Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Қызылордада қап шығаратын зауыт бар
14.03.2018 17:33

Қызылордада кәсіптің көзін тауып, халық тұтынатын тауар дайындап жатқан зауыт бар. Қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс ошағы күніне 35-40 мың дана қап тоқиды. Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты – сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту.

«Полимер Продукт» ЖШС басшылары бұл бизнесті қолға алмас бұрын нарықты зерттеп барып, іске кіріскен. Бизнестің қыр-сырын зерттеген кәсіп иесі ғана сол кәсібінің нәсібін көре алады.

«Полимер Продукттың» иелері де - тың кәсіптің көзін тапқан жандар. 2016 жылы іске қосылған зауыттың негізгі қызметі - халық тұтынатын тауарларды әзірлеу. Оның ішінде полипропиленнен әзірленген қаптарды тоқу. Бүгінде қап шығаратын зауыт өніміне сұраныс жоғары.

«Зауыттың негізгі мақсаты - полипропиленнен жасалған қаптарды шығару. Қазіргі таңда еліміздің нарығында полипропиленнен жасалған қапқа сұраныс бір айға 80 млн дананы құрайды. Осы сұраныстың 40 пайызын еліміздегі зауыттар қамтып отыр, қалған 60 пайызын шекаралас елдерден алдыртуда. Алғаш ашылғанда бірінші қабатта ғана жұмыс істейтінбіз, қазір ғимараттың екінші қабатын да іске қосып жатырмыз. Қосымша құрылғылар алдыртудамыз. Жақын арада толықтай жұмыс істейтін болады», - дейді зауыттың өндірістік директоры Жалғас Тұяқбайұлы.

Зауыт иелері сырттан келетін тауарларды барынша ысырып, отандық өнімдердің қолданыс аясын кеңейте түсуді жоспарлауда. Полимер шикізатынан жасалатын полипропилендік қапты даярлау 5 сатыдан тұрады. Алдымен полимер шикізатынан жіп иіріледі. Дайын жіптен қап тоқылады. Одан әрі қапты өлшеміне қарай кесу, тігу, тапсырыс берушінің логотипімен басып шығару жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыс тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады. Зауытта түрлі-түсті логотипті басып-шығару цехы да іске қосылған. Одан бөлек бұл жерде қаптың ішіне целофан қосып тігетін цех та бар. Күніне 35-40 мың дана қап әзірлейтін зауыт бірнеше ірі компаниялармен келісімшарт жасасқан. Қап тігетін зауыт тәулігіне 2 ауысымда тоқтаусыз жұмыс істейді. 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт басшылығының алдағы жоспары - екінші қабатты түгелдей іске қосып, кәсібінің ауқымын кеңейту.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары