Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛ мен КӨК, АЙЫРМАСЫ ЖОҚ
12.04.2018 11:54

Қызық. Бір құралыптас танысым мектепті «Алтын белгімен» бітірді. Кейіннен университетке оқуға түстік. Танысымның танымы, білімі, парасаты, ойлау қабілеті тым жақсы. Ол әрқашан «Университетті қызыл дипломға бітірсем, жұмысқа тұру мүмкіндігім мол» дейтін. Біз әупірімдеп жүріп бітірдік. Ол ЖОО-нын да қызыл дипломға тамамдады. Өткенде жолығып қалдық. Жөн сұрастық. Жұмыссыз екен. Қызыл дипломды құшақтап талай есікті қағыпты. Алайда бірде-біреуі ашылмаған. Осыған орай студент жастардың арасында сауалнама ұйымдастырдық. Қызыл немесе көк диплом олар үшін қаншалықты  маңызды?

Айгерім  Нажмадинқызы, журналист:
– Дипломның  көк немесе қызыл  болуы  маңызды емес. Оны мен де, сіз де, анық бағамдап жүрсіз. Бұрын біздің әке-шешеміздің заманында (өздерінің айтуынша) қызыл қағаздың маңызы әсте жоғары болыпты-мыс. Яки, жақсыға аяқтасаң, жұмысқа көк дипломы бардан бұрын сені қабылдайды деп өсірді. Сол санаға сіңіп қалған ба, университетті қалай да қызылға бітіру мақсат болды. Кейіннен белгілі болғандай, өндірістік практикада  сенің  қағазыңнан  гөрі  қабілетің   маңыздырақ  екенін ұқтық. Ал қызыл дипломның абыройы  тек, сол туған-туыстарың мен тамыр-таныстарыңның арасында сол күйі қалып қояды. Сосын – сандықта.

Бекбол  Қаратайұлы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 3-курс студенті:

– Шынымды айтсам, дипломды түрге бөлу деген  дұрыс емес. Бұл – адамды  жақсы және жаман, бай немесе кедей деп міндетті түрде екіге ғана бөлетін коммунистерден қалған сарқыншақ. Қызыл деген түстің өзі коммунизмді білдіретін жырынды емес пе? Егер түсті идеология деп алсақ, өліп қалған КСРО-ның символы тәуелсіз қазақ үшін неге үздік деген мағына беруі керек? Неге өз туымыздың түсі ортаңқол білім  иесі  дегенді  айшықтауы керек? Біз  коммунизмнен  бас тартқан ел емеспіз бе? Олай болса, дипломды да түске бөлудің қажеті жоқ. Университетті тамамдаудың өзі үлкен жетістік саналуы шарт. Тиісінше, ЖОО-на қойылатын талап өте-мөте жоғары болуы керек. Үздіктердің үздігі ғана ЖОО оқи алатындай болғаны ләзім. Ол кезде автоматты  түрде  мынау оқуды жақсы оқыды, ал мынау орташа оқыды  деген  бөлініс  болмайды. Сіз «Еуропа  немесе АҚШ-тың ЖОО-ын қызыл дипломға бітіріпті»  дегенді  естідіңіз  бе? Оларда диплом түске бөлінбейді. Бір ғана қағаз: Пәленше Оксфордты тамамдады деген тілімдей қағаз ғана береді. Сосын қай еуропалық елді көрдіңіз, Оксфордты үздік бітіріпті деп жұмысқа қуана қабылдап жатқанын? Жоқ, ондай! Ол жақта тек білімділер ғана универде оқығандықтан, диплом категорияға   бөлінбейді. Сондықтан да,  мен  үшін  дипломның  қызылы да, көгінің  де  маңыздылығы  жоқ. Өз басым  университетті  ел қатарлы  тамамдап, бір жапырақ қағазымды алып, өзімнің тәжірибеме сеніп жұмысқа орналасу. Қызыл  диплом  алуға  да талпынбаймын!

Гүлжайна Пірімбетова, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік  Қазақстан мемлекеттік университетінің   4-курс  студенті:

– Жоғары оқу орнына түскеннен  соң, төрт жыл бойы білім аламыз. Өз мамандығымыздың қыр-сырын тану үшін көптеген пәндерді өтеміз және оны практика  жүзінде де көрсетеміз. Әрбір жасаған жұмыстарымыз үшін баға қойылады. Ол баға дипломға түседі дегендей. Басынан-ақ, әркімнің жетістігі көрінеді. Мысалы, өзімді айтар болсам,  мемлекеттік емтиханда тарихтан 4 алып қалғаным үшін қызыл диплом ала алмаймын. Егер де сіз жақсы оқып, барлық сәтте белсенді болсаңыз, өз мамандығыңыздың үздігі неге болмасқа? Қызыл диплом алған жақсы. Бір көргенде, сұрағанда, атын аспанға шығарып айтқанда, кімге болса да бұл сөздің ұнайтыны анық. Менің жеке пікірім: қазіргі бәсекелестік, білім  заманында дипломның қызыл, көк екені маңызды роль атқарады деп айта алмаймын. Біліміміз  танылатын  сәт  жұмыс  жасау  барысында  көрінеді.

Шернияз  Жалғасбекұлы, Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ-дың 1-студенті:
– Меніңше, дипломың қызыл болсын, яки, көк болсын, айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Себебі қызыл дипломды біліммен алып жатқандар саусақпен санарлық. Бармақ басты, көз қысты  әрекеттердің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Жатқа қарап, ойға келгені – осы. Пікірге талас жоқ. Бүгінде оқып жатырмыз, берген білімін санаға тоқып жатырмыз. Сәйкесінше, ұстаздарымыз  лайықты  бағасын қояды.
Жұмыс іздеген жастар саны тым көп. Қазіргі қоғамда дипломның түсіне һәм ішіндегі бағаға қарап тұрған жоқ секілді. Өз ісінің білікті маманы көк-қызыл дипломға қарап қалып отыр деу қиын, шын маманды іздеп жүріп табатын  жұмыс  берушілер  де осы   пікірмен  санасады.
Студенттік ең қызық шақта шынымен де қызыл диплом қызықтыратыны белгілі, жатпай-тұрмай оқып, әр мұғалімнің қабағын бағып, қызыл диплом жолында қып-қызыл еңбекке бас сұғатын студенттер аз емес. Тек жоғарыда білдірген пікір осы бір ұстанымды ығыстырып келе жатқандай.


Пікірлерді   топтастырған
Қозы  Көрпеш   Жасаралұлы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары