Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
ҚАЙНАҒАН ӨМІР, ТӘЛКЕК ТАҒДЫР
24.03.2018 16:46

Күйбің тірлік кімдерді қажытып, кімдердің шекесін шылқытпады десеңізші... Дүние – базар. Қай жерге барсаң да ығы-жығы, қайнаған өмір, қызу тірлік, қауырт жұмыс, арпалысқан тағдыр. Арпалысқан демекші, расында уақытпен арпалысып, өмірдің дегеніне көндігіп келе жатқан тағдыр иелері қаншама?..  Қу тамақтың қамы деп ертеректе үлкен кісілер айтушы еді, қазір жасың да, жасамысың да сол тірліктің құлына айналған десек, қателеспейміз. Осы пікірді пайымдап, өмір сүруінің тұрақты қалыбы жоқ, күнделікті нанын болар-болмашы жұмыспен ақтап, елдің аяушылықпен беріп кеткен тиын-тебенімен күн көріп отырған халықтың бір тобы туралы білмекке ұмтылып едік.

Көктемнің лебі соғып тұрғанымен, бет қаритындай салқын әлі кете қоймаған. Оның үстіне қар аралас жаңбыр жауып, жердің бетін көк шығуға дайындап қойғандай. Десек те, жұмыстың аты – жұмыс. Аздаған қаржыға өмір сүріп отырған адамдар туралы ізденісіміз халықтың көп шоғырланатын ортасынан басталды.


АРБА  мен  АРБАКЕШ

«Ескі базар» маңын бақылаумен жүргеніме  төрт  сағаттың шамасы бол­ды­. Арбакештердің арбалары «Отырар» сауд­а үйінің жанында тізіліп тұр. Бірақ егелері көрінбеді. Содан әрі жүре бер­дім. Уақытым бақылаумен өтуде. Сәл­ден кейін күнкөрісіне жарап тұрған арбасы­н итеріп келе жатқан біреуді көзім шалды. Онысына бес-алты қап жуа, үш-төрт қап сәбіз тиеп алған, төм­пешіктен өте алмай тұр еді. Қасына жүгіріп  барып, көмек қолымды создым. Алғысын айтып, діттеген жеріне кете барды. Сөйлесуге уақыты жоқ екені көрініп тұр. Артынан еріп, мен де жүре бердім. Дүкеннің жанына тоқтап қаптарын түсіре бастады. Алыстан қарап қоямын. Сөйтсем олардың жұмысы – тек арба итеру емес, әкелген затын ақшасын төлеп отырған адамның айт­қан жеріне түсіріп, жинап беру. Ол үшін де ақы алады ма, білмедім?! Затын түсіріп болған соң еңбекпұлын алып, екінші бір бағытқа жол тартты. Бар ойым – сол кісіні тоқ­та­тып, бір күндік уақытын қалай, қаншалықты өткізеті­нін, күнделікті қанша табыс табатынын білу.

Өзі өмірдің уақытына бағын­а тұра, арбасын алдына салып бағындырып келе жатқан орта жастағы жігіттің соңы­нан бір елі қалмай ілесіп келемін. Мені аңғарып тұрған ол да жоқ. Оған менен гөрі жұмысы мен ақшасы әлде­қайда маңызды екенін түрінен көрініп тұр. Бір дүкеннің алдын­а арбасын қойды да, дүкен ішіне кіріп кетті. Есікті жауып үлгерместен, мен де ентеле­й ішке кіргенім сол еді, сонда да оны таппай қалдым. Қайда кеткенін түсіне алмай далмын. Қайтадан сыртқа шығып кеттім. Қасыма біреу келіп, шылымын тартты да, ол да сол дүкенге бас сұқты. Ізінен еріп барып «мына арба­ның егесі кім, білмейсіз бе?» деп сұрадым. «Не болды? Зат апару керек пе? Не зат?» деп сұрады.

- Жиырма бес келілік төрт-бес қап ұн, он келі макароным бар еді. Базар сыртындағы «Айтбай» мешітінің жанына­  апару керек. Ақысына қанша аласыз?  - дедім.

- Такси жалдай салмайсың ба? Мен ол жерге дейін мың жарым теңгеге апарам­ын, - деді. Ойланып қалдым да:

- Онда қазір үйдегілер келсін, осы маңайда жүрген болсаңыз, өзім іздеп тауып алармын сізді, - деп ұялғанымнан айналаға қарай бердім.

- Мені іздесең, анау көк ангардан тауып аласың. Басқа заказыма бара берейі­н, - деп, жалған сөйлегенімді сезгенд­ей күліп кете барды.

Қыстың қақаған аязына, жаздың ми қайнатар ыстығына төзіп, дала кезіп жұмыс істеп жүргендердің мақсаты – бала-шағаның наны мен күйбің тірлік­тің қамы. Бұл жағдайдан бір байқағаным, арбакештердің басым көпшілігі – жұмыссыз жүргендер, орта жастағы егде кісілер. Олардың саны базар айналасының өзінде жиырмаға жуықтап қалады. Әрқайсысының күнделікті табысы орташ­а есеппен алғанда төрт-бес мың теңгенің шамасында. «Оларға бұл жұмыс еш ауырлық етпейді, бойлары үйреніп қалған» десек те, адамның барлығы ет пен сүйектен жаралған. Олардың да денсаулықтарында кінәрат болуы­ мүмкін. Амал мен тұрақты айлығының жоқтығынан осындай жұмыс істеуге мәжбүр.

 

ҚОЛ  ЖАЙЫП, БАТА  СҰРАП   ОТЫРҒАН  ЖОҚ...

Арбакештердің жайын білгеннен кейін базар жанын жағалай «Жайна» сауда үйіне қарай бет алдым. Ендігі бағыты­м – көше бойында садақа сұрап, алақанын жайып, ақша табуды «бизнеске» айналдырып алғандар. Күннің райы да қолайсыз, қар аралас жаңбырдан кейін дала дымқыл тартып тұр. Базар қақпасына қарама-қарсы бетте отырған шарасыз жанды көзім шалды. Оның жай-күйі сырт көзге де мәлім. Өйткені, ол арбаға таңылған. Еш сөйлей алмайды. Беріп кеткеніңе риза болып, қолын жайғаннан басқа артық қимыл жасағанын бұған дейін де көрмедік. Заманның қасқырлығын қайтейін, түлкі болып шалып, алақан жаюшылар көбейді. Қол жайып, бата сұрап отырған жоқ, оңай пайданы олжа қылып, табыстың көзіне айналдырып жүргендер бар. Сондықтан барлығына бірдей мүсәпір деп қарауға болмайды. Мұндай адамдар тобы әдетте «Универсам» мөлтек ауданында көп болатын. Күннің салқындығынан болар бұл маңайда да қайыршылардың қарасы­ көрінбеді. Олар да аудан ауыстырып, адамның қарасы қалың жерлерге барады­ деген сыбысты естуші едім. Содан темір­жол вокзалына беттедім. Қоғамдық көліктен түсе бергенімде, картон үстінде отырған орта жастағы әйелді көзім шалды. Бұл жанды тапқаныма не қуанарымды, оның жағдайын көріп, не мұңаярымды білмедім. Қасына жақындап, ойымдағы сұрақтарымды қоюға сәл батылдық жетпей тұр. Дегенмен, негізгі жоспарымды орындау үшін бар күшімді жинап, жанына бардым. Айтуынша, өзі осы теміржол аумағының тұрғыны. Қол жайып, қайыршылықпен айналысқанына  биыл төртінші жыл. Бала-шағасы­ бар, жұбайы өмірден озған. Сөйлеген сөзінен ақыл-есінде ауытқушылықтың бары байқалады. Еш жерге жұмысқа алмаған­. Содан осындай күйзеліске түскен. Екі баласын осы тиын-тебен­мен тамақтандырып жүрген көрі­неді. Картон қорапшаға жиналған тиын-тебен­ үш жүз он бес теңге болып тұр. Түс ауған мезгіл. Ал кешке дейін отырған күннің өзінде оған небәрі бес жүз теңгеден артық жиналмайды. Көңіл күйім түсіп, орнымнан тұрып, ойға шом­ған күйімде теріс бұрылып кете бардым. «Ол да – пенде» деген ой біраз­ға дейін мазалады. Расында олар да дүние есігін ашқанда бірден қайыршылық күйге түспегенін барлығымыз біле­міз. Күн  райының қолайсыздығынан ол жерде  көп аялдай алмадым. Қоғамдық көлікке мініп, үйіме  жол  тарттым.

 

БОЛАШАҚТЫ   БОЛЖАУШЫЛАР ЕСЕЛЕП  КӨБЕЙДІ

Ендігі кезек – бал ашып, болашақты­ болжайтын, түрлі  сиқырмен дуа жасай­тын  көріпкелдерде. Қайбір  күні аялдамада  тұрып  осындай  жарнаманың  жапсырулы тұрғанын көріп, қажет болып­ қалар деп телефон нөмерін жазып­  алғанмын. «Бал аштырып, бола­шағы­ңның қандай екенін білгің келсе, мына телефонға хабарлас, жақсылық­тардың барына сен!» деп жарнама жасаған­ көріпкелдің байланыс құралы шынында қажетіме жарады. Ойым – телефо­нмен  сөйлесіп,  керекті ақпараттарды алу. ұялы телефонымды қолға алып, қоңы­рау шалдым. Алғашында желі бос болмағанмен, кейінгісінде қоңырау барды.

- Алло...

- Алло, сәлеметсіз бе? Жарнама бойынша­  хабарласып тұр едім. Бал ашып, болаш­ақты  болжайсыз  ба?

- Иә, ең бастысы, ниетің болсын, балам­. Болашағыңды  білгің  келсе, мекен­жайды  айтайын,  осында  кел.

- Апа, менің болашақты болжатқым келмейді, тек ұнатып жүрген бір қызым бар еді. Соны қарата алмай жүрмін. Амалсыз сізге қоңырау шалып отырмын.

- Қызды  қаратамыз. Е-е-е-е-ш уайым­дама. Алдымен сені ертеңге жазып қояйын,­ он бірінші болып кіресің. Сосын жақсы  көретін  қызыңның  суреті мен  бір литр  минералды су  әкел.

- Жарайды, апа, ақысын айтсаңыз, бірден  ала  барайын.

- Енді екі аяғың тең болсын балам, - деп екі мың теңге әкел деген ишара  танытты.

Алла тағаламыз өзінің құлдарына болашақты болжайтын қасиет бермеген. Адамдарға ақыл-ес берген. Оны көрегендік дегені­міз дұрыс болар. Бақсы-балгерлер де – өзіміз секілді қарапайым жандар. Балгерлерге күнделікті осыншама адам жазыл­атын болса, бір-екі жылдың ішінде  олардан  асқан дәулетті адам таба  алмаспыз.

Исламда бақсы-балгерлердің істе­ріне тыйым салынған. Егер де бақсы-балгерлер белгілі бір адамды емдеу шарал­арында ешкімді серік етпей, тек Алланың атымен ғана, не болмаса Құран аяттарымен дем салатын болса, онда оған рұқсат. Ал жын-шайтандармен дос болып, өлілермен сөйлесу неме­се олардың көмегіне жүгіну, ажалдан арашалап қаламын немесе құрсағыңа сәби бітіремін деп сәуегейлік көрсетіп, Алланың атын былғап, түрлі ғажайыптарға сендіру секілді жағдайлар шариғатта қарастырылмаған. Осының бар­лығын біліп тұрса да, соларға күнделікті барып, ақшаларын шашып жүретіндер жетерлік.

Бәріміздің  де  жаратқанның алдында дәрменсіз екеніміз рас. Жұмысы тұрақты, көлігі бар, ақшасы артылып жатқан адамдардың базар маңындағы арба итерген, алақан жайған қайыр тілеу­шіден, құмалақ ашып, балгерлік жасайтын  адамдардан абыройы бір саты  жоғары болуы мүмкін. Бірақ пенделік тұрғыдан адам адамнан асып түс­песі хақ. Өмірдің мәні мен маңызын ойлап, өмір сүріп жатқан сіз бен біз ғана емес, әр адам, тіпті тіршілік иесінің өзі өмір үшін жанталасып, күресіп, тыр­мысып жатқанын аңғару қиын емес. Сол себептен, қоғамдағы қасіреті мен қай­ғысы бар, бірақ одан шығатын қайығы  жоқ  адамдарға да адамдық тұр­ғыдан  қараған  жөн.

Ердәулет  КӘКІМЖАНОВ,

Қорқыт  ата атындағы

ҚМУ-дың  4-курс студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары