Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
ЖАСТАР ҚАНДАЙ КИНО КӨРІП ЖҮР?
09.03.2018 12:09

Осыдан он-он бес жылдай бұрын телеарналардан  түріктің,  кейіннен  корейдің, қытайдың  сериалдары  көпшілікке  көрсетіле бастады. Ұмытпасам, «Қыналы қар», «Асау жүрек», «Мың бір түн», «Бериван», «Дениз», «Тәуіп Хо Жун», «Ұлы ханзада  Жумонг», осылай тізбектеліп кете береді. Аталмыш туындылармен бірге есейген талай  жас  Юсуф  Мироглудай  батыл, Жумонгтай  батыр  болып бақты. Еліктеді, солықтады. Қысқасы, Бөгенбай мен Қабанбайлар  назардан  тыс  қалып, өзгенің жетегінде  кете  жаздадық. Уақыт  өте кино саласының  басы-қасында  жүргендер  мұның идеологиялық  құрал  екендігін  түсінді...

2007 жылы режиссер Еркін Рақышевтың «Жаралы сезімі» жарқ етті. Шыны керек, Көктөбеден қарағанда Алматының алақандағыдай көрінетінін осыдан білдік. «Көшпенділер», «Жау жүрек мың бала» сынды тарихи туындылар да көрер­менге­ жол тартты. Әйтсе де, миллион­да­ған қаржы жұмсалған өнімдер жастарды қызықтыра алмады. Кинотеатрларға келіп, тарихи туындыларды тамашалаған жастар тым аз. Мойындау керек... Есесіне,  шымкенттік   жастардың   түсірген  «25 теңгесі» талайдың жүрегінен жол тапты­. Сапасы  жағынан  төмен  болса да, бүгінгі  буынды  қызықтыра  алды.

«Соңғы  үш-төрт  жылдықта  отандық киноиндустрия  саласы даму  үстінде» деп бөркімізді аспанға атып жүрміз-ау! Рас, талай кино түсірілді, түсіріліп те жатыр. Олардың қайсысы жастарды қызықтыра  алып  жүр?

– Тарихи туындыларды тамашалаған ұнайды. «Титаник», «Троя» сынды кино­лар жалықтырған емес. Ал отандық өнім­дер мені қызықтыра алмайды. Актерлердің  бе, әлде режиссерлердің қателігі ме, анығын білмедім. Жасандылық басым. Көрерменді тарта алмайды. Отандық туынды­лардан ең сүйіп көргенім – «Рэкетир»­ мен «Жаралы сезім», - дейді Мәди  есімді  студент.

– Жарыққа шыққан  отандық  коме­дия­ларды үзбей көріп жүрмін. Тамаша­ туынд­ылар  бар. Ал тарихи фильмдерді­  тамашалаған емеспін,- дейді студент Назым.

Рас, тарихи туындылар кинотеатрларда көрермен жинай алмай жүр. Сондықтан кинотеатр басшылары мұндай киноларды көрсеткісі келмейді. Табыс түсірмейді дейді олар. Көпшіліктің ай­туынша, отандық өнімдердің арасында «Брат или Брак», «Бизнес по-казахски», «Бизнес по-казахски в Америке», «Гламур для дур», «Келинка тоже человек», «Келинка Сабина» сынды кино коме­диялар жастардың талғамынан шыққан.

Әлеуметтік  желі  қолданушыларының  бірі  жақында  түсірілген «Тар заман»­ фильміне келушілердің қатары аз екендігін айтты. Сондықтан студент жастарға­ өз қаржысы есебінен билет сатып­ алып беріпті. Демек, жастардың талғамын  өзгерту  үшін  отандық  режис­серлерге  әлі  де  ізденіс керек, сірә!

БЕК

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары