Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
АРЫЗ АРТЫНДА АДАМ БАР
22.02.2018 11:36

Бүгінде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокуратураға көмек сұрап келетіндер көп. Азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін орган әділеттілікке қол жеткізе алмай жүрген қаншама жанның мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал етеді, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, құқықтық көмек көрсетеді. Мысалы, бір ғана 2017 жылы Қызылорда облыстық прокуратура органдарына жеке және заңды тұлға өкілдерінен барлығы 8424 арыз-шағым түскен. Түскен барлық арыз-шағымның 7469-ы (3632-сі – қоғамдық мүдделерді қорғау, 3837-сі – қылмыстық қудалау) қаралып, қалғаны қарау реттілігіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жөнелтілген.

Өткен жылы қаламызда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылған еді. Ашылғанын білсек те, нақты қандай қызмет атқаратынынан көбінің әлі күнге хабары жоқ. Осы орайда айта кеткен жөн, орталық азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді. Мәселенің жедел шешілуіне қол ұшын созатын мұнда тегін адвокат пен медиаторлар отырады. Егер қандай да бір кедергіге тап болсаңыз, осында арыздана аласыз. Сондай-ақ, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары мен қала әкімінің қызметкерлерін де осы жерден табуға болады. Бір орталыққа құқықтық көмек көрсететін мамандардың шоғырлануы –  халықтың арлы-берлі әбігерге түспей, мәселелерінің бір жерден шешілуіне ықпал ету үшін жасалынған жағдай. «Бүгіннің өзінде бұл бастамалар өз тиімділіктерін көрсетіп отыр»,- дейді облыс прокурорының орынбасары Т.Әлібаев. Оның айтуынша, орталық ашылғаннан кейін атқарушы органға былтыр түскен арыздар 2016 жылмен салыстырғанда 19,8 пайызға азайған.

Айталық, Ж.О. есімді азаматша өзі қарызға берген 200 мың теңге ақшасын А.Н. есімді азаматшадан ала алмай келгеніне үш жыл болған. Орталыққа жүгіннен кейін оның мәселесі медиатордың араласуымен қаралып, бітімгершілік жолымен қарыз ақшасы қайтарылды. Дәл осындай 80 бітімгершілік шарт қаралған. Сондай-ақ қала тұрғыны, азаматша Г.М. күйеуінің ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсететіні жөнінде шағымданғаннан кейін қабылдау жүргізген прокурор тез арада жергілікті ішкі істер органына хабарлап, демеу көрсеткен. Нәтижесінде азаматша дәрігерлік тексеруден өткізіліп, дағдарыс орталығына орналастырылды. Осылайша ол ішкі істер органдары қызметкерлерімен қорғауға алынса, күйеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал екі бөлек тұрса да, күйеуімен әлі заңды түрде ажыраспаған азаматша К.М. бұрынғы жұбайының Алматы қаласында тұруына байланысты, неке бұзу туралы талап арыз жазуы үшін қайда жүгінерін білмеген. Орталыққа көмек сұрай келген оған білікті мамандар көмек көрсетеді. Нәтижесінде күйеуінің тұрғылықты жері бойынша Алматы облысы, Әуезов аудандық сотына неке бұзу туралы талап арыз жазылып, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімен электронды түрде кілт табысталып, соңғының талап арызы Алматы қалалық сотына жолданған. Сол сияқты мұнда жол-көлік оқиғасының салдарынан мүгедек болып қалған баласына кінәліден материалдық және моральдық шығын өндіріп беруді сұраған қала тұрғынының мәселесі де қаралып, оң шешімін тапты. Қабылданған адвокатпен Қызылорда қалалық сотына жауапкерден жол-көлік оқиғасының салдарынан келген шығынды өндіру туралы талап арыз жазылып, құқықтық кеңестер берілген. Қиналғанда көмек беріп, мәселенің оң шешімін табуына ықпал ететін осындай орталықтардың тиімділігін халықтың оң пікірінен-ақ байқауға болады. Бұл жобаның өткен жылдың аяғында Жаңақорған және Қазалы аудандарында арнайы бөлімшелерінің ашылуы да осыған дәлел.

Мұнымен қоса облыс прокуроры Х.Дәуешов те халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын. Былтырдың өзінде облыс прокурорының жеке қабылдауында 305 азамат болған. Олардың 145-іне нақты ауызша заң талаптары түсіндірілсе, 160-нан жазбаша арыз қабылданған. Егер сізге де құқықтық көмек қажет болса, әр аптаның сейсенбі күні прокуратура органдарына жүгіне аласыз. Ал мәселенің бір жерден шешілуін қаласаңыз, жоғарыда айтып өткен орталық қызметкерлері  жеке тұлғаларды қабылдайды. Бекітілген кестеге сай құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші орынбасарлары жүргізген орталықтағы жеке қабылдауларға осы күнге дейін 1000-нан аса адам жүгініпті.

Облыс прокурорының жеке бастамасымен  құрылған«Полиция» деген  жазулары  бар стационарлы-шыны бекеттер де учаскелік полиция  инспекторларының халыққа  қолжетімділігін  арттырып отыр. Прокуратура  органдарының осындай бастамаларының арқасында облыс бойынша қылмыстық  жағдай  өткен  жылдың екі  айымен  салыстырғанда 27,2  пайызға  азайып, қоғамдық орындарда жасалатын  қылмыс  пен бұзақылық 35,8  пайызға  төмендеген.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары