Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Отандық тауарөндірушілер қаншалықты қолдауға ие?
16.04.2018 11:19

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Сатып алу саласында отандық тауарөндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким жүргізген комиссияда отандық тауарөндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген жұмыстар барысы талқыланды.

Отырыста комиссияның тең төрағасы – облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов 2017 жылы мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 49 млрд. теңгенің келісімшарты орындалғандығын айта келе, соның ішінде жергілікті қамтудың көлемі 23 пайызды ғана құрағанын жеткізді.

Палата басшысының айтуынша, отандық тауарөндірушілерді қолдауға бағытталған жұмыстарға қарамастан негізгі құрылыс заттары өзге өңірлерден, тіпті өзге елден сатып алынған.

Ғалымбек Жақсылықов бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ресми интернет-ресурстарында қажетті негізгі құрылыс материалдары туралы ақпарат орналастыру туралы тапсырма берілгенімен, талдау көрсеткендей, әлі де орындалмай отырғандығын айтты.

«Мәселен, жыл басынан бері ресми-интернет ресурстарында жалпы құны 100 млн. теңгені құрайтын құрылыс материалдары туралы ақпаратта «К» қосымшасы (отандық тауарөндірушілерге қатысты) жүктелмеген. Мемлекеттік органдар тарапынан орын алып отырған мұндай немқұрайдылық жергілікті тауарөндірушілерге айтарлықтай зиянын тигізуде», - деді Палата директоры.

Мұнан өзге, комиссия отырысында облыста қап шығарумен айналысатын «Полимер продукт» ЖШС-нің проблемасы да қаралды. Мекеме басшысының айтуынша, өңірдің қапқа деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бола тұра, «Полимердің» өнімі емес, шетелдік өнімдердің алынып жатқандығын жеткізді.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким «Полимер продукт» ЖШС-нің мәселесін мүдделі ұйымдардың басшыларын қатыстыра отырып, қайта қарауды ұсынды. Ал отандық тауарөндірушілер туралы ақпаратты кеңінен тарату, жергілікті тауарөндірушілерді насихаттау мақсатында арнайы интернет-ресурсын ашуды ұсынды және бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін мемлекеттік органдар да өз ұсыныстарын беруі қажеттігін баса айтты.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары