Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ШЫҒЫСТЫ СУ АЛЫП ЖАТЫР
15.03.2018 12:00

«Тау мен тасты су бұзады». Дарияның жағасына қоныстанған елдің қайсысы болмасын, тасқын судан қауіптеніп, сең жүретін уақытта буынып­-түйініп отырады. Әсіресе, апаттың айтып келмейтінін бұған дейін де бірнеше мәрте көрген қызылордалықтар бұл жылы дария деңгейін үздіксіз бақылауға алған. Оның үстіне биыл жауын-шашын мөлшерінің көп түсуі дария деңгейінің көтерілуіне ықпал етері анық. Облыстық жұмылдыру дайындығы  басқармасының мәліметінше, қазіргі күні 35-70 сантиметр шамасындағы ең қалың мұз Арал, Қазалы аудандарында сақталған­. Ал Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында 25-40 сан­тиметр­ болса, оңтүстік бөліктегі Шиелі, Жаңақорған аудандарында мұз қату жағдайы тіркелмеген. Дүлей мінезді дарияның деңгейі әзірге бір­қалыпты. Десек те, «сақтансаң, сақтаймын» деген қағидаға сүйеніп, жағада­ отырған жұрт жылдағы әзірліктерін ұмыта қойған жоқ.

«Апат айтып келмейді» деген тәмсілді Шығыс Қазақстандағы төтеннен келген табиғи апат дәлелдеп берді. Қытымыр қыстан аман шығып, тоң жібіп, мұз еритін уақытта табан астымыздағы су төбемізге жетеді деп кім ойлаған? Қаннен- қаперсіз отырған халық лездің арасында судың құр­сауында қалды. Бір күнде екі айлық мөлшердегі түс­кен жауын-шашынның салдарынан Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз, Үржар, Күршім, Ұлан, Глубокое, Зайсан аудандары қас-қағым сәтте тасқын судан зардап шекті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 70 жер үй мен 150 аулаға, 110 саяжай нысанына су кір­ген. Тілсіз жаудан тірі қалудың амалын жасаған тұр­ғындар үйлеріндегі тір­нектеп жиған дүниесін бас амандығымен айырбастап, әкімшіліктің жұмылдырған көлігімен қауіпсіз жерге көшірілді. Су жайылған ау­дандарда облыстық және республикалық маңыздағы жолдар жабылған. Ал таулы­ аймақтарда көшкін жүру қаупі сол күйінде сақталып отыр. Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер мен жергі­лікті полиция қызметкерлері, «Өскемен Тәртіп», «Водоканал», Шығыс өңір­лік аэроұтқыр құтқару жасағы өкілдері 1440 құмқап төсеп, 13 000 текше метр су сорғытқан.

- Аягөз ауданында 40 үй, Өскеменде 8 үй, 27 аула, Ұлан ауданында 2 үй мен   4 аула, Глубокое ауданында 3 үй, 53 аула, Күршім ауданында 42 аула су құр­сауында қалды, - дейді төтенше жағдай департаменті мамандары.

Қарғын судың жолға шығып кету оқиғасы Күр­шім, Ұлан, Зайсан және Үржар аудандарында тір­келген. Апат салдарынан су алған жерлердегі суды сор­ғыту үшін 137 техника мен 27 сусорғы машина жұмылдырылған.

Жағдайды естіген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов апта басындағы кеңейтілген жиналысын кейінге шеге­ріп, су басқан көшелерді аралауға кірісті. Екі-үш күн бойы толассыз жауған қар­дың соңы жаңбырға ұласып, салдарынан қаланың бірқатар аудандары мен көшелеріндегі арық көздері суға толып, тасып, қара жаяу адамға да, көлікке де жол қозғалысы болмай қалған. Арықтың арнасынан асқан судың мөлшері 30-40 сантиметрге дейін жетіп, қозғалыс қиындығын ту­ғыз­ғанынан хабардар облыс әкімі жауапты сала бас­шыларына жұмсақ сөйлеген жоқ.

- Қаладағы арықтар үнемі тазаланып отыруы керек. Сол үшін мердігер компанияларға ақша тө­ленген. Қазір белгілі боп отырғандай, бұл жұмыс дұрыс жүргізілмеген. Бар мәселе – осы! Бұл арада басқ­а ештеңе жоқ. Оны ашық айтамын. Арамта­мақтық, бассыздық, жауапсыздық орын  алған. Жұмыс жайына қалған. Енді осыған жауаптылардың барлы­ғы таяу арада өз жазаларын алады, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Қарғын судың құрса­уында қалған аудандарды аралап, тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен де жүздескен әкім Красин кенті мен Аблакетка ық­шам ауданы тұрғындарымен жолығып, жағдайдың мән-жайын жүзбе-жүз сұрады.

Аудан тұрғыны Андрей Татарченко апатты жағ­дайдың орын алуына осы маңдағы арық көздерінің дер кезінде тазаланбауы себепші дегенді алға тартады. Көше мен аулаларды түгелдей басып қалған суды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанына да көңілі толмаған облыс әкімі төтенше жағдайлар департаменті мен  қала  әкім­дігі­нің жұмысын қатаң сынға алды.

- Сіздер бір арықтың суымен бір тәулік бойы алыстыңыздар. Айнал­дыр­ған төрт үйдің  проблемасын осыншама ұзақ уақыт шеше алмауларыңыз ақыл­ға сыймайды. Бұл – барып тұрған масқара! Былтыр сіздерге қомақты қаражат бөліп, қажет техника алуға көмектескенбіз. Сол техника қайда, неге пайдаланбайсыздар? Жалпы, мұндай ахуалдың қалыптасуына, табиғат емес, өз міндет­тері­не салғырт қараған кей лауазымды тұлғалар кінәлі, - деді аймақ басшысы.

Құтқару жұмыстарына 708 адам, 204 техника,  27 сусорғыш құрал жұмылдырылғандықтан ешқандай адамның да, ірілі-ұсақты малдың да шығыны жоқ. Бүгінде Аягөз ауданындағы қауіпсіз жерге көшірілген 300-ге тарта адамның 260-ы өз баспаналарына оралған. Десек те, ыза сіңіп, дымқыл тартқан үй­лердің қабырғалары сөгіліп, кейбірі құлай бастаған. Алдағы уақытта су­дың астында қалған қанша баспананың опырылып түсетіні, қанша отбасының үй-жайсыз қалатыны бел­гісіз.

«Тасты жапалаққа ұр­саң да, жапалақты тасқа ұрсаң да, жапалақ өледі» демекші басшылардың сөз естіп, жазасын алғанынан не пайда, жеме-жемге келгенде зардап шегуші – бұқара. Апаттың айтып келгенін ешкім естіген емес. Бірақ ауылды жайлап кеткен суды сорғытып, тартқаннан гөрі арыққа жинал­ған кезде-ақ қам жаса­ған жөн еді. Қарғын судың қала ішіне жайылып, қараша халыққа зардабын тигізетінін алдын ала анықтап, тазартқанда абырой биігінен түсе қоймас па еді, кім білсін?!

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары