Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ «АРҚАНЫ ИГЕРУІ»
09.03.2018 11:30

Қасым* - Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі, 1511-1523 жылдары хандық құрған. Қазақ ханы әз-Жәнібектің ұлы. Сарайшық қаласында жерленген. М.Хакимов қазақ ханы Қасымның билік құрған кезін: «Продолжал политику объединения казахских племен, часть которых входила в составы Ногайского, Узбекского ханств и разрозненного Могулистана. Хану Касыму  в войне 1509 г. удалось, наконец, нанести порожение Мухаммаду Шайбани (он погиб в 1510 г. в войне с ираном за Хорасан) и занять все города и территорию Присырдарью. Он завоевал также почти все Семиречье. ...На западе, из составе Ногайс­кого ханства, перешла к Касыму часть племен алшынов, обитавших на землях рек Эмба и Жаик», - деп Қасым ханның қол астына қараған ұлыстарды көрсетеді (Хакимов М. Айқын тарих. Атырау, 1997, 88-бет).

 

С.Г.Кляшторный мен Т.И.Султанов «Казахское ханство постепенно втягивалось в международные отношения того времени. Одним из первых государств, вступивших в дипломатические связи с Казахским ханством, было Московские госу­дарство в правление Вели­кого князя Василия III (1505-1533). История Казахского ханства периода правления Касим-хана примечательна еще и тем, что именно в те годы казахи как самостоятельная этническая общность стали известны и Западной Европе: о казахах остав­ил свои записи австрийский дипломат Сигизмунд Герберштейн, посетивший  несколько раз Москву (в 1517 и 1526 гг.)», - деп жазуы­нан (Казахстан летопись трех тысячелетии. Алма-Ата, 1992, стр.275) Қасым хан өз әулетінен Мәскеуге білім алуға жіберген не болмаса балаларын «аманатқа» беруі де мүмкін, тарихта жазылмағанмен, осындай ой түюге болатын сыңайлы. Бұдан байқайтынымыз, Н.Н.Балкашин Қа­сым ханның тікелей ұрпағы болады. Бұны да келешекте ғалымдарымыз зерттесе, қазақ хандарының ұрпақ­тарының кейінгі тағдырын оқырман  білер  еді.

Әнес Сарай: «Алайда Арқаға арғындармен бірге ұлы жүз, кіші жүз рулары да келгені назардан тыс қалмапты. Балакшин далалық ізденіс жұмыстарын жүргіз­ген кезде Арқаны игеруге қатысқан ұлы жүз, кіші жүз қауымдары арғынға сіңіскені сіңісіп, сіңіспегендері кері қайтып үлгірген-ді. Арқаны мақсатты түрде игеру кезінде­ үш жүзге сауын айтылып, араларынан Арқаға көшетін рулар іріктеліп шығарылған. Ұлы жүзден Арқаны игеруге қатысқандар: шапырашты, ошақты, байсуан, қоңыр­бөрік, қызылбөрік; кіші жүзден қатысқандар: беріш­тің Бегіс  атасы  және тама. Өз зерттеулерін 1760-1770 жылдары жүргізген капитан И.Г.Ан­дреев ұлы жүз бен кіші жүз руларының арғын тайпалық бірлестік құра­мында жеке-жеке болыс бо­лы­п отырғанын  атап  көр­сет­кен»,- деп Арқаны игергенде­гі руларды жазады (Бес Мейрам. Астана, 2016. 130-б).

XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ресей жаулап алған жерлерінде адам және мал санағын жүргізген. Осы мемлекеттік маңызы бар жұмыс­қа қазақ жеріне жер аударылып келген басқа да ұлттың сауатты адамдарын да пайдаланған.

Жиырма төрт жыл айдауда болған поляк зиялыларының бірі Адольф Янушкевич қазақ жерінде адам мен мал санағын жүргізген кезде, Аягөз жақтағы наймандардың арасына барғанда: «Бұл жаққа  қазақтар  шамамен 170 жыл бұрын келіпті. Одан бұрын бұл жерлерді қалмақтар жайлапты. Оларды бір хан басқарған екен. Ол елді басқаруда берекесіздікке басып­, көптеген адамдарды ұрып-соғып, әйелдері мен қыздарын тартып алып, жұртты әбден азар қылыпты. ...Сөйтіп, бүкіл ел іші бүлі­ніп, әркім әр жаққа қоныс аударады. Осылай әлсіз­деніп бытыраған қалмақтарды қазақтар жеңіп, жерлерін тартып алыпты», - деп жа­зады (29 шілде. 163-б).

«Қазақтардың бұл жаққа келуі туралы Барақтың тарихи мәліметтері Жамантайдың айтқан деректерімен аз да болса үйлесетіндей. Оның айтуынша, бұдан 200 жыл бұрын қазақтар Ташкент маңын­да,  Әзірет  төңі­регінде (авт. - Түркістан) көшіп-қонып жүрген екен. ...Осы жерлерге жетіп, сол қоныс­танғанынан бастап, қалмақтармен соғысып, ақыры оларды бұл жақтан ығыстырады...», - деп жазған (Қазақ даласына сапар ту­ралы  жазбалар. Астана, 2003. 2 тамыз. 167-б).

Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы соңғы рет Әйтеке­ бимен кездескенде, оның кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның жағалбайлы руына жасаған зорлығын айтады. «Ол бұдан әрі Әбілқайырдың кішi жүз жағалбайлының ішін аран-аран қылғанын, содан бір ауыл жағалбайлының ағайынымен өкпелеп Ертіс өңіріне, Баян тау жағына көшіп кеткенін айтты», - деп жазады (Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. Алматы, 2008, 854-б).

В.В.Востров пен М.С.Мұ­хановтың жоғарыда жазған кіші жүз жағалбайлы руының Баянауыл өлкесіне қоныс­тануымен Қазыбек Тауасар­ұлының жазғаны бір-бірін қайталап  тұрған  жоқ  па?

Хош, енді «Есім салған ескі жолды» қай мағынада түсінеміз? Ол үшін Қазақ хандығының көшпелі мал шаруашылығының көш жолдарына, ғалымдардың зерттеулеріне  сүйенеміз.

Әлкей Марғұлан «Орта ғасырлық Қазақстанда қо­ныстар мен қалалардың пайда болу шарттары» атты зерт­теуінде отырықшы егіншілік шаруашылық пен мал шаруа­шылығы арасындағы қарым-қатынас мәселелерін зерттегенде, ол көшпелі мал шаруа­шылығы жайында: «Көш­пе­лі шаруашылық нақты бір әлеуметтік және табиғи-климаттық шарттарда пайда бола­ды. Қазақстанның дала кеңістігі көшу феномені жаңа эраға дейін пайда болып, екі мың жылдан аса жыл өмір сүрген жайлы орын болды. Көшуді ретсіз қозғалыс, хаос ретінде түсінуге болмайды. Бұл нақты аумақ шекарасында (тайпалық, рулық, қауымдық) жайылымдық алқап­тарын ұтымды пайда­лануға негізделген жүйе. ...Ежелгі малшылардың шаруа­шылық өмірінде жылдың әр маусымында табиғи және ауа райына байланысты жер алқаптарын ұтымды пайдалану қағидаттарына негізделген жайылымдықтарды маусымдық пайдалану құбылысы байқалады. Нәтижесінде оңтүстік және сол­түстік облыстардың арасында Сырдария жағасынан және Қаратау тау алдынан солтүстікке Сарысу және Есіл өзендерінің жайылымдарына меридиан бағытында көшпелі жол өткен. ...Көктем басталысымен феодал-малшылар Сырдария, Талас, Шу өзендерінің жағасынан, Қаратау тау алдынан өзде­рінің киіз үйлерімен және малдарымен солтүстікке, Орталық Қазақстанның жайы­лымдарына, Сарысу, Есіл, Нұра, Тобыл өзендері­нің аңғарларына көшкен. Сарыарқаның ауа райы мен табиғаты малды сақтап, оның өсіп-көбеюіне ықпал етті. Күз басталысымен малшылар оңтүстікке, қысты өткіз­ген өз қыстауларына қайтып оралған.... », - деп біздің эрамызға дейін оңтүстік пен сол­түстік аралығында малшылардың көшпелі жолы өткен деп тұжырымдайды (Шығармалары. IX том. Алматы, 2010. 197, 198, 199-бб).

Ә.Марғұланның ойымен сабақтас ойды С.Толымбеков былай деп жазады: «Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелілер сол малдың амандығы үшін талай қиындыққа бел буған. Жыл құсы сияқты бойлық (авт. - меридиан) бағытымен тербеле көшіп. ...Жүздеген, кейде мыңдаған шақырымға созыл­ған көш жолдары нелер ғажайып сыр-мұңның куә­сіндей болып күні бүгінге дейін сайрап жатыр» (Кочевое общество Казахов в XVII – начале­ XX века. Алматы, 1977. 495-594-бб).

Енді анықтайтынымыз, оңтүстіктен солтүстік бағыт­қа, яғни меридиан бағытымен бірнеше малшылардың көшпелі жолдары және Ұлы Жібек жолдары да осы малшылардың көшпелі жолы арқыл­ы өткенін ғалымдар тарих­и-топографиялық зерттеулермен анықтаған.

(Авт. - бірінші  жол): «Талас аңғарын (Тараз қаласы) Ертістегі қимақ қоныстарымен қосып тұрған ең жоғарғы жол Бетпақдаланың солтүс­тік-шығыс шекарасы арқылы (Хан жолы) ары қарай Мойын­ты – Ақсу – Қарқаралыға өтіп, Ертістің жағасына дейін жеткен.

(Авт. - екінші  жол): Басқа­  жол Таст – Уванас – Орда – Шағыл – Жаңаарқа (Сарысу өзенінің жоғарғы бойы) маршруты бойынша Түркістанға, Созақ және Құмкентке, Қа­рақұм қалаларынан – Нұра өзенінің төменгі бойынан Есіл өзені бойынша қимақтардың шеткі қоныс­тары орнала­сқан Ертістің төменгі бойына дейін жеткен.

(Авт. - үшінші жол): Ежелгі Отырар мен Сығанақтан өткен, оның тармақтары Жеті-Қоңырда екіге айы­рылған: біреуі Қаражар – Ұлытау – Торғай, екіншісі – Жиделі – Қоңыр – Аралтөбе – Түгескен – Қайып-Ата – Қарағаш – Қорғалжын ба­ғыты бойынша өткен, одан Есіл бойымен жүріп, Ертіс­тің жағас­ына дейін жеткен. Ыстық жазғы айларда кер­уендер Телікөл – Белен-Ана (Төбежар) – Жаңа-Қорған – Қаражар (Болған-Ана) – Арал-Төбе – Түгескен – Қа­йып-Ата – Жұбан-Ана – Қа­рағаш – Қорғалжын (Саға) бағытымен Сарысу өзенінің бойымен жүрген. Осы бағытта ежелгі қала орындары, суару­ каналдарының және сәулет ғимараттарының ізде­рі орналасқан, олардың кей­бірі осы күнге дейін сақталған.­

Тағы  бір  керуен  жолдары­ның бірі Сығанақтан және Сарысу өзенінің төменгі бойынан (Телі-көл) Оңтүстік Оралға жеткен, бұл бұлғарлардың  жері  болған...

Батыс Қазақстанда тұратын адай тайпалары да меридиан бағытында оңтүстіктен солтүстікке, Ойыл арқылы Маңғыстаудан Хобда өзеніне дейін, сондай-ақ Үстірт бо­йынша  көшкен.

Әлкей Марғұлан: «Меридиандық  көшпелі  жол  жа­зық даланы кесіп өтетін екі өзен – Сарысу мен Шу өзендерінің жайлымдарын ме­кен­деген тайпалардың шаруа­шылық өмірінде өзін­дік ізін қалдырды. ...Көш­пенділердің шаруашылық іс-әрекетімен байланысты меридиан бағытындағы көшпе­лі жолдардың болғаны ескі жазбаларда жазылған»,- деп Сарыарқа, Қазақстан аумағындағы көшпелі жолдарды ғана көрсеткен. Бұның сыртында Обь өзеніне дейін, Алтай, Тарбағатай тауларына дейінгі көш жолдары көр­сетілмеген», - деп жазады (Шығармалары. IX том. Алматы, 2010, 199- 201-бб).

Қазақ хандығы кезінде қазақ жүздері өзінің тарихи қалыптасқан көшіп-қону салтын сақтады, әр жүздің өріс-қонысының белгілі көлемі болды.

Кіші жүз қазақтары қазіргі батыс Қазақстан жерін қо­ныстанды. Олардың қыстаулары Сырдарияның төменгі жағында, Оралдың (Жайық) аяғында, Ырғыз өзені мен Торғай өзендерінің қосылған жерінде, ал жазғы жайлау­лары Оралдың (Жайық) тармақ­тарында, Тобылдың бас жағында, Ырғыздың бойында, Мұғаджар тауларында болды.

Ақселеу Сейдімбеков көш жолы туралы: «Тарихтың тұяғымен жазылған шежіре сияқ­ты бұл жолдарға халық неше түрлі ат қойып, ажырата атайды. Мәселен, «Сауыр жол», «Хан жолы», «Абылай жолы», «Сарысу жолы» деп келсе, енді біразы ру аттарымен «Тарақтылар жолы», «Қаракесектер жолы», «Тамалар жолы» деп аталады. ...Жергілікті халық «Хан жолы» деп күні бүгінге дейін сайрап жатқан Көкшетау, Ақмола өңірінен шығып Ташкентке дейін созылған дала жолын айтады. Ал «Сарыс­у жолының» басы Қазақстанның оңтүстігіндегі Отырар, Сауран, Жаркент, Сығанақ сияқты қалаларынан шығып отырған. ...Ұлытаудан басталып, Ақтау, Қызылтау, Ор, Аба таулары арқылы Бетпақдаланы  басып өтетін, одан әрі Шу бойына, Алатау бөктеріне құлайтын жолды «Абылай жолы» деп атайды. ...Белгілі ғалым Әлкей Марғұлан басқарған археологиялық экспедиция соңғы он бес-жиырма жыл аясында әлгі жолдардың өн бойынан ондаған қала орындарын, су жүйелерін, атыз-сілемдерін тауып отыр. ...Боғажелі, Тасты, Ожырайтөбе, Кент-Арал, Қызыл-Қоран, Орда-Шағал, Талды, Қызылкент, Төрткүл, Басқамыр, Аяққамыр, міне, бір ғана Орта­лық Қазақстан өңірінен ашылған тарихи қалалар мен елді мекендердің толық емес тізімі осындай. ... Ал көктем шыға құлазып жатқан Бетпақтың даласын белінен басып­, қар суын қуалай шұбаған­ қалың көш қайтадан Арқаны жайлауға асыққан.

«Бетпақты басып Шуды қыстап қайтып, Сарысу өзенін жайлайтын елдерден Ақмолаға қарайтын жеті болыс­ ел. Олар – бес болыс тама, алшын, жағалбайлы. Және екі болыс арғын, ар­ғынның тарақты деген елі (Сейфуллин С. Тар  жол, тай­ғақ  кешу.  Алматы,  1960.  440-б). Міне, осы рулардың көш жолы бір болған. Ол жол «Тарақтылар жолы» деп атал­ған. ...Күзгі түннің төрт-бес сағатында ғана дамылдап, бел шешпей шұбаған қалың көш араға он алты-он жеті қонғанда ғана Шудың бойына құлайды екен. ...Шу сияқты арналы өзеннің алқабына тақағанда қалың елдің бір тармағы – Тамалар күннің батысындағы Қамқалы, Қандыарал деп аталған жерлерге ойысады. Тарақты елі «Қа­зықты қара қылға» жетіп тіз­гін тартады. Ал көш жолының шығысындағы Ақбас, Қоқи деп аталатын жерлерді Қаракесек, Шұбыртпалы елдер­інің қалың көші келіп басады­», - деп ата-бабаларымыздың 2-3 мың жылдық тіршілік-тынысын пайда­ланған көш жолын осылай суреттеп, көз алдыңа елес­тетеді (Күңгір-күңгір күмбездер. Алматы­, 1981, 76-90 бб).

Әлібек   САБЫРБАЕВ

(Басы өткен санда. Жалғасы бар.)

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары