Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Ауылда да кәсіп бар
02.03.2018 16:09

Әңгіменің әлқиссасы былай. Біз аудандар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытып, жүйелі түрде жұмыс істесек, ілгерілейтініміз анық. Мәселен, жұмыссыздық жойылады, салықтық база нығаяды және қоғамдық-саяси тұрақтылық орнайды. Міне, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту – кейбір түйткілдерге қарсы тұрар негізгі күш.

Өткен сәрсенбіде Жаңақорған ауданында осы кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылып жатқан шаруалар барысын бақылап қайттық. Әуелі өңірге қарасты Төменарық ауылына тоқтадық. Онда Жолдасбек есімді жігіт ағасымен жолықтық. Кәсіпкер екен. Әу баста ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 2 млн теңге несие рәсімдеген. Сөйтіп, ауылдан наубайхана ашыпты. Аталмыш қаржыға қажетті құрал-жабдықтар мен көлік сатып алған. Жолдасбек Нұрманұлының айтуынша, ауылда бұрын-соңды наубайхана болмаған. Оның үстіне наубайхана іргелес жатқан Қожамберді мен Сүттіқұдық елді мекендерінде де жоқ. Қысқасы, 10 мыңға тарта тұрғынға қызмет етпек. Жеткізіп беру көлігі және бар. Іске кіріскеніне көп бола қоймаса да, жұмыс қауырт. Өйткені сұраныс өте жоғары. Бөлке наныңыз – 60 теңгеден, тандыр наныңыз 50 теңгеден сатылуда. Қазір 2 адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отыр. Ал ауылда 60-қа тарата жеке кәсіпкер мен 26 шаруа қожалығы тіркелген. Айтпақшы, бұрынырақта бұл елді мекенде ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған көрінеді. Жерден несібесін тапқан тұрғындар биыл ауылдағы жағымды жаңалықты естіп, кетпен-күрегін сайлап отыр. Биыл Төменарықта агроаймақ құрылды. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асқан жобаға қатысуға ынталылар өте көп. Төменарықтағы толағай тірліктің мұнымен тоқтамайтыны белгілі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықтың көпшілігі «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ел экономикасы тұралап, кәсіпкерлер белшеден шығынға батты. Сол жылдары үлкен тәуекелге бел буып, бизнеске бет бұрған Сабытхан ақсақал кездескен қиыншылықтарды баяндады. «1992 жылы кенттен дүкен аштық. Көптеген қиыншылықтар болды. Халықта ақша жоқ. Алты айлап жалақы алмайтын. Барлығына да төзімділік таныттық. Ақырындап әл жинадық»,- дейді ол. Бүгінде ақсақалдың бастаған кәсібін ұлы мен келіні жалғастыруда. Кент орталығынан «Мөлдір» азық-түлік дүкені, «Шахида нан» наубайханасы тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып отыр. Алғашында дүкен ашудан басталған кәсіп кейіннен кеңейе түскен. Бүгінде кондитерлік өнімдер, тәтті торт, ыстық нан, тігін шеберханасы, есік-терезе жасайтын шеберхана барлығы да тұрақты түрде жұмыс істеуде. Отызға тарта адамды жұмыспен қамтамасыз еткен. Өз қаржысы есебінен жүзеге асқан жобалар кәсіпкерге өз жемісін беруде.

Жаңақорған ауданында соңғы жылдары кәсіпкерлік саласы дамудың жаңа деңгейіне көтерілген. Әсіресе, егін мен мал шаруашылығының кең етек жаюы тұрғындарға серпіліс сыйлаған сыңайлы. Ата кәсіптен бөлек, сервистік қызмет көрсету саласы да қарқын алған. Жақында кент орталығынан «Атамекен» ойын-сауық орталығы ашылды. Онда асханалар желісі, балалар ойнайтын алаң және кинотеатр орналасқан. Осы кәсіпті бастаған Мұрат Пернебаев ойын-сауық орталығын іске қосуға 20 млн несие алған. Бүгінде орталыққа келушілер саны көбейген. Қызмет көрсету сапасы тұрғындардың көңілінен шығып тұр. Ал орталықта онға тарта адам жұмыс істейді.

Ел үкіметі асыраушы саланы әлдендіру үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің санын арттыру жөнінде облыс басшыларына тапсырма берген-ді. Бұл бағытта да бірқатар шаруалар атқарылған. Айталық, Жаңақорған ауданында 2016 жылы «Миялы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылған-ды. Алғашында кооператив құрамына егістікпен айналысатын 12 шаруа қожалығы енді. Кейіннен оның құрамына қосылғандар саны 65-ке жетті. 2016 жылдың қыркүйегінде «50 ауыл» бағдарламасы бойынша жұмысқа кіріскен. Осы бағдарлама аясында кооператив құрамына енген 41 отбасы мал бордақылау алаңын құрып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 132 млн теңге несие рәсімдеген. Сөйтіп, 690 бұқашық пен 120 жылқыны бордақылауға дайындаған.

Бізде мал сою цехы мен ет комбинаты жоқ. Сосын кооперация мүшелеріне жеке-дара нарыққа өткізуге ұсыныс бердік. Олар әлгі мүйізді ірі қаралар мен жылқыларды тірілей, кейбірін сойып сатты,- деді «Миялы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Абдулла Абсаттаров.

Жақында мал сою цехы салынған. Қажетті инфрақұрылымды (жол, су, жарық желілері) аудан әкімдігі жеткізіп беріпті. Цехтың құрылысын алматылық «ҚазТехПромСервис» ЖШС жүргізген. Алайда аталмыш серіктестік құрылыс барысында біршама кемшіліктерге жол берген. Ал шаруалар болса, мемлекеттен төленетін тиісті субсидиядан қағылып отыр. Кооператив төрағасының айтуынша, серіктестік қалыпқа келтіреміз деп уәде еткен. Дегенмен цехтың қашан іске қосылатынын дөп басып айту қиын дейді ол.

Кооператив құрамына еніп, несие алғандардың бірі – Рысбек Айдархан. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 3,5 млн теңге рәсімдеген. Оған мүйізді ірі қара алып, 24-ін бордақылап сатқан. Биыл да осы межені бағындырғысы келеді.

Ал аудан әкімі Ғалым Әміреев сәрсенбіде ашық есік күнін өткізді. Бизнес бастауға ниетті азаматтармен жүздесіп, әкімдік тарапынан қолдау болатындығын айтты.

Халық-хабар

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары