Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ
07.03.2018 17:42

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 44 мыңнан астам көпбалалы аналардың 27 мыңнан астамы - Батыр аналар. Олардың ішінде 14 мыңнан астамы - «Алтын алқа», 13 мыңдайы - «Күміс алқа» иегерлері.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев аймақтың әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесіп, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Аймақ басшысы өңірдің бірқатар маңызды салаларында әйелдер қауымының арқасында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Тарихтың қай парағын ақтарсаң да, қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана Апа-Аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Сыр өңірінде де талай ардақты аналардың өнегелі өмірі, сырлы шежіресі аңызға айналып, ел аузында жүр. Сәлима  Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Закира Ержанова, Қазына Жүсіпова сынды ел аналарының ерен еңбегі мен жарқын істері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бүгінгі кездесуімізге көпбалалы аналар, ауыл шаруашылық, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, яғни күнделікті қажырлы еңбектерімен өмірімізді жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтып келе жатқан жандар қатысуда. Облысымыздың, еліміздің барлық жетістіктерінде сіздердің зор үлестеріңіз бар», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы Қызылорда облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Алма Ақдәулетованы биылғы 85 мерейтойымен құттықтады.

«Естуімізше, жақсы адамға үш қасиет ерекше тән дейді:  бірі – жылы жүзі, екіншісі – дана сөзі, үшіншісі – сырбаз мінезі. Бар бақытын еліне арнаған еңбектен тапқан Алма Танабайқызы өз бойындағы осы үш қасиетінің арқасында Сыр елінде айрықша құрметке бөленді», - деді облыс әкімі

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Алма Ақдәулетова Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар аймақ басшысына көрсетіп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары