Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
ХҚКО-да «ҚАУЫШУ КҮНІ» КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ
14.03.2018 16:29

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-"Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде Наурыз мерекесінің басты жоралғыларының бірі «Қауышу күні» кеңінен аталып өтті.

Департамент басшысы Айнұр Шорабекқызының қолдауымен "Қолөнер" ұлттық нақыш орталығы мен "Тағылым" балаларды шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырылған шарада "Ұлыстың ұлы күні" - Наурыз мерекесіне орай "Қобыз үні" атты дәстүрлі ұлттық нақыштағы көрмесі өткізілді.

Тамыры тереңде жатқан көнекөз аспабымыз жайлы әртүрлі ақпарат бар. Солардың бірі Қорқыт бабамызды қобыз атасы деп, бастауын 9-10-ғасырдан десе, енді бір деректе сонау ислам діні енген 600-жылдармен байланыстырады. Алайда ұлтым, салтым деген ұрпақ үшін оның шыққан тегінен қарағанда біздің заманымызға аман жеткені бақыт.

Тағы бір айта кетерлік жайт, 14 наурызды халқымыз қыстан аман-сау шығып, жыл басы наурызға аман жеткен күн ретінде "Қауышу күні" деп атайды. Бұл күні кішілер үлкендерден бата алып, ауыл-аймақ  жиылып мәз-мәйрам болып, төс қағыстырған.

Сонымен қатар, көрмеде арнайы жасақталған комиссия құрамының шешімімен жүлделі 1-орынды ағаш шебері Жәнібек Асанов жеңіп алды. 2-орын ағаш және мүйіз шебері Мырзабек Қоныбаевқа, 3-орын тоқыма шебері Бақытгүл Райымбаеваға бұйырды.  Сондай-ақ,  19 номинация бойынша арнайы дипломдар табысталып, сыйлықтар беріледі. Атап айтар болсақ,  "Ағаш ұстасы", "Өз ісінің  шебері", "Сыр шебері", "Өнерлі қыз", "Өз ісінің майталманы", "Көркем сурет", "Атакәсіп шебері", "Құрақ көрпе", "Зергер","Жас шебер","Үздік шәкірт", "Ұсақ моншақ", "Асыл ұстаз", "Өнерлі жігіт", "Алтын қолды шебер", "Талапты ұл-қыз тарихи жұлдыз", "Шебер педагог-2018", "Тоқыма шебері", "Ою өрнек - тарихи мұра".

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары