Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ШЕКТЕН ШЫҚҚАН ШЕКАРАШЫЛАР
22.02.2018 11:33

Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қазақ-қырғыз шекарас­ына бірігіп жүргізген атышул­ы операциясын аяқтады. Дәлірек айтсақ, контрабандалық тауарларға тосқауыл қоюдың орнына­, керісінше, қомақты сомаға оларды заңсыз өткізіп беріп жүрген шекара қызметкерлерін тұтқындады. Әйтпесе сүліктей соратын жемқорлар, арандай аузын ашқан парақорлар дес берер емес.

Осылайша бас-аяғы тұтқындал­ған 35 күдіктінің ішінде шекараға жауапты лауазымды шенділер мен Қырғыз Жоғары Кеңесінің депутаты да бар. Қырғыз елі бұл хабарды ести сала мән-жайды анықтамастан, наразылық нотасын білдірген. Алайда кейінгі мәлімдемелерінде халық қалаулысына қатысты істе Бішкек еш араласпайтынын ха­барлады.

Елбасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керектігін қанша айтса да, шекараға жауаптылар президент пәрменін елемейтін сияқты. Өздері, тіпті, шекараны майшелпекке айналдырып алған. Бас прокуратураның жариялаған видеосына назар салсақ, ол жерден пора-пора ақшаны бірінің ұсынып, екіншісінің иемденгенін анық байқауға болады. Ауызбас­тырықтарының үлкен сома екені іске қылмыс әлемі серкелері­нің де қатысы барын дә­лелдеді. Арна­йы операция барыс­ында құзырлы орган қызметкерлері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыс­тары мен Алматы қаласында Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанмен шекарадағы 9 кеден бекеттерін мықтап матап алған 8 қылмыстық  топты  анықтаған.

– Жүргізілген іс-шаралар барысында барлығы 8 қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тос­қауыл қойылды. Аталған деректер бойынша экономикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталды,- деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана  Лоскутова.

Қылмысқа қарсы күресіп, контрабанданың алдын алу жолында жұмыс жүргізеді деген шекара­шыларымыздың өзі «сау сиырдың тезегі» болмай шықты. Мұндайда «сенген қойым сен  болсаң...»  деген­  мақал  еріксіз еске  түседі  екен.

Б.ТОҚСАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары