Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
“СЕНДЕГІ ДАЛАДАЙ МЕЙІРЛІ КӨҢІЛДЕН, ДҮНИЕ ТАР ЕКЕН...”
09.03.2018 11:47

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі болған соң, қыз-келіншектерге, аналарымызға арналған жыр топтамаларына газеттен орын бергенді жөн санадық. Ойлана келе, Сыр топырағында туған ер-азамат ақындардың ғана өлеңдерін жариялап отырмыз. Ендеше, барша аналар мен қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтай отырып, жыр шашуымызды қабыл алыңыздар демекпіз.

 

СЫР  СҰЛУЫ

 

Сырда туған сұңғыла қайраткер қыз,

...Мәжілісте салады сайлап төрге із.

Том-том тарих сыпырсаң томағасын,

Томиристы туғызған айбатты елміз.

 

Бір қарасаң баурайды батыл жанар,

Сыр сұлуы, тарихта атың қалар.

Алдырмаған жоңғарға Қаратауда,

Асқар шың бар, аты оның «Қатын қамал».

 

Салады еске Сыр осы сырлы ананы,

Күнге жақын қонған жұрт нұрлы алабы.

Бабаларым Гүлбаршын құрметіне,

«Баршынкент» деп атаған бір қаланы.

 

Баршасының қоғамда бағасы бар,

Сол бақытты баланың анасы дәл.

Қырмызыдай құлпырған Қыз Жібек пен

Бегім ана сіңлісі тап осылар.

 

Ұлы еңбекте аты озған Ұлбаладай,

...Бояныпты ақ күміс нұрға самай.

Күреңіткен жүзіне кеп қонады,

Таң көзінен тамшылап тұнған арай.

 

Тап-тұйнақтай талай іс тап кіріссе,

Қолтаңбасы қаншама қапты ұлы істе.

Жүзі жайнап зауқайым жымиғанда,

Кетеді ұқсап тістері ақ күрішке.

 

Әсем әнсің қазақтың баласына,

Әдемісің, ұқсап Сыр қаласына.

Елбасымыз айтқандай екі бастан,

Ана болған Сыр елі Алашыма.

 

Жалт қаратқан жарты әлем... құрлығыңды,

Жанарында жасампаз Сыр бүгінгі.

Жанұяда ұрпаққа үлгі етеді,

Тірлігім мен тұп-тұтас Бірлігімді.

 

Аты шулы күрішші... жыршы бірі,

Тұғырында құрметтің тұрсың ұлы.

Ажарына Ай мен күн қонақтаған,

Атың мәңгі жасасын, Сыр сұлуы!

 

Толыбай   АБЫЛАЕВ

 


 

ӘСЕР

(Елмұра Жаңабергеноваға)

Қас жыраудың біледі халқы нарқын,

Қос ішекпен көнеден тартылар тін.

Асфаһани асыл сөз санадағы,

Құйылғандай құлаққа балқып алтын.

 

Жырау көрдім шабыттан жанатындай,

«Әу!» дегенде қоймайды таң атырмай.

Әне-міне, кетердей көтеріліп,

Құлынмүше періште қанатындай.

 

Ұлы көш тастап кеткен мұрамыздай,

Ұйқысынан оянған ұлы абыздай.

Ақылдың аңыратып адырнасын,

Жүректен жебе тартқан мына қызды-ай!

 

Ділімде от ойнатып дана нақыл,

Қу нәпсіге құн кестім қарабақыр.

Елтіп алған үніне Елмұраның,

Сол шақтағы күйіме қара да тұр.

 

Тар жалғанның тірескен күшін бағып,

Қолыма жібек баулы құсымды алып.

Кәнизегі күмістен кездігіммен,

Пенделіктің тастадым ішін жарып.

 

Жауһар жыр, жұмағыңды несіп қылдың,

Кеудемде ашылмаған есікті ұрдың.

Осындай ғажайыптан айыратын,

Тірмізік тірлігімнен шошып тұрдым.

 

Байланған болмысыңмен үнге мынау,

Төмендеп түстің неге, дүр көңіл-ау.

...Арқалап алқымдағы алтыныңды,

Мені тастап барасың, кімге жырау?!

Дүйсенбек   АЯШҰЛЫ

 


 

АНАМА

 

Үлкенді – үлкен, кішіні – кіші деп өстім,

Анашым, ол да бір сенің ақылың еді.

Таппадым мынау жанымды түсінер ешкім,

Аялар жан да жоқ сендей ақыры мені.

 

Бауыр көп деуші ем, шынында аз екен ол да,

Жаралы жанға жүрмін-ау тілеп ап шын дерт.

Айтпаса керек бекерге қазекең онда,

Атадан алтау тусаң да, біреу-ақсың деп.

 

Мұңымды шеше-ау, дәл сенше ұғынды рас кім,

Жұқтырдың дәйім дақ емес, арыңа жақұт.

Әкеден қалған жырыммен сырымды аштым,

Рухани жалғыз екенім жаныма батып.

 

Бізді де бақыт ауылына жетелер ме екен,

Тірлікте сірә, таппаспыз мұңайып тыным.

Мәңгілік сыйлап төбеме көтерем де өтем,

Құрметтің барлық түріне лайық Пірім...

Ұлықбек  БЕКҰЗАҚҰЛЫ

 


 

АНАШЫМ

Ақылмен ұққаным ересек өмірден,

Сендегі даладай мейірлі көңілден

Дүние тар екен.

Сөзімен жаныңды жауратар жазда да

Мыңдаған пенделер, аздаған

Адамдар бар екен...

 

Әркім бір айтатын әз бақыт жайында.

Әр күн бір беріліп басқаша уайымға,

Деген ем: «жетем ғой».

Қорғансыз болса да, күлетін қорықпай,

Күнәсіз сәбилер, еңбегі борықтай,

Бақытты екен ғой.

 

Теңізден кем көрмей тамшыдай қайғыңды,

Жаныңа медеткер болайын айбынды,

Дүние алмасар.

Мейірімге толтырып жанымды түнерген,

Қуан сен!

Мен өмір сүрер ме ем

Үмітің болмасам?!.

 

Биболат  САТЖАНОВ

 


 

АНАЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР, ҚАСИЕТІМ!

Әз әлем әсем әнге тербетіле,

Көктем келді, нұр құйып жер бетіне!

Жыр жаздым, «Сұлулық ол – Құдірет» - деп,

Тамсанып арулардың келбетіне.

 

Ұрпаққа өнеге еткен өсиетін,

Аналар – асыл жандар, қасиетім!

Ақ жаулық жарасып тұр бәріңізге,

Сіздерге перзентпін мен бас иетін.

 

Өсірген қылықты қыз, зейінді ұлды,

Аналар – қамқор жан ғой мейірімді.

Сіздерге қарыздармыз мәңгілікке,

Тәңірден таудай бақыт бұйырылды.

 

Ол бақыт – құтқа толы тәтті өмірім,

Содан ғой, адалдықты бақ көруім.

Әр Ана шын қуанса, күлім қағып,

Менің де уайымым жоқ, шат көңілім.

 

Өмірдің шаттық етіп таңын көркем,

Үкілеп әз үмітке жалын берген.

Бедел биігінде барлық Ана,

Ұрпаққа тәрбие мен тәлім берген.

 

Жетер ме шабыт бәрін жыр етуге,

Өлеңім құрметті ізгі үдетуде.

Білімді ару жандар бүгін міне,

Тәуелсіз Қазақ Елін түлетуде.

 

Адамның Алла берген ғұмырында,

Бақыт жоқ бұдан асқан ұғымымда.

Елімнің дамуына үлес қосқан,

Әйелдер абыройдың тұғырында.

 

Ешқашан құламаған бұрқасында,

Аналар беделінің парқы осында.

Кенеліп жүріңіздер қуанышқа,

Немере-шөберелер ортасында.

 

Күлімдеп, қиындықтың ұмыт бәрін,

Көрмейік көздің мөлдір тұнықтарын.

Ақ тілек, ақ жүрекпен, ақ ниетпен

Өлеңмен сезімімді ұлықтадым!

 

Ақтөре  ИБРАГИМҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары