Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Алтынайдың асуы
13.04.2018 16:23

«Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады» деген сөзді қазақ аса көрегендікпен айтса керек. Талабы бар бала өзінің алғырлығымен, ойлау ұшқырлығымен жастайынан ерекшеленіп, биікке ұмтылып тұрады. Әсіресе, тума талантты балалар қиял ұшқырлығына ерік беріп, өзіне ұнайтын салаға қарай ойысып, икемделе бастайды. Балалардың сүйікті авторына айналған Алтынай Айбекқызы да осындай қасиеттерге ие. Өткен аптада дарынды жас ертегіші қыздың «Ертегілер» атты ертегі кітабының тұсаукесері өтті.

- Мәңгілік мазасыздық – ақындық кез келген адамның бойына қона бермейтін дарын емес. Шығармашылық адамға қолдау көрсету керек. Шығармашылық жол – шытырманы көп ауыр жол. Алтынайдың сол жолда өзіндік сара жолын сала алатындығына сенімім мол. Шыны керек, жас балаларға арналған кітаптар һәм осы бағытта жазатын жазушылар саусақпен санарлықтай. Болған күннің өзінде қазақ жас оқырмандарына аздық етеді, - деді басқосуда сөз алған «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Қаныбек Әбдуов.

Ұшқыр қиял иесін шығармашылыққа баулуда ата-ана, тәлімгері мен оқушының тығыз үштік одақ байланысы қажеттігін айтқан Алтынайдың ұстазы Гүлмира Тәшімова бұл кезекте әжесі Шолпанның қосқан үлесі ерек екенін сөз етті. Алтынайдың алғаш дарынын байқаған ұстазы қазіргі таңда оқушылардан бөлек екенін ескеріп, қалған қатардағы шәкірттеріне қарағанда көп уақыт бөлетінін, Алтынайдың көп уақытты үйірмеде өткізетінін және ертегі жазуда бірінші сурет салып, одан шыққан бейнеге тіл бітіріп, сөйлете отырып жазатындығын айтты. Алғашқыда бұл бағытқа бейімі бар екенін «Журналистика әрі кәсіп, әрі міндет» атты эссе жазуынан байқаған тәлімгері оқушысының таланты мен талабын бағалап, әрі қарай еңбек етіп, шығармашылық шыңдарға шығуына себепкер болуды мақсат тұтқан екен. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұстанымдағы ұстаз оқушысына дән риза және Алтынайдың алар асулары мен бағындырар белестері әлі де алда екендігін айтты.

Ертегіші Алтынайдың бірінші басылған кітабы сатылымға шығарылды. Одан түскен қаржыға екінші туындылар жинағын басып шығармақшы. Бұған дейін «Балдырған», «Ақжелкен», «Ұлан», «Ертегілер елінде», «Мөлдір бұлақ», «Сыр Дидары», «Тіл сақшысы», «Халық» газеттері мен «Қызылорда-news» интернет басылымдарында төл туындылары жарияланып жүр. Жалпы, осы кезге дейінгі шығармашылығында 40 ертегі, 30 өлең, 30 әңгіме бар, оның 29 ертегісі, 13 өлеңі мен 12 әңгімесі облыс әкімі Қ.Елеуұлы мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен мың данамен жарыққа шыққан «Ертегілер» кітабына енген.

Болашағынан зор үміт күттіретін жас талант алдағы уақытта қызығы мен шыжығы қатар жүретін журналистика саласында еңбек етуді қалайды. Жай ғана ниет танытып, қол қусырып отыруды білмейтін №267 мектептің 6 сынып оқушысы қазіргі таңда жергілікті «Тіл сақшысы» газетінің жас тілшісі. Бір бойына бірнеше өнерді сіңіре білген ерек қыз ертегі жазудан бөлек республикалық «Үш бәйтерек» байқауында ІІІ орын, республикалық «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» байқауының және облыстық «Мен өмірді қалаймын» республикалық қашықтықтан өткізілген байқаудың ІІІ орын, жазбаша шығарма байқауының ІІІ орын иегері атанған. Одан бөлек осы жылдар аралығында «Балапан» телеарнасының, «Мөлдір бұлақ» журналының, «Тіл сақшысы» газетінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына Президент күнімен құттықтап хат жолдаған Алтынайға мемлекет басшысы өз кезегінде шығармашылық талпынысына сәттілік тілеп, ізге ниетін білдірген хатын және «Қазақстан жолы», «Еуразия жүрегі» сынды кітаптарын тарту еткен. «Ақиқаттың алаңына келгенде шындықтың семсерін сермеп, мұқым елдің мұңын жеткіземін, билік пен халық арасындағы алтын көпір боламын» деп брифингке қатысушыларға алғысын жеткізді.

Шернияз  ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ,

Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ-дың  1-курс  студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары