Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 631 |
![]() | Кеше | 1563 |
![]() | Осы аптада | 4027 |
![]() | Өткен аптада | 11477 |
![]() | Осы айда | 45047 |
![]() | Өткен айда | 53547 |
![]() | Бәрі | 3115957 |
-
19.04.18
Толығырақ...
ӨМІР СОҚПАҒЫ...
Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өріміндей таралатын сол жолдардың қазіргі жағдайы қандай?
Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан бітетіні бар. Қазіргі күні қала бойынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...
-
19.04.18
Толығырақ...
Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүлдіршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?» деп сауал тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мультфильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырларының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпкерлердің өзіне...
-
19.04.18
Толығырақ...
«Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...
-
19.04.18
Толығырақ...
Қаржы және қоғам
- Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?
- Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.
- Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?
- Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...
- 19.04.18
ЛЕГИОНЕРСІЗ ӨНЕР немесе 12-3=? |
15.03.2018 11:50 |
Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында өткен ойын ақтөбеліктерге менсінбей қараудан басталса керек. Себебі, “Ақтөбенің” жартылай қосалқы құрамы Қызылордада жеңіске жетеді” деген пікірді айтушылар өте аз еді. Нақтылайық. Қаңтар айының аяғында ҚФФ Дауларды шешу палатасы “Ақтөбенің” жаңа ойыншыларын тіркемей қойған-ды. Бұл клубтың ішкі қарыздарына байланысты болды. Мұны команданың сужаңа директоры Самат Смақов та айтты. Дегенмен, “ақ-қызыл” жейделілер құрамын жасақтап, біріншілікке дайындалды. Ақырында батыстық ұжым Сыр бойына былтырғы құрамынан қалған жергілікті ойыншыларымен қоса қосалқы құрамындағы бірнеше жас түлегін аттандыруға мәжбүр болды. “Жас бөлтіріктер арыстанның азуында шайналады” деген болжам жасағанбыз. Ойын басталды, стадионда 3000-ға жуық көрермен. “Қайсар” жанкүйерлері өз командасының жеңісіне сенімді еді. Сенім ақталмады. Ойындағы басымдық “Қайсарда” болғанымен, 75-минутта ақтөбелік футболшы Абат Айымбетов төрт қайсарлық футболшының арасынан сытылып шығып, айып алаңына дейін өтіп кетті. Тоқтатудың басқа амалын таппаған қайсарлық қорғаушы ойын ережесін бұзып, қарсыластардың он бір метрлік айып добын орындауына мүмкіндік алып берді. Өз кезегінде Асланбек Кәкімов пенальтиді нәтижелі орындап, командасын алға шығарды. Сонымен, кездесудің қалған уақытында таблоға ешқандай өзгеріс енбеді. “Қасқырлар” бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырса да, Трофимец қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Қорытынды есеп: 0:1. Иә, болар іс болды. Бір жаманы мұңайдық, ашуландық. Бірақ, мұның жақсы жағы да бар секілді. Жастардың өздерін дәлелдей алғаны, мойындатқаны бізге қатты ұнады. Түркияның Анталия қаласында қысқы оқу-жаттығу жиындарына қатысқан ойыншылар мен Шымкент қаласында жаттыққан футболшылар алаңда өнер көрсетті. “Қайсар” ойында басым болды” деп ақтап алуға келмейді. Мойындау керек, біз жеңілдік. Мойындамасқа шарамыз жоқ. Өйткені, тарихта қалатыны – ойын емес, нәтиже. Бүгінде ҚПЛ-ден тұтастай қазақ жігіттері түгілі, Қазақстан азаматтарын көру де мұңға айналды. “Ақтөбе” ойыншылары бізге қарсы кездесуде бірыңғай Қазақстан азаматтарын алаңға шығарды. Оның 7-8-і – қазақ жігіттері. Расында ақтөбеліктер бізге және жалпы қазақстандықтарға легионерсіз де жақсы өнер көрсетуге болатынын дәлелдеді. Жастарға мүмкіндік беріп, жол ашу керектігін көрсетті. Сенімді ақтай алатынын, шетелден түрлі-түсті футболшыларды шақырмай-ақ, тартысты, қызықты матч өтетініне сендіріп, мойындатты. Осыдан кейін басшылық қаржыны әуелі футболдың инфрақұрылымына, сосын жергілікті ойыншыларға құйғанды жөн деп санап, іске кіріссе жақсы болар еді. Айтсаң, жазсаң, “байдың асын байғұс қызғанады” болып кетеді. Өкінішке қарай, кешегі ойыннан “қасқырлардан” ешқандай да кәсібилік немесе жанкештілік көре алмадық. - Жалпы айтқанда, ойында барлығы көрініп тұр ғой. Біз ешқандай легионерсіз алаңға шықтық. Командада жергілікті ойыншылар ғана болды. Ал, қарсыластар сапында мықты ойыншылар ойнады. Біз үшін ол жай ғана “вызов” болды. Қобалжыдық деп айтсақ болмайды. Менің ойымша, жігіттер “Ақтөбе” жанкүйерлерінің сенімін ақтап, бар күш-жігерін салып ойнады, - деді “Ақтөбе” футбол клубының ойыншысы Ардақ Сәулет. Өткенге көз жүгіртсек, қос команда Қазақстан чемпионатында бірінші рет 1992 жылы 20 қыркүйекте кездесіпті. Тіркелген есеп: 1:1. Сырбойылық клуб сапынан Алексей Тен гол соққан. “Қайсар” мен “Ақтөбе” барлығы 37 рет кездессе, оның 19-ы Қызылордада өтіпті. Тағы бір статистикаға сүйенсек, жерлестеріміз батыстық ұжымға қарсы сегіз ойынға жалғасқан жеңіліссіз сериясын ары қарай іліп әкете алмады. 2014 жылы қос команда 3 рет тең ойнаса, 2015 жылы да 2 мәрте ұпай бөлісіпті. 2016 жылы “Қайсардың” премьер-лигада болмағанын еске алсақ, былтыр түзде 1 рет тең ойнап, өз алаңымызда 2 мәрте жеңіске жеткен болатынбыз. Айтпақшы, тақырыптағы математикалық есепті шештім деп масайраудың қажеті шамалы. Түсініксіз көрінсе, таныстырып, жөн-жобасын айта кетейік. Ақын Мұхтар Шахановтың “12-3=?” деген поэмасы бар. Онда үлкендер мен жастардың соғысы туралы баяндалады. Арғы жағы айтпай-ақ түсінікті шығар. Қажет деп тапсаңыз, поэманы оқыңыз. Бұл матч көпшіліктің көкейіндегі осыған дейінгі жалаң болып келген ойды дамыта түскендей. Біздің мақсатымыз – “Қайсар” ойыншыларын сынау емес, қазақ футболына жанашырлық таныту. Легионерлер ел футболын қарыштататын болса, ендігі құйып жатқан ақшаның ақталатын да уақыты жеткен шығар...
Рыскелді ЖАХМАН
Стойчо МЛАДЕНОВ, “Қайсар” футбол клубының бас бапкері:
- Біз бүгін жақсы ойнадық деген ойдамын. Жеңіс үшін бәрін жасадық. Бірақ, жолымыз болмады. Көптеген мүмкіндікті құр жібердік. Мен өз алаңымыздағы алғашқы ойында жеңілеміз деп ойламаған едім. Десе де, бұл – футбол, бұл – өмір. Жеңілісті мойындап, әрі қарай жылжуымыз керек. Чемпионат енді басталды. Әрі қарай бәрі жақсы болады деген ойдамын. Қайталап айтамын, мен өз командама ризамын. Тек таблодағы есепке көңілім толмай тұр.
Валерий АЛЕМАСКИН, “Ақтөбе U-21” футбол клубының бас бапкері:
- Біріншіден, біздің жігіттердің бірауыздан қолдау білдіргендерін айта кеткім келеді. Жеңген жағдайда сенсация болатыны әуелден белгілі еді. Өздеріңіз көрдіңіздер, жігіттер бүгін жан-тәнімен беріліп ойнады. Нәтижесінде жеңіске жете білдік. Бізге келісімшарттары бар ойыншылар ойнайтындығын осыдан үш күн бұрын айтқан еді. Ол кезде Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жаттық. Бірден жолға шықтық, Ақтөбеден негізгі құрамға іліккен ойыншылар келіп қосылды. Бүгін олар бірігіп, ерлік көрсетті десем де болады.
Қазақстан Премьер-лигасының II тур ойындары 17 наурыз күні өтеді. “Қайсар” өз алаңында Оралдың “Ақжайық” футбол клубын қабылдайды. Ойын Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында сағат 15:00-де басталады. Билеттер стадионның кассасында сатылады. Қала және облыс тұрғындарын жергілікті клубты қолдауға, жанкүйерлік етуге шақырамыз!
“Қайсар” футбол клубының Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына ресми түрде тіркеген ойыншыларының тізімін ұсынамыз. Бапкерлер құрамы: Стойчо Младенов (12.04.57, Болгария) – бас бапкер; Анатолий Нанков (15.07.69, Болгария) – бас бапкердің көмекшісі; Тодор Янчев (19.05.76, Болгария) – дене дайындығы жаттықтырушысы; Ерлан Шойтымов (06.04.80, Қазақстан) – жаттықтырушы; Сергей Чекмезов (10.10.64, Қазақстан) – қақпашылар жаттықтырушысы. P.S. Айтпақшы дегенді тағы да айтуға тура келіп тұрғанын-ай. Биылғы маусымдағы алғашқы матчты “Қайсардың” №1 жанкүйері Қырымбек Елеуұлы да стадионнан тамашалаған еді. Рас, облыс әкімінің футболға бөлген көңілін тек шексіздікпен бағалауға болатын шығар. Былтырғы жылы қаражаттан ешқандай қиындық көрмеген “қасқырлардың” биыл да мәселесін шешіп бергені көпшілікке жасырын емес. Тәжірибелі, талантты саналған ойыншыларымыздың бала мұрты енді тебіндеп келе жатқан жастардан ұтылуы “Қайсарға” сөзбен де, іспен де көмектесіп жүрген аймақ басшысына оңай тимегені анық. Содан барып “облыс әкімі клуб басшылығын бір сілкіп-сілкіп алған шығар” деген ой келді. “Басы қатты болғанымен, аяғы тәтті болады” десек те, жалдап алған солдаттың жаумен жан берісіп соғыспайтынына көзімізді тағы да жеткізгендейміз...
|