Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
ЖАСТАРҒА ҰРЫС ЕМЕС, ДҰРЫС ТӘРБИЕ КЕРЕК
22.02.2018 11:21

«Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» дейді қазақ халқы. Иә, рас. Естігеннің қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін саралап болмайсың. Осы заманда­ адамдарды күре тамырынан байлаған әлеуметтік желі мен теледидар болып тұр. Жатыпішер жалқаулар көбейіп, адамдар кітапқа емес, ұялы телефонға бас қойды. Бұрындары жетімнің басын сипайтын қолы қазір смартфон бетін сипаудан ары аса алмауда.­ Онымен қоса адамдар санасын улаған сапасыз бағдарламалардың да саны артты. Қоғамда батырмасыз телефондар, тұтқасыз есіктер, мисыз адамдар, сезім­сіз махаббаттар қаптап кетті.

Адамдар тек сөйлесу үшін қолданатын, шағын әрі қолжетімді телефондарды қазір көп көрмейсіз. Барлығының қолында смартфон бар. Олар үлкен, қымбат әрі сәнді көрінеді. Қаншалықты үлкен болса,­ тигізер пайдасы соншалық көп. Қазір осы ұялы телефонды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ұстап жүр. Әрине, бұл телефондар қолдануға ыңғайлы, сондай-ақ, ақпаратты тез табуға, хабар алысуға таптырмайды. Бірақ ол ұрыс-керіске де бастап тұр. Олай дейтінім, ата-анаға ауыртпалық түсі­ріп, қиғылық салатын балалар көп қазір. Досының қымбат телефонын айтып мұңаяды. Ата-ана байғұс балаларын кем болмасын деп қарызданып-қауға­ланып әйтеуір алып беруге қам қылады. Тек соны жақсы­ жағынан пайдаланса ғой...

Жақында теледидар қарап отырсам, бір бағдарламаны көзім шалды. Аты «Қалаулым» екен. Іші толғ­ан 19-25 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер. Бір-біріне жар іздепті-міс. «Айтпасаң, сөздің атасы өледі» демекші, бұл бағдарлама біздің қоғамға да, адамдарына да кері әсерін тигізуде. Бұған дейін жігіт іздеген қазақ қызын көріп пе едіңіз? Оны да көрдік. Қыздың ибалылығы мен инабатын сақтап өз-өзіне қарауы да бұл күндері қызық боп барады. Баяғы жүрегі таза, ақкөңіл қыздарымыз некен-саяқ. Бұл бағдарлама бейнелі бір шоу сынды. Екі жасты қосамыз деген желеумен жеңге­тайлық жасап жүрген ұйымдастырушылар барлығын қызық үшін істеп отыр. Қоғамға тигізер пайда­сы жоқ бұл бағдарламада тәрбиелі де тәлімді жанды көрмейсің. Ал, осыны жас бүлдіршіндермен бірге ата-әжелеріміз де қарайды. Қыз-жігіттер бір-бірінің бетінен алып, төске шауып, ұрыс-керіске толы 3 сағатты өткізеді. Әрине, өз бақытын тауып, отау құрып жатса, өрістері кеңейе берсін демекпіз. Бірақ, экранның бергі жағындағы жандарға ұрыс емес, дұрыс тәрбие керек.

Біздің саналы ұрпақ тәлім-тәрбиесі мол бағдарламаларды көрсе, жүректері иманға, көңілдері нұрға толар еді. Телеэкраннан көретін дүниеміз ақылға қонымды, үлгі-өнеге аларлықтай болсын. Біз ешкім­ге «теледидар көрме!» деп айта алмаймыз. Ең басты­сы, өз қажетіңді алып, керек емесін маңыңа жуытпасаң болғаны...

Гүлдана АСАНЖАНОВА,

№21 орта мектептің 11-сынып оқушысы

Арал ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары