Өзекті мәселелер

  • 14.06.18

    Заман  талаптарына  сәйкес  жол­дауда  көрсетілген  барлық  міндеттер­, әлеуметтік  және экономика сала­лары біздің қоғам алдында бірінші кезект­е  тұрады.

    Президенттің Қазақстан халқына бағыттаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген 10 негізгі басымдықтың іске асуы экономиканың барлық салалары­ның  жоғары өсу қарқынын қамтама...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Әдетте, қырандар  көкте – патша, жерде – мейман. Қалықтау үшін биіктік керек. Құлдилау екпінінен күш алады. Жазыққа емес, құзар шыңға қонақтайды. Халықшыл тұлғалар табиғаты да сондай­. Олар Алашын аспан­ға, асқар тауға балайды. Сұңқарға самғау жарасқан дейтініміз  де  сондықтан.

    Сол өршіл рух Аралдың айбозым азаматы Тоғыс Жұмашевтың ақ дидарын аңсатқанда, құс көңіл сағыныш қанатымен жүз...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Елімізде тек дәрінің ғана көмегімен өмір сүріп жүрген азаматтар аз емес. Мемлекет тарапынан оларға қандай жәрдем беріліп жатыр? Көрер жары­ғы әуелі Аллаға, кейін сол дәрілік препаратқа байланысты болып­ отырған науқасқа қарасатын кім?

    ...
    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Қызылорда  қалалық

    №6  емхананың  инфекционист дәрігері  Жамила  УМЫШЕВА:

    - Қазір жұртшылық арасында менингит туралы ақпарат кеңінен тараған. Аурудың алдын алудың медициналық бетперде тағудан басқа тағы қандай жолдары  бар?

    - Сақтану үшін екпе ектіру қажет. Оның құны д...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Мағжан  ЕРАЛИЕВ,

    “Абзал және К”  ТС  директоры:

    Газеттегі биыл ғана ашылып, бесінші мәрте жарыққа  шығып отырған ер-азаматтарға арналған “Мырза” б...

    Толығырақ...
Нөсер жауын бір мектептің жұмысын тоқтатты
12.03.2018 14:11

Қазалы ауданында төтенше жағдай жарияланды. Нақтырақ айтсақ, осы ауданның Аранды ауылындағы №97 мектептің ауласын су басты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне шұғыл түрде өткізілген брифинг барысында айтылды.

6 наурыздан бастап жаңбырдың жаууына байланысты мектептің ауласында біраз су жиналып қалған. Соған байланысты барлығы 30 қызметкер, 8 бірлік техника жұмыс істеп, су сору жұмыстары жүргізілген. Алайда мектептің қабырғаларында жарық пайда болғандықтан, оқу тоқтатылды, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асқар Тулешов.

Небәрі 2015 жылы пайдалануға берілген «№97 орта мектептің ауласын су басты» деген хабарлама келе сала облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов бастаған жұмыс тобы оқиға орнына барып, нысанның жағдайымен танысқан. Таныса келе, комиссия мүшелері сабақты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған. Дегенмен оқушылар көршілес ауылдағы мектепте білім алатын болады.

12 наурыздан бастап мектеп мұғалімдері мен 98 оқушы көршілес Қожабақы ауылындағы №25 мектептің екінші ауысымында оқиды. Ұстаздар қауымы мен оқушыларды тасымалдау үшін Қазалы ауданы әкімдігінен арнайы көлік бөлінген,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Айта кетейік, №25 мектеп 624 орындық әрі мұнда тек бір ауысыммен ғана балалар оқитын көрінеді. Сондықтан Аранды оқушылары екінші ауысыммен осында оқымақ және сабақты да өз мұғалімдері береді. Ал оқушылардың қашанға дейін ол мектепте оқитыны әзірге белгісіз. Десе де, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ізбасаров «соңғы қоңырауды өз білім ұяларында қарсы алады деген үмітіміз бар» дейді.

Алайда көңілге күдік ұялататыны – мектеп ауласын ғана басқан су, қалайша оқу ғимаратының еденін көтеріп, қабырғасына сызат түсіреді. Бұлай деуімізге себеп, өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған баспасөз парағының өзінде «нысанға түскен сызат пен еденнің көтеріліп кетуіне байланысты ғимаратта оқу процесін тоқтату туралы шешім қабылдады» делінген. Ал брифинг берген тиісті сала өкілдері судың тек мектеп ауласын ғана басқанын айтады. Бір жауыннан-ақ қабырғасына сызат түсіп, мектептеріміз жарамсыз бола беретін болса, құрылысқа жауапты мекемелер жаңадан салынатын нысандарға қадағалауды күшейткендері абзал.

Жансая  ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары