанын  көргенім жоқ. Өзін өте жақсы күтетін. Мен Қажымұқанның мұнысына осы күнге дейін іштей ризамын. Оның барлық істері маған қатты ұнады.

Чемпионатқа Ресейдің сол кездегі атақты балуандары да қатысты. Олар Қажы­мұқанмен шетелдерді бірге аралап, Отан намысын қорғаған Василий Ярков, Конс­тантин Колишевич, Иван Доменний, Петр Загоруйко және Петр Бондоренко сияқты балуандар еді. Бұлардың бәрі байырғы қарсыла­стар, кілем жұлдыздары болатын.

Чемпионат басталды. Қажымұқан қарсыластарын шетінен жығып келеді. Бір кездесуін, Василий Ярковпен ғана тең аяқ­тады. Көптен күткен күн де келді. Мен күш атасы Қажымұқанмен күресетін болдым. Екеуміз ортаға шықтық. Мені кейбір балуан­дар бала деп мұрындарын шүйіре қарайтын. Атақты балуан да дәл солай бола ма деп ойлаушы едім. Қателесіппін. Мен өзімді қарсыласымның көз қарасымен жәбірлемегеніне қуанып қалдым. Мүмкін, оның қарсыластарының бәрін де өзімен тең санайтын осындай ізгі қасиеті үнемі жеңіске  жеткізіп жүрген де болар.

Біз қол алысып амандасқаннан кейін күресіп кеттік. Ол мені иығымнан мықтап ұстап, бір минуттай жұлқып алды. Осыдан кейін-ақ оның күшінің орасан мығым екенін сездім. Менен әл кетті. Қажымұқан­ның ұстаған жері жаныма батып барады. Көзім қарауытып кеткенін өзім де сезбей қалдым. Бір мезгілде ол мені балаша көте­ріп алып, кілемнің ортасына әкелді де жықты. Жауырынымды кілемге тигізбеуге қаншама күш салғаныммен ештеңе шықпады.

Ол жеңіске әбден көзі жет­кеннен кейін тез түрегеліп, қолын беріп, менің де тұруыма көмектесті. Иә, мен жығылдым. Бірақ осы кездесуге тым ризамын. Әншейінде қимылы жай көрінетін Қажымұқан кілем үстінде жай оғындай тез екен. Төреші оның қолын көтерді. Мен жығылдым деп ренжімей, басымды тік көтеріп, кәдімгі жеңіске жеткен балуандай кілемнен кеттім. Ол менің арқамнан қағып, қазақша бірдеңе деді. Мен түсін­бесем де оның болашақ балуандық өмірге сәт сапар тілеп тұр­ғанын  сездім.

Мұнан кейін де Қажымұқан бірнеше кездесулер өткізді. Ол барлық белдесулерде кілемнен жеңіліссіз кетті. Оның техникасы мен тактикасына  риза  болдым. Осы  чемпионатта Мұңайт­пасов чемпион болды. Оны халық өте құрметтеуші еді. Осы сый-құрметті мен Омбы цир­кін­де көрдім. Күн сайынғы кездесуге билет әлдеқашан сатылып­ қоя­тын. Билет ала алмаға­н қазақ жігіттері цирк қызметкерлеріне тыным бермейтін. Бәрі де өз балуа­нының күш өнерін көріп қалуға  тырысатын  еді.

Біз Омбыдан көктем шыға тарасты­қ.  Мен  осыдан кейінгі үш жыл ішінде Совет Одағының күшті балуандарының қатарына ендім. 1940 жылы Қажымұқанмен Петропавлдағы цирк үйінде тағы кездестім.

Үстінде түйе жүн шапаны бар, басында баяғы тақиясы. Чемпионат басшылары оның жарысқа қатысуын өтінді. Бірақ, Қажы­мұқан жасының ұлғайғандығын айтып бас тартты. Мүмкін күрес ардагерінің дем алғысы келген шығар. Әйтсе де, оның әрбір қимылы әлі де тың екенін көр­сетіп  тұрды.

Мұны ол Отан соғысы кезінде көрсетті де. Балуанның мұндай игілікті ісіне өз басым қатты қуандым­. Алып балуан әлі де көз алдымда. Оның темір үзетін сом саусақтары  мәңгі  есімде.

Жазып  алғандар

Дендербай  ЕГІЗОВ,

Амангелді   ҚҰРАҚОВ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары