Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Қаланың көркеюі – ел мерейі
16.04.2018 11:33

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және «Ел Арай» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Талсуат ауылдық округінде орналасқан «Мүгедектерді оңалту» орталығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Келбеті көркейген Қызылорда» тал егу акциясы өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестік белсенділері, мекеме қызметкерлері, оңалту орталығында ем алушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

- Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп, үлген игі бастаманы қолға алып отыр. Ағаш отырғызу акциясы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылуда. Жалпы, атаулы мереке аясында Ассамблея тарапынан 200-ге тарта қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі бастамаға аға буын өкілдері, жастар, мекеме ұжымдары да қолдау көрсетуде. Егер әрбір азамат, әсіресе, жастар елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Қала – ортақ үйіміз, оның көркеюі мен жасыл желекке айналуы – ел мерейі. Игі істерімізге сәттілік тілеймін, - деді облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова.

Шаһардың 200 жылдық мерекесіне орай қаланың көркеюіне үлес қосу, аймақтағы түрлі этнос өкілдерін қоғамдық-мәдени іс-шараларына қатыстыру мақсатындағы акцияда 600-ден астам көшет отырғызылды.

- Өңірімізде ағаш егудің игі дәстүрге айналғаны бізді қуантады. Облыстық ассамблея мүшелері қаланың көркеюіне атсалысып, үлгілі істерімен үлкен шараға үлестерін қосып жүр. Бүгінгі еккен көшеттеріміз бірнеше жылда жайқалып өсіп, қаланың сәнін ашады деп сенемін. Тал егу акциясы – өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Еккен талдар қаланың экологиялық жай-күйін жақсартатыны да сөзсіз, - деді игі шараға белсене қатысқан «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова.

Акцияға қатысқан оңалту орталығының емделушілері жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады деп қуаныштарын жеткізді.

Тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпақтың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру – парыз. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін тигізу үшін акцияға облыстық ҚХА жанындағы Жастар қанатының мүшелері де барынша атсалысты. Қаламыздың абаттанып, шырайын әрлендіре түсу үшін өз күштерін аямайтындарын айтып өтті.  Акция соңында орталық емделушілері арасында спорттық сайыс өтті. Қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген наурызкөжеден дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Қорытындысында сайыс жеңімпаздары мен этномәдени бірлестік белсенділері марапатталды.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары