Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

ӨМІР мен ӨНЕР ӨРНЕГІ
12.04.2018 11:17

Он екі мүшесі сау, аяқ-қолы балғадай кей жандар тағдырдың болмашы сынағынан сүрініп, өмірден баз кешіп жатады. Дүкеннің сөресінде тұрған  әдемі әшекейді алуға шамасы жетпей жатса­, әлемдегі  жалғыз бақытсыз жан өзі секілді сезінеді. Олар әуел бастан Хақ тағала адамзат баласына­ өмірімен қоса түрлі сынақтарды да тарту ететінін түсіне бермейді. Сондықтан да көбі маңдайына жазылған сынақтың ырқына көніп кетеді. Ал тек мықтылар ғана тағдырдың тартуына тура қарап, бас имейді, кездескен түрлі кедергілерді жеңіп, аяққа тұруға талпынады. Сондай жандардың бірі – Күлпаш  апа.

Күлпаш  Күншығарова – 1950 жылы құрылған «Сыр сұлуы» ансамблінің құрамында мың бұрала билеген биші.  1-курсынан бастап өзі  оқыған Гоголь­ атындағы педагогикалық институттың (қазіргі Қорқыт ата атындағы ҚМУ) жанынан құрылған ансамблдің белсенді мүшесі болды. Бір сөзбен айтқанда, екінің біріне бұйыра бермейтін ансамблдің құрамында болу бағы бұйырды. «Балықшылар», «Балбырауын», «Келіншек» және тағы басқа билер­ді нақышына келтіріп  билегені сонша­лық, бұл топты сол кездің өзінде Алматы қаласына арнай­ы шақырып, бағдарламаға түсірді. Кейіннен оқу бітірген соң институт мұғалімдері тәжі­рибелі бишіге ұжымда қалуын өтінеді. Алайда­ Күлпаш бірге оқыған студенттермен бірге Жамбыл­ облысына жолдамамен жұмысқа кетіп қалады. Бар ойы – қатарластарымен бір жерде жұмыс істеу. Әрі ел, жер көруді жөн санайды. Алайда «барлығымыз бір жерде жұмыс істейтін болдық» деген арманы орындалмай, жан-жаққа таратылып кетеді. Өзі Үшарал селосындағы мектепке ән сабағынан беретін­ мұғалім болып орналасады. Бұл 1983-84 жылдар болатын. Сырқаты да алғаш осында бас­тала­ды. Алғашында оң иығы ауырып, қолаң шашын­  түюге  қолының әлі келмей  қалған Күл­паш апа ауруханаға қаралып, ем алады. Сол кезде аяқасты­  сыр  берген  денсаулығына алаңдаған ауылдағ­ы  әкесі  Жамбылға келіп, жұмысынан шығарып­, елге әкеледі. Қанша дегенмен сыртта жүрген қызының  денсаулығын  ойлаған  әке  баласының  көз  алдында  жүргенін  қалайды.

Күлпаштың келгенін естіген өзінің бұрынғы оқу орнының ұстаздары оны жұмысқа шақырады. Өзі алғыр әрі білікті, кез келген істі тиянақты орындайтын ол осында бес жылға жуық қызмет етті. Бір ғана жұмыспен шектелмей, қосымша бірнеше жерде қатар еңбек етеді. Алайда кейінгі жылдары денсаулығы сыр беріп, өзін жайсыз сезіне бастайды. Алғашында құдды аяғына ине тыққандай ауырып, жан сезбей қалса, кейіннен мүлдем төсек тартып, жатып қалады. Ал дәрігерлер болса, ешнәрс­е анықтай да, диагноз да қоя алмаған. Ақ халаттылардан үмітін үзген ол қазақы ем іздеп те көрген. Арал, Қазалы аудандарындағы талай емшінің есігін де тоздырады. Бірақ бәрінің айтатыны бір – көз тиген, дуа бар. Осылайша ауруының емін таба алмай, арбаға таңылған күйі қалады.­

Күлпаш апа арбаға таңылғанымен, он екі мүшесі сау адамдардай бақытты, толыққанды өмір сүріп келеді. Өйткені жанында қашанда қолдау білдіретін бауырлары, қиналғанда көмек қолын созатын достары, шығармашылықпен айналыса келе танысқан таныстары бар. Әрі тағдырдың басын­а жазғанын Алланың берген сынағы деп қабылдаған ол бүгінде бар жағдайы жасалып, екі аяғымен  шауып жүрсе де, өмірден баз кешіп жүрген көп  адамға үлгі. Әрі мүмкіндігі шектеулі болса да, белсенді. Қоғамда болып жатқан кез келге­н оқиғаға қатысып, өз пікірін білдіріп келеді. Сыр еліне М.Шаханов ағамыз келгенде де, «баруым­  керек» деп, қоярда-қоймай, ол кісімен кездесіп, қолтаңбасын  алуға  асыққан.

Өмірдің сынағына сүрінбей, еңсесін көтеріп тік тұра білген, тағдыр тауқыметін қанша тартса да, тек алға ұмтылған жанның жүзінен нұр төгіліп тұр. Арнайылап үйіне барғанда қарсы алған Күлпаш ападан осыны аңғардық. Сыңғырлаған дауысын айтсаңшы. Кімді болсын елітіп әкетеді. Ал әңгі­месін тыңдай бергің келеді. Түңілуді мүлдем біл­мейді. Кімді әңгімесіне арқау етсе де, тек мақтайды, жақсы жақтарын суреттеп, жанындағы барлық жандар туралы тек жақсы сөз айтады. Тұрақты емін алып,  кешкілік жаттығуын жасайды, өз-өзін күтеді. Соның нәтижесі болар, өзі айтпақшы «Бұрынғыдай түк сезбей жатып қал­ғанымнан қазіргі жағдайым жақсы­» дейді. Өйткені қолы, бір аяғы жан сезіп, сәл де болса қимылдайтын болғ­ан. Дегенмен Күлпаш апа өмірін өзгемен қосақтауға батылы бармапты. Өзінің айтуынша, өзгеге салмақ салып, масыл  болғысы  келмеген­. Өзгенің бағын­ байлаудан  қорыққан. «Менің тағдырыма  екінші  жартым  шыдай  алмай, жарты­ жолда екі айырылыссақ, «кезіндегі «Сыр сұлуы» ансам­блінің бишісі, дәрігердің қызы (әкесі дәрігер болған) қайтып келіпті деген­  ат  келеді  ғой»  дейді  сәл  жымиып.

Күлпаш   апаның  тағы  бір  қыры – шығармашылыққа  жаны  жақын. Кейде  қолына  қалам  алып, түрлі  тақырыптарда мақала жазады.­ Кәдуілгі тілші дерсің. Ол қалам тартқан тақырыптар сан түрлі. Жеке тұлғадан­  бастап, математика әлеміне дейін үңілген бишінің мұндай қырын жан-жақтылық деп бағалау керек. Ал бір шумақ ән айтқанда, тұла бойың шымырлап, жанды дауысына тамсанып та, таңданып  та   қаласың. Осындай  жақсы  жанның  жанынан да тек жанашыр жандардың табылары сөзсіз. Олай дейтініміз, бүгінде біраз басылыммен  байланыста  жүрген Күлпаш апаның қаламмен мақала жазғанын көрген Талсуат елді мекенінен сайлан­ған  депутат  Қайрат  Ерназаров ноутбук сыйға  тартып­ты. «Сіз мақаланы қолмен жазасыз­  ба? Өзіңіз  қолым  ауырады  дейсіз,  бұлай болмайды» деп тез арада сыйлығын беріп жіберген екен. Жағым­ды жаңалық, алдағы алғаш рет өткелі жатқан­ шығармашылық концертіне де, Күлпаш апаның тілімен айтқанда, Қайрекең қол ұшын созып­, демеушілік көрсетеді екен. Қандай жомарт жан!  Елім деген ел ағалары барда, мүгедекті ауру деп білмейтін жандардың да табылары сөзсіз. Ендеш­е мамыр айына жоспарлаған шығармашы­лық  кеші  сәтті  өтіп, талайды  тағы  да  тамсандырады­ деп сенеміз. Біз де Күлпаш апаның­ сыңғырлаған дауысын  естіп, биін  тамашалауға   асықпыз.

Алла тағала «мұсылманның душар болған ауру, шаршау, дерт, қайғы, тіпті уайымдаған уайымы арқыл­ы  кейбір кінәларын кешіреді» дейді. Бұған қоса душар  болған  аурулары мен өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға сабыр ете білген адамның  бір сағаттық ғибадатына, тіпті бір минуты бір  күндігіне тең болады  екен. Осылайша қысқа ғана   өмір­ді­ң   берекеті  тасып, ғұмыры  ұзара түседі. Әрі сабыр  ету  арқылы  өзге  жандардың  түні  бойы намаз­ оқып ала алмаған сауабына кенеледі. Күлпаш апа да қиындыққа  толы  өмір  жолы, оған таныта білген сабырлылығы арқылы өзіне мол сауап­ жинап жүрген болар?...

Жансая   ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары