Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ҰЛЫН ҚЫЗҒАНАМЫН ДЕП ШАҢЫРАҚТЫ ШАЙҚАЛТТЫ
12.04.2018 11:30

Тасболат  жастайынан анасының  еркесі  болып өсті. Әкесі де бар тәттісін осы ұлына алып келе­тін. Әйтпесе бұның алдында үйде анасы­ бес жыл күткен тұңғыш бала, әлі тілі шыға қоймаған кенже ұл да бар. Бірақ неге екені белгісіз осы ұлы тәтті көрінетін. Мінезі жайдары әрі қамқор анасы да осы ұлына бар зейінін салып, еркелеткіш еді. Тасболат ер жетіп жұмыс істеген сәтте анасының өзіне деген ықыласын бағалап, сыйлағандығы ма, бар табыс­ын әкеп беретін.  Ішкі сырым­ен бөлісіп, жақын досы ретін­де сырласатын да. Алайда шаңыр­ақ көтеріп, сәби сүюге асықпады. Бірақ інісі Жомарт алдын орап кетті. Тасболаттан бұрын отбас­ын құрып, сәбилі болды. Жомар­т  пен Гүлзираның  тұңғышы­ Сержанның  қылықтарына  сүй­сін­ген Тасболат өзінің де шаңырақ көтеру  керектігін  ұға  бастады.

Күндердің күнінде Гүлжанмен сырласып отырған Тасболат, оған өзіне жар болуға ұсыныс жасады.  Жасы 25-ке келген Гүлжан өз-өзін күтіп қалған қаланың қызы болатын. Тұрақты жұмысы, уақытылы алатын жалақысы да бар. Ешкімге қарайлап отырған жоқ. Бір жағынан, сол жұмыс деп оң босағада қалып  бара  жатқанын  сезетін. Сондықтан  жігітінің  ұсынысын  бірден қабыл алды. Жары болуға келісті. Сол-ақ екен, арада бір ай өтер-өтпестен дүркіреп той да өтті. Дүркіремегенде ше, екеуі де табыс тауып, жағдайларын жасап алған жандар­.  Ата-аналарына  айтарлықтай  салмақ та сала қоймады. Небір асхана­ құралдарынан бастап, төсек атаулының сан түрінен құралған қыздың жасауын көргенде, ағайын-туыс таңданды да қалды.  Ал құда-құдағи  мәз. «Көптен күткен ұлы той» деп  бәрі қуанып  жүр.

Алайда қуанышты сәт ұзаққа бармады­. Қашанда анасы десе ішер асын жерге қоятын Тасболат ендігі көп уақытын әйеліне арнайтын болды.­ Екеуі кешкісін бірге қыдыруды, қонаққа баруды жиілетті. Бұл сәтте анасы құдды бір баласын өзге біреу тартып алғандай күй кешетін. Жүрегі сыздап, кішкентайынан еркеле­тіп өсірген баласын қатты қызға­натын. Ал сүйікті ұлы табы­сының  тең  жартысын  ғана  өзіне бергенде, тіпті, мазасы болмай жатып қалды. Таңертеңнен кешке дейін төсекте жатып, өзінің бұл әрекетінің дұрыс еместігін түсінсе де, мінезіне қарсы тұра алмады. Ұлының өзінің емес, әйелінің бабын жасап кеткенін көре алмады. Бірте-бірте санасы тек жағымсыз ойлармен уланған ол енді күйеуі кешкілік жұмысқа кеткен сәттері түнде бөлмесінен қорыққан сыңай танытып, жас жұбайлардың қасына ұйықтауға келетінді әдетке айналдырды. Келіні  қанша  ашуланса да, баласы  анасының сөзіне сеніп, қастарына алып жататын. Не анасына, не әйеліне жағарын білмей екі ортада Тасболаттың басы қатты. Ал жас жұбайлардың арасы осылай алшақ­тай берді. Күндіз жұмыста болат­ын олардың түнде жанына  енесі жатып алады. Бұл жағдай Гүл­жанға қатты әсер етті. Құрбыларымен бөлісіп, сыр тарқатқанымен, одан келер еш пайда жоқ. Соңында «төркіндеткіш» болып кетті. Кейде айлап келмей қоятын. Ал енесі оны іздеуге, шақыруға  асығар  емес. Қайта асығы  алшысынан  түскендей қуа­нып жүретін. Кешкілік жұмы­сынан шарша­п келген баласына асты өзі даярлап, төсегін өзі салып беріп, қуаныштан бал-бұл жайнап жүрді. Мұндай күндері өз бөлмесінен де қорықпайды. Ұлының жалғыз жатқаны­на, Гүлжанның  төркінінде жүргеніне  мәз.

Сөйтіп, баласын келінінен қызған­ған ана соңында екі жасты ажыратып тынды. Үнемі араларына­ түсіп, ұлының сөзін сөйлегені былай­ тұрсын, түнделетіп бөлме­леріне  баруын ақыры доғармады. Ал Тасболат болса кішкентайынан өзін еркелетіп өсірген анасына бір ауыз сөз қарсы келмейтін. Тіпті кейде әйелі Гүлжан артық кетіп жатса, жұдырық ала жөнелетін. Содан­ да болар екі жастың шаңырағы шайқалды да қалды. Ұлын келін­інен қызғанған Қатира жасы алпыстан асса да немере сүйіп, соны еркелетудің орнына, сүйікті ұлын қызғанудан әрі аса алмады. Бүгінде арада бес жыл уақыт өт­ке­німен, Тасболат әлі сүйіктісімен қосылған жоқ. Тіпті, қайта үйленіп, отбасын құруға да батылы бармай жүр.

(Кейіпкерлердің  есімдері  өзгертілген.)

 

Ақсүйрік

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары