Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
БҰЙЫРҒАНЫ – БІР ҚОЛА
01.03.2018 10:58

Сонымен, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 16 күнге созылған ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары да аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты бір қола жүлдемен қорытындыласа, жалпы есепте 28-орыннан көрінді. Келесі төртжылдықтың басты додасы 2022 жылы Бейжіңде (Қытай) өтпек. Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына 92 елден 2922 спортшы қатысты. 15 спорттық сайыс түрінен 102 медаль жиынтығын сарапқа салды. Осылайша, “Пеңчаң парақтары” да жабылып, тарих қойнауына енді. Осы орайда, олимпиаданың айшықты әрі қызықты оқиға­ларын  назарларыңызға  ұсынамыз.

Ақ Олимпиададан бұйырғаны бір ғана медаль болды. Оны қор­жын­ға фристайлшы Юлия Галышева салды.

* * *

“Қолымның сынғаны медаль алу үшін одан са­йын жігерлендірді” деді Юлия Галышева сұхбатында. Мұнан оның жарыс жолында тәуекелге бел байлағаны анық байқалады.

* * *

Мәнерлеп сырғанаудан жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысты.

* * *

Ресей Олимпиада атлеттері атынан сынға түскен Алина Загитова өзінің үздік өнерін көр­сетіп, алтыннан алқа тақты. Ол небәрі – 15 жаста.

* * *

Пхенчханда биатлоннан қазақ қызы Динара Әлімбекова Олимпиада чемпионы атанды. Өкі­нішке қарай, ол Беларусь елінің намысын қорғаған еді.

* * *

Хоккейден Норвегия құрамасының қақпашысы Ларс Хеуген Олим­пиада ойындарының шире­к финалындағы Ресей­ құ­рамасымен өт­кен ойын­да линзасын жоғалтып алып, қақпасын шайбадан қорғай алмай қалған  көрінеді.

* * *

Қысқы Олимпиадада XXI ғасырда дүниеге келген­ спортшылар да жүлдегерлер сапынан табылы­п жатты. Бұл – тари­хи  оқиға.

* * *

Хоккейден Ресей құрамасы қысқы Олимпиада ойындарының финалдық бәсекесінде Германияны 4:3 есебімен жеңді. Рұқсат етілмеге­ніне қарамастан ресей­ліктер өз елінің әнұранын шырқай жөнелді.

* * *

Чех елінің спорт­шысы Эстер Ледецкая Пхенч­ханда тау шаңғысының супергигант слалом түрі­нен және сноубордтың алып слало­мынан жеңімпаз атанды. 22 жастағы атлет екі түрлі спорт түрі­нен бір уақытта алтын алған алғашқы спортшы болып отыр.

* * *

Тонга Корольдігінің атынан сайысқа шыққан Пит жазғы және қысқы спорт түрлерінен Олимпиадаға жолдама алған тұңғыш  спортшы ретінде­ тарихта  қалады.

* * *

Венгрия құрамасының сапында шыққан Лиза мақсатына жету жолында ештеңеден тайынбады. Олимпиадаға фрис­тайлдан қатысу үшін жарыс­тарда үнемі үздік 30 спортшының ішінде болуы тиіс. Осыны біліп алған ол спортшылар саны отызға жетпейтін турнирлерге ғана қатысып жүрген. Бір қызығы, ол шаңғыны дұрыс тебе де  алмайды.

* * *

Жапониялық Юдзуру Ханю Халықаралық конькишілер одағы рейтин­гінде көш бастап тұр. Ол қысқа бағдарламада – 100, жекелей сында – 200 балл, екеуін қосқанда 300 балл алған тұңғыш мәнерлеп  сырғанаушы.

* * *

Қазақстан билігі қыс­қы Олимпиада ойыншылары мен бапкерлеріне биыл 185 мың доллар сыйақы  береді.

* * *

Қазақстан құрамасының басынан бес қысқы Олимпиада кезеңі де өтті, бір медальдан артық жүлде бұйырмаған. Бірде-бір медаль алмай, баз кешкен кездерді де бастан өткер­дік. 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде, одан кейін 2006 жылы Туринде жүл­десіз қайтқанымыз спортсүйер қауымның есінде шығар. Ванкувер Олим­пиадасында биатлоннан Елена Хрусталева күміс медальды қоржынға салса, 2014 жылы Сочиде Денис Тен қола медаль еншілеп, ел мерейін үстем етті. Ең жемісті, жеңіске толы жал­ғыз Олимпиада – Лиллиехаммер-1994 болды. Шаңғышы Владимир Смирновтың бір өзі 2 кү­міс, 1 алтын алып, жеңіс тұғырына үш рет шыққан еді. Ал, биыл бұйырғаны – бір қола. Әрине, 90-нан аса  елдің  арасында  жал­ғыз медаліміз сүйрелеп    30-дыққа кіргізді. 60-тан аса мемлекеттің медальсіз қайтқанын еске алсақ және Ақ Олимпиаданың жолдамасына зар болған елдердің бар екенін ескерсек, 28-орынды тәуір нәтиже деп білеміз. Есесіне бұл медаль алған қысқы Олимпиадалардағы ең төменгі нәтиже болып  отыр.

Пхенчхан-2018 қысқы Олимпиадасының қорытынды кестесі:

Р/с

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1

Норвегия

14

14

11

39

2

Германия

14

10

7

31

3

Канада

11

8

10

29

4

АҚШ

9

8

6

23

5

Голландия

8

6

6

20

6

Швеция

7

6

1

14

7

Оңтүстік Корея

5

8

4

17

8

Швейцария

5

6

4

15

9

Франция

5

4

6

15

10

Австрия

5

3

6

14

11

Жапония

4

5

4

13

12

Италия

3

2

5

10

13

Ресей

2

6

9

17

14

Чехия

2

2

3

7

15

Беларусия

2

1

0

3

16

Қытай

1

6

2

9

17

Словакия

1

2

0

3

18

Финляндия

1

1

4

6

19

Англия

1

0

4

5

20

Польша

1

0

1

2

21

Венгрия

1

0

0

1

22

Украина

1

0

0

1

23

Австралия

0

2

1

3

24

Словения

0

1

1

2

25

Бельгия

0

1

0

1

26

Испания

0

0

2

2

26

Жаңа Зеландия

0

0

2

2

28

ҚАЗАҚСТАН

0

0

1

1

28

Латвия

0

0

1

1

28

Лихтенштейн

0

0

1

1

Медальдар жиынтығы

103

102

102

307

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары