Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
БІЗ НЕГЕ ОТҚА ТАБЫНЫП ЖҮРМІЗ?
22.02.2018 11:25

Бүгінде ой санамыздың төмендеп  бара жатқандығынан ба, әлде масыққан тірлік пе, әйтеуір ішер асымыздың аяқасты болып, жейтін нанымыздың қадірсіз қалып жат­қанын жиі байқаймыз. Дас­тарқанымыздың төрінен түс­пейтін қасиетті асымызды бүгінде қаншалықты  қастерлеп жүрміз? Ал соңғы ғасырдың жаңашыл жастары астың үлкені деп дәріптейтін ұннан жасалған торттың бетіне туған күн кештерінде балауыз шамын қадап, соны үрлейтінді шығарды. Ол ол ма, өткенде бір танысымның құрдастары бүтіндей тортты «туған күніне сыйлық» етіп, бетіне аударып, жағып кетіпті.

Бұл не тірлік, не масқара?! Ол да нан емес пе? Осындай берекесіз тірліктен кейін депутаттардың нан ба­ғасын 300 теңгеге  көтеру  керек­ дегенінің бір себебі осындай ысырапшылдықта жатса ке­рек.­ Торт та – нан қабатынан  жасалатын кондитерлік өнім. Оның бетін әлеміштеп, түрлі-түсті пластмасса зат­тарын  қадап, «отқа табынудың» қажеті қанша? Қарапа­йым көпшіліктің көзқарасы қандай?  Шариғат  не  дейді?

Иә, біреуі «қазақтың жағдайы жақсарған» десе, енді біреуі «бұл – нағыз қасиет­сіздік» деген пікірде. Қосылуға болады әбден. Қасиетіміздің төмендегенінен болар, өзге ұлттың дәстүрін өзгеден асыра қолданып та жататын кезіміз бар. Бүгінде кез келген туған күнді, белгілі мерекелік ша­раны тортсыз елестету тіптен қиын, онсыз өтпейтіні тағы бар. Сол торттың бетіне неше түрлі балауыз шамды жағу дәстүрі негізінен ежелгі гректен шыққан көрінеді. Ал оны біздер өз дәстүріміздей көре­міз. Грек халқы «Артимус» деп аталатын «Ай құдайына» арнап алғаш торт пісірген көрінеді. Содан сол торттың үстіне балау­ыз  шамдарды  айналдыра жаққан. Торттың домалақ пішіні айдың домалақты­ғы­ның символы болса, шетіндегі шамдар ай­дың жарығын бейнелеген. Ең негізгісі, шамның түтіні сол жерде тілеген  тілекті Ай құдайы – Артимусқа жеткізіп баратын көрінеді. Сондағы гректердің мақсаты – торт бетінд­егі  шамды  көзді  жұмып, іштей тілек тілегеннен кейін барып үрлеп, өшіру.

«Кезінде ата-әжелеріміз бұл мерекені қалай атап өткен?» деген сұрақ туындайды. Біздікілер тек отбасы болып жиналып, дастарқан басында түгелдей бас қосып, күн­делікті көз үйренген тамақтан бөлек ерекше тағамды сол күні жейтінін, шүйіркелесіп, әңгі­ме-дүкен құрып, келген қонақ­қа дайындаған өлең шумақтарын бүлдіршіндер тарту ететін. Ал, қазір заман бөлек пе? Әлде адам  өзгерді ме?  Әйтеуір  гректерден кем түспейтініміз рас. Бір өкініштісі, іштей тілек тілеп, торт бетіндегі шамды өшірмесек, сол тілеген тілегіміз қабыл болмай қалатындай «үрле, үрле, әйт­песе тілегің қабыл болмай қа­лады» деп жатады. Ал қазақта «отты үрлеп өшірме, жаман болады»  деген  ырым бар.

Ердәулет  КӘКІМЖАНОВ

 


 

Шариғат не дейді?

 

Жеңіс  Садықов,

«Құддыс  Ишан»  мешітінің  бас  имамы:

- Негізінде белгілі бір туған күн тойлансын деген шариғаты­мызда жоқ нәрсе. Бірақ көп адамдар бүгін  де, бұрындары да ағайын-туыс бауырларын шақырып, Алла тағала осы күнге жеткізгеніне шүкіршілік деген ниетте­ Құран бағыштап, садақа беріп, құрбан шалып, халыққа ас беріп жатады. Ал бұл күнді арнайы атап өтсін деген бұйрық  дінімізде  жоқ. Қазіргі  жас  қоғамда Еуропаға елік­теушілік   пайда  болған. Тіпті олардың дәстүрін асыра пайдаланып жатырмы­з. Бұл нәрселерден аулақ болуымыз керек. Өйткені оның  барлығы  біріншіден, ысы­рап,­ екіншіден, ысырапшылдықтан күнә нәрселерді орындаймыз. Нанның, яғни торттың бетіне от жағу деген­ дінімізде жоқ нәрсе. Біздің дінімізде тамақпен ойнауға­, оны аяқасты қылуға рұқсат етілмейді. Ысырапшылдық жасағанш­а жетім-жесірге, жағдайы нашар адамдарға жеткізіп  берген жөн. Бұл, әрине, сауап болар еді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Кімде-кім өзгелерге ұқсаса, ол солардан» деген. «Ей, адамдар, ысырап етпеңдер, өйткені Алла ысырап етушілерді сүймейді» деген діни ұғым тағы бар. Сондықтан өзгелерге еліктеп, дәстүріне көңіл бөлгенше, ысырапшылдықты тыйғанымыз жөн болар.


Бауыржан  Сейдалы,

Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ-дың  4-курс  студенті:

- Өз басым туған күнді мән беріп тойламаймын. Тойлаған күннің өзінде дастарқанға бастысы харам нәрселер қойылмаса болғаны. Бұрынғылар туған күнде тек ет асып, Құран оқытқан деп естігенмін. Дұрысы осы емес пе? Ал торттың бетіне балауыз шамын тұтатып, сол тәттіні туған күн иесінің бетіне жағу деген – ол батыстың менталитеті, бұл қазаққа тән қылық емес. Нанды аяқтың астынан теріп, жоғарыға қойып қадірлеген халықпыз ғой.


Жансая  Қыдырбай,

ҚМУ-дың  4-курс  студенті:

- Негізі бізге тән дүние емес. Бірақ қазір бәрі соны біліп тұрса да әдейі істейді. Негізі шырақты өмірі жарық болсын деген мағынада жағады, бірақ сол шырақты өздері үрлеп, өшіреді. Сондықтан мұндайды мүлдем жасамаған дұрыс деп ойлаймын. Үйленіп жатқан жастар да соны істеп жатады. Жағып әкелген жылуды өз қолыңмен өшіру деп білемін.


Дана (тегін  жазбауды  өтінді – ред.),  қала  тұрғыны:

- Бұл дәстүрдің қайдан келгенін білмеймін, бірақ туған күнді тойлаған дұрыс. Жылына бір-ақ рет келетін күн ғой. Неге дүркіретіп тойламасқа?! Ал  торттың  бетіне балауыз  шамын  жағу, тілек тілеп, үрлеп, өшіргеннің  өзі керемет көрініс,  меніңше. Мұны жағдайымыздың   түзелгендігі  деп топшылаймын. Бірақ  тортты адам бетіне  жағуға келіспеймін. Ал шариғатта  не  айтылғанын  білмедім.


Алма  Игілік,

Сәкен Сейфуллин атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінің  4-курс  студенті:

- Торттың бетіне балауыз шам жаққанның ешқандай қателігін немесе ерсілігін көріп тұрғаным жоқ. Белгілі бір мерекеде, туған күнде өздерінің тілектерін іштей айтып, соның орындалғанын қалап үрлейді. Тортты бетке жағу да дәстүрге айналған нәрсе ғой. Ешбір кемшілігі жоқ. Естелік суретке түсіп дегендей. Жалпы, керемет күн болады деп ойлаймын.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары