Өзекті мәселелер

  • 14.06.18

    Заман  талаптарына  сәйкес  жол­дауда  көрсетілген  барлық  міндеттер­, әлеуметтік  және экономика сала­лары біздің қоғам алдында бірінші кезект­е  тұрады.

    Президенттің Қазақстан халқына бағыттаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген 10 негізгі басымдықтың іске асуы экономиканың барлық салалары­ның  жоғары өсу қарқынын қамтама...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Әдетте, қырандар  көкте – патша, жерде – мейман. Қалықтау үшін биіктік керек. Құлдилау екпінінен күш алады. Жазыққа емес, құзар шыңға қонақтайды. Халықшыл тұлғалар табиғаты да сондай­. Олар Алашын аспан­ға, асқар тауға балайды. Сұңқарға самғау жарасқан дейтініміз  де  сондықтан.

    Сол өршіл рух Аралдың айбозым азаматы Тоғыс Жұмашевтың ақ дидарын аңсатқанда, құс көңіл сағыныш қанатымен жүз...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Елімізде тек дәрінің ғана көмегімен өмір сүріп жүрген азаматтар аз емес. Мемлекет тарапынан оларға қандай жәрдем беріліп жатыр? Көрер жары­ғы әуелі Аллаға, кейін сол дәрілік препаратқа байланысты болып­ отырған науқасқа қарасатын кім?

    ...
    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Қызылорда  қалалық

    №6  емхананың  инфекционист дәрігері  Жамила  УМЫШЕВА:

    - Қазір жұртшылық арасында менингит туралы ақпарат кеңінен тараған. Аурудың алдын алудың медициналық бетперде тағудан басқа тағы қандай жолдары  бар?

    - Сақтану үшін екпе ектіру қажет. Оның құны д...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Мағжан  ЕРАЛИЕВ,

    “Абзал және К”  ТС  директоры:

    Газеттегі биыл ғана ашылып, бесінші мәрте жарыққа  шығып отырған ер-азаматтарға арналған “Мырза” б...

    Толығырақ...
АҚЫЛЫНА АҚЫ СҰРАМАЙТЫН БАЙЛЫҚ
09.03.2018 12:06

Технология қарқынды дамыған қазіргі заманғ­ы  ақпараттануда  ешқандай  кедергі жоқ екені анық. Әлеуметтік желі керек пе, элек­тронды  пошта ма, оларды  өз қалауыңша пайда­лана  бересің. Бүгінде, тіпті кітапты да ұялы телефоннан  электронды  нұсқада  оқуға жағдай­ жасалған. Сонда “қалың беттерді ашып оқитын  адамдардың  қайда  қалғаны, жата-жас­танып оқитын кісілер азайды ма?” деп ойланып қаласың. Ақын Иосиф Бродский: “Егер бір адам кітап  оқымаса, бұл – оның өз қасіреті, ал  миллиондаған  адам кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті” деген екен.

Жастардың кітап­қа деген құлшынысы азайып, тек компью­тер, интернетке  қызығушылығы  артып­ кеткені жасыр­ын емес. Күндерінің көп бөлігін компью­тер алдында өткізетіндер күйгелек, ашушаң болатынын  ғалымдар  дәлелдеп отыр. “Жастар кітап оқымайды” деген сөзді үлкендерден жиі  естіп  жатамыз. Сұрасаң, “оған қызығушы­лық зор еді” дегенді көлденең тарта­ды. Шындығын айту керек, бүгінде кітап оқитын  емес, “компьютербасты адамдар” көбеюде. Осы орайда­,  жастардың  және  сала  мамандарының  пікірін  білген  едік.

- Қаным – қазақ, тілім – қазақ, ұлтым – қазақ! Неге мен өзге тілдегі кітаптарды оқуым керек? Менің осы уақытқа дейін оқыған кітаптарымның барлығы – қазақ тілінде. Әрине, сабақ­қа байланысты орыс тіліндегі кітаптарды оқуға тура келеді, ал әдеби кітаптар тек қазақша. Соңғы оқығаным, Әзілхан Нұршайықовтың “Қан мен тер” трилогиясы. Қазақ зиялы­лары жазып кеткен кітаптардан өмірлік сабақ та аласың, мінез-құлық та қалыптастырасың. Қазақ туындыларын оқыған сайын менің сүйіс­пеншілігім артады және менің талғамым да өзгеред­і. Қазір өткен ғасырдағы зиялылардың туын­дыларын ұнатамын. Адамға бір нәрсені жақсы­ көріп кету үшін, аз ғана қысым болса жеткілікті екен, -  дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті Мағжан Әбдірах­манов.

- Қазіргі  кезде  интернеттің  дамыған  кезеңі болып  тұр.  Жастар  тұрмақ, орта жастағы аға-апаларымыз да керекті мәліметті кітапханаға барып іздеп бас қатырмай, интернеттен ала салад­ы. Ал, әдеби кітап оқып, сөз саптауын әсерлі етіп жеткізетін қазақ аз. Екі адамның бірінен “сіз соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?” деп сұрасаң, кітаптың не екенін білмейтіндей кейіппен  қарайды.  Мен  оқитын  өнер  ордасында студенттер  мамандығына керекті әдебиеттерді пайдаланады. Алайда біртуар тұл­ғалардың көркем туындыларын оқу ойға кіріп те шықпайды. Қысқасы, қазіргі жас­тардың кітапқа деген ықыласына менің көңілім тола бермейді. Өзім әдеби кітаптармен танысып тұрамын. Келешек жастард­ы кітап оқуға, білімдерін тереңдетуге шақырамын, - дейді Қазанғап атындағы музыкал­ық  кол­леджінің 3-курс  студенті Тол­қын  Есқалиева.

Ілгеріде кітапты құнды қазына деуші еді. Қазір оны қалай бағалап жүрміз? Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың абономент секторының кітапханашысы Жанна Сәрсенованың ойын білдік.

– Кітап – қымбат қазына. Қазіргі уақытта біздің мекемеге оқушылардан бастап студенттер, магистранттар, қызметкерлер, тіпті зейнетке­рлер де келеді. Бізде тоғызыншы сынып­тан­ басталатын кітаптармен қатар, әдеби кітаптар қоры бар. Зейіні ашылып, оқуға келген жастар қызықты, деректі кітаптарға сұраныс танытады. Сондай-ақ, өздері оқып жатқан маман­дық бойынша да ақпараттарды қарайды. Дегенмен, қазіргі таңда жастардың кітапқа құлшынысы төмен, кітапты оқымайды демей­мін, бірақ олардың саны аз. Бізге келетін оқырмандардың кітап сұрап, керегін жазып алып немес­е үйге оқуға алып жататынына қуанамын. Болашақ осы жастардың қолында, - дейді ол.

Облыстық кітапхана мамандарының айтуынш­а, кітапханада күніне 30-40 адам тіркелуден өтеді. Олардың қатарында бес жастан­ бастап егде кісілерге дейін бар. Облыстық  кітапханаға тек қаладан ғана емес, аудандардан да, ауылдардан да кітапқа ықыласы бар адамдар келіп жатады. “Кітап оқудан тыйылсақ, ойлаудан да тыйылар едік” деген еді жазушы­ Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап, іздегенін тауып оқу, оны зерттеп, талдай білген, өз қажеттілігіне жарата білген адам өзінің білімі мен білігін, парасаты мен пайымын кеңей­тетіні мәлім. “Кітап маған тақтан да артық” деп Шекспир айтқандай, қымбат қазынамыз­ды өткінші дүниелермен алмас­тыруға  жол  беруге  болмайды. Сөз  соңында баға  жетпес  құндылықтың  қадірін  түсірмейік дегім  келеді.­

Арай  ӘРІПЖАН,

студент

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары