Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Білім «таныс» іздеумен емес, ізденумен қонады
27.02.2018 12:42

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін дерттің бірі. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық салдары тек әділетсіздікті ғана тудырмайды, халықтың тұрмыстық ахуалы мен құқықтарын да шектейді. Сондықтан әлем деңгейінде қарсылық танытылған сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұлт болашағы үшін жасалатын қадам. Тіпті, соңғы кездері «бармақ басты, көз қысты» амалдар оқу орындарынан да жиі байқала бастады. Осы мәселелердің алдын алу мен салдарын анықтау мақсатында өткен аптада М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде арнайы отырыс өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен арнайы мониторингтік топ қатысты. Дөңгелек үстелде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

Арнайы мониторингтік топ талдау жұмыстарын колледждердің 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарындағы кезеңдері бойынша жасады. Нәтижесінде кәсіптік-техникалық оқу орындарында 4 нормативтік-құқықтық қайшылықтар мен 2 сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған. Сонымен қатар, оқу орындарында артық құжат сұрату мен оқытушылардың құрамы жиі ауысатын жағдайлар да байқалған көрінеді. Әрі мониторингтік топ оқу орындарында жарты еңбек күнімен (0,5 ставка) жұмыс істейтін оқытушылардың шамадан тыс көп екенін, тең лауазымды мұғалімдерге әртүрлі сыйақы тағайындалатынын да атап өтті. Аталмыш мәселе білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысы мен жемқорлыққа әкеліп соғуы мүмкін екені айтылды.

Барлық құқықбұзушылық пен кемшіліктерді талдау әрбір оқу орынымен жеке жүргізілетін болады. Ал аталған кемшіліктер туралы ұсыныстарымызды арнайы мекемелерге жолдаймыз. Сонымен бірге болашақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында колледж директорлары мен оқытушыларына арнайы оқу семинарларын ұйымдастырып, біліктілігін арттыруға күш жұмсайтын боламыз,- деді мониторингтік топтың төрайымыА.Жарылқасынқызы.

Арнаулы оқу орындарында кездесетін мәселелер тек бұл ғана емес. Тағы бір түйткіл, кәсіптік колледждерде сынақтан аз балл алған оқушылар грантпен оқып жатыр. Демек, сынақтан аз ұпай жинаған талапкерлер пара беру арқылы грант алды дегенді меңзейді. Өз кезегінде мұндай әрекет білім сапасына да әсерін тигізеді дейді талдау тобы. Осы тұрғыда оқу орындардың білім деңгейі мен сынақ қорытындысы сарапталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған. Жиын барысында толықтырылған топ мүшелері жауапты басқарма өкілдеріне өз сауалдарын қойды. Сұрақтардың дені «кәсіптік-техникалық колледждерде мамандықтар толықтырылып жатқанын, алайда сол мамандықтар қандай қажеттілік деңгейінде ашылады?», «бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуын қадағалау жүргізіле ме?» деген мазмұнда өрбіді. Бұған сала мамандары барлық қажетті мамандықтарды жеке мекемелермен қатар кәсіпкерлер палатасының сұранысы бойынша қарастыратынын әрі бітіруші түлектің жұмыспен қамтылуының қамтамасыз етілуі бір жыл көлемінде бақылауда болатынын жеткізді.

Өткен жылдың өзінде арнайы мониторингтік топтың қатысуымен облыс бойынша 17 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмыстары жүргізілген екен. Олар анықтаған кемшіліктер жөнінде арнайы мекемелерге ұсыныстар жасап, кемшіліктерді көрсетіп отырған.

Елбасы жолдауындағы 9-басым бағыт сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді күшейту еді. Бұл атқарылған жұмыстарда басым бағыттың орындалуы – ел дамуына, заңның, әділдіктің орнауы үшін жасалатын басты қадамның бірі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимовтың сөзінше, ендігі күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстары энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында да жүргізілетін болады.

Ерсін  ШАМШАДИН,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың

4-курс студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары