Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Сырдария сабырлы қалпына түсті
03.04.2018 12:44

Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов мәлімдеді. Әйтсе де, дария демі бірнеше рет жауаптылардың зәресін алғанға ұқсайды. Мәселен, желтоқсанның 28-і күні мұз кептелісінің салдарынан өзеннің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайындағы 9 тұрғын үйдің ауласын су басқан. Ал қаңтардың 29-ында Сырдария ауданындағы қорғаныс бөгетінің ролін атқарып тұрған «Аласиыр» каналының ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын бөгеті 10 жерден бұзылған. Салдарынан 2300 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге су жайылған. Бұған байланысты Сырдария ауданы әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында өзен арнасындағы мұз кептелісінің кесірінен Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында салынған жаңа көпірдің маңында ұзындағы - 700, ені 20 метр аумақты су басқан. Айта кетейік, бұл маңда мақтаулы жаңа қаланың құрылысы жүріп жатыр. Сол жағалауды тасқын судан сақтап қалу үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қыруар қаржы бөлінген. Оған «Қызылорда қаласы шегінде қорғаныс бөгетін салу және реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілген. Серік Сермағамбетовтың сөзінше, оңтүстік аудандарда мұздың қалыңдығы – 45 см, ал солтүстікте 70 см болғанға ұқсайды. Ақпан айының 26-сынан бастап аймақта мұз жару процесі басталған. Жаңақорған, Шиелі, Қызылорда қаласы және Сырдария ауданынан сеңнің жүруі қалыпты жағдайда өткен.

Қармақшы ауданында наурыздың 21-інде сең жүру кезінде мұз кептелісі салдарынан Қызылтам елді мекенінің тұсындағы «Жосалы-Жалағаш» тасжолы бойындағы көпір мен жолды су шайып кеткен. Адам шығыны жоқ. Су шайған көпір мен тасжол бұзылмаған. Ал наурыздың 28-інде Қазалы қаласында мұз кептелісінің кесірінен «Шағала» жазғы балалар демалу лагерінің аумағын су басты. Атқарылған шұғыл шаралардың арқасында сол маңдағы елді мекендерді су басу қаупі сейілді.

Сәуірдің 1-інде Сырдария өзеніндегі мұз жару процесі толықтай тамамдалды. Мұз «Ақлақ су» торабынан өтіп, теңізге түсті. Бүгінде облыс аумағына түсіп жатқан су көлемі 160 текше метрді құрайды.

Ал жыл басынан бері аймақта 14 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелген. Оқыс оқиғалардан зардап шеккендер саны 3 есеге өскен. Кешегі Ресейдің Кемерово қаласындағы адам шығынына әкелген өрт біздегі төтеншеліктерді де аяғынан тік тұрғызған тәрізді. 2018 жылдың І тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 232 нысан тексерілген. Нәтижесінде 732 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған.

Биыл І тоқсанда 164 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 649 мың 350 теңге айыппұл салынды. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан облыс бойынша І тоқсанда 83 өрт оқиғасы тіркеліп, материалдық шыған 2 млн теңгені құрады. Бұдан 3 адам қаза болып, 4 адам түрлі дәрежеде жарақат алды,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов.

Кемерово қасіреті талайға сабақ болуы тиіс. Омар Құмарұлының айтуынша, ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес сәуір-мамыр айларында сауда объектілері, білім беру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (жеке балабақшалар) өртке қарсы жай-күйі жоспардан тыс тексерілмек. Өрт қауіпсіздігін сақтауға қойылатын басты талаптар: эвакуациялық есіктердің, өрт қауіпсіздігіне қажетті құрал-жабдықтардың болуы, күзетшілердің өрт қауіпсіздігі кезінде қажетті құралдарды қолдана алуы тиіс. Бүгінде департаменттің есебінде тұрғындар көп жиналатын 15 сауда үйі мен базарлар бар. Олар – «Жібек жолы» ойын-сауық орталығы, «Мұз айдыны» спорт кешені, «Арай» спорт-сауықтыру кешені, т.б.

Сонымен қатар 20 наурыздан бастап тазалық айлығы басталғаны белгілі. Тиісінше тілсіз жаудан төнген қауіп те көбейген. Себебі 20 наурыздан бүгінге дейін төтеншеліктерге 52 рет дабылды қоңырау түскен. Оның 7-еуі өрт болса, қалғаны – өртке жатпайтын жану дерегі. Қураған шөпті өртеудің соңы қызыл жалынға ұласып, тұрғын үйлердің қорасы, тіпті, 2 көлік өртеніп кеткен. Осы орайда департамент басшысы облыс тұрғындарын сенбілікке шыққанда өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды.

Халық-хабар

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары