Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
КЕДЕЙЛІК ШЕГІНДЕ КІМДЕР ОТЫР?
22.02.2018 11:29

Елдегі инфляциялық дүмпу салдарынан туын­дай­тын баға қымбатшылығы халықтың қалтасына оңай тимесі  анық. «Зейнетақы мен жәрдемақы, айлық өсті» деген хабар елдің құлағына тиер-тиместен нарық тауар­ларының құны шарықтап шыға келетініне көз үйренген.  Сыртқы  сауда  нарығындағы  жағдай да көңіл көншітерлік деңгейге жеткен жоқ. Мәселен, ресми мәлімет бойынша елдегі инфля­ция 2017 жылы 7,1 пайызды құраған. Бұл – ЕАЭО елдері арасында  инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші  болып  отыр.

Экономикалық бәсекелес­тікте ақша айналымының тұрақтылығы маңызды фактор  саналады. Өйткені, тұтынушыға  қажетті заттар мен өзге де құндылықтар қолжетімділігін азайтып, құнын арттыра түсетіндігін күнделікті байқап отырмыз. Мәселен, бір ғана  жолақы құнын алар болсақ, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтамасыз  етілген  отбасыларға едәуір салмақ салып тұр. Азық-түлік құнының еселенген бағасы айтпаса­ да түсінікті. Мұның барлығы – кедейлік шегінде отырған отбасылар үшін әлеуметтік салмақ.

- 2017 жылдың басы мен 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта азық-түлік тауар бағасы өткен жылмен салыстырған­да  6,5,  азық-түлік  емес  тауар  8,9,  ақылы қызмет 5,9 пайызға қымбаттаған. 2018 жылдың  басынан бері теміржол билеттерінің бағасы 7-ден 37 пайызға көтерілген. Еліміздің 12 аймағында коммуналдық тариф бағасы өскен. Жанар-жағармай  бағасы­  да  өсіп жатыр. Қазақстандағы  ресми статистика шынайы болмыстан алшақ екендігін ескерсек, қазақстандықтардың басым бөлігінің жағдайы бұдан да нашар  екендігі  айдан  анық, - деді ҚКХП Қызыл­орда  облыстық  филиалының  І хатшысы Т.Телеубаев  «Қазақстандағы  инфляция.  Биылғы жылдан не күтеміз?»  тақырыбында  өткен  партия  жиынында.

Бағаның өсуі мен шынайы табыстың төмендеуі халықты кедейлікке апарады. Нәтижесінде орта тап өкілдері азайып, кедейшілік шегінде қалған азаматтардың саны арта түседі. Дүниежүзілік банктің мәлімдемесі  бойынша халықаралық  кедейлік шегінің көрсеткіші  күніне 19,8 пайызға артқан­. Бұл дерекке­ сүйенсек, әрбір қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр.­ Ал биылғы жыл көрсеткішінің қандай  боларын  уақыт  көрсетеді.­

Халық-хабар

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары