Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АЙМАҚ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
14.03.2018 17:04

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығында «Қауышу күні» мерекесіне орай облыстың қоғам қайраткерлерімен, еңбек ардагерлерімен кездесті. Көктемнің келуін бейнелейтін, Наурыз мейрамы қарсаңында атап өтілетін бұл мереке «Амал» немесе «Көрісу күні» деп те аталады.

Кездесу барысында аймақ басшысы ақсақалдарды мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына қатысты сұрақтарды талқылады.

«Қауышу - тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Біздің аймақ ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қатаң сақтаған, біз осы мәдениетті сақтауымыз керек. Бүгін осындай керемет күні бас қосып отырмыз. Өздеріңізге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, жақындарыңызға амандық тілеймін», - деді Қырымбек Көшербаев.

Кездесуде облыстың танымал қоғам қайраткерлері Тұрғанбай Маханов, Оразғали Бекпанов, Файзулла Сахиев және басқалар сөз сөйледі. Олар облыстың дамуына қатысты ойларымен,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындағы идеяларымен бөлісті.

«Соңғы жылдары облысымыз қарқынды дамып келеді. Республика бойынша біздің аймақ үздік үштікте. Бұл мақтанатындай көрсеткіш. Осында отырған әр ардагердің өңірдің дамуына сіңірген еңбегі зор. Ата-салтымыз жаңғырып жатқан уақытта көрген-білгенімізді жастарға жеткізу біздің парызымыз деп есептеймін», - деді қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы, медицина ғылымдарының кандидаты  Тұрғанбай Маханов.

Сондай-ақ, ақсақалдар Сырдарияның сол жағалауына барып, жаңа қала құрылысымен танысты, «Қауышу күні» мерекесіне орай «Сыр сүлейлері» аллеясындағы мерекелік іс-шараларға да қатысты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары