Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
Қайық жасаудың шебері
16.04.2018 15:13

Әңгімеміздің кіріспесін «САРАТС» жобасының маңызы мен Арал өңіріне тигізген пайдасынан бастасақ. Ел арасында ғасыр кереметіне баланған осынау жобаның алғашқы кезеңінің өзінде теңіз төскейі айтарлықтай түлегені баршаға белгілі. Олай болса, игілікті істерге қысқаша тоқтала кетсек.

Ауданда жылдық қуаттылығы 16400 мың тоннадан асатын балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. «Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық», «СДО Қарашалаң» ЖШС-нің балық өңдеу зауыты балықты терең өңдесе, «Бөген СДО», «Қуаныш» ЖШС шағын балық өңдеу зауыттары балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады. Еврокод белгісі «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-нің балық өңдеу зауытында бар. Аталмыш зауыт халықаралық стандартқа сай салынған. Серіктестіктің жылына 6000 тоннаға дейін балық өңдеуге мүмкіндігі мол. Зауыттың қуатты технологиялық жабдықтары балық филесін дайындауға арналған. Өндіріске қажетті балық кіші Арал теңізінен жеткізілуде. «Аста» ЖШС, «Бақыт» шаруа қожалығы болса, Кіші теңізден балық аулаумен щұғылданады. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі осы шаруашылықтарда маусымдық балық аулаумен айналысады. «Бақыт» шаруа қожалығы салған балық қабылдайтын мұздатқыш орталығында ауылдың бірқатар тұрғыны жұмыспен қамтылған. Қаратереңдегі «Қуаныш» ЖШС де толымды тірлігімен көзге түсуде. Кіші теңізде балықтың 22 түрі бар. Әсіресе көксерке балығы жиі кездеседі. Экспорт сұранысына сай тыран, сазан, торта, жайын балықтары аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі сатылымға шығарылып отырады. «Тастақ» бөлімшесінде өткен ғасырдың орта шенінен бастап жұмыс істейтін балық өсіру питомнигі орналасқан. Кіші теңіздің қайта оралуына байланысты «Тастақ» питомнигіне жыл сайын 22 млн.-ға жуық майда шабақтар өсіру жоспарға сәйкес жүктелген.

Кіші Арал теңізінің толуымен балық аулау кәсібі қайта жандана бастады. Мұндай қадам өңірде кәсіпкерлік саласының да алға басуына жол ашты. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Жансерік Нысанбаев – теңіз төскейінің төл перзенті. Орта мектептен соң заң колледжін үздік бітірген жігерлі жас жігіт енді жоғары білім алуды алдына мақсат қылып қойды. Ал ойға алған жоспарын жарты жолда қалдыру Жансерікке жат дағды. Ақыры арманы да жүзеге асты. Заңгер мамандығын да игерді. Біршама жыл Ақтөбе қаласында жиһаз құрастырушы, құрылысшы, жиһаз өндірісін ашу және ұйымдастыру сияқты жұмыстарға араласып, еңбек көрігінде де шыңдалды. Десе де, көкейінен айдынды Аралға деген сағынышы арылмады. Ақыры «Ер туған жеріне» қағидасымен ауылға ат басын бұрды. Өскен ортасына оралып, өзінің бизнесін дамытуды көздеген жас жігіт «Арал Жиһаз» мекемесінің негізін қалады. Айы оңынан туды. Сапалы бұйымға тапсырыс берушілер көбейді. Арада жылдар жылжыды. Жансерік өз қаражатының есебінен орталық базар маңынан жер алып, құрылыс нысанын салуды қолға алды. Бастаған шаруаны аяқтауға машықтанған табиғаты тағы да нәтижесін берген еді. Осылайша жаңа өндіріс орны іске қосылды. Мұнан тура төрт жыл бұрын Қазақстан Халық Банкі арқылы несие иеленіп, нысанды заманауи автоматтандырылған қондырғылармен жабдықтады. Сол қондырғылардың жиһаз өндірісінде өнім түрлерінің ұлғайып, тез әрі мезетінде орындауға зор септігі тиді.

Бірде Жансеріктің санасына балықшылардың мұқтаждығына байланысты «Неге сапалы да тиімді дайындалған қайық жасамасқа?!» деген ой түсті. Бұлай пайымдауға бірнеше себептер де түрткі болды. Атап айтқанда, қазіргі таңда теңізде жүрген қайықтардың басым бөлігінің тозығы жеткен. Өткен ғасырдың 70-80-жылдары Кеңес өкіметі тұсында жасалған сондай қайықтарды шетелде, мәселен Ресейде суға түсіруге рұқсат бермейді. Оған қоса қайық корпустарының үлкен болуына байланысты көрші мемлекеттерден тасымалдауға қажетті құжаттарын рәсімдеу қиындық тудырады. Осы жайттарды саралай келе, Жансеріктің «өндіріс орны қайықтарды өзге мемлекеттер өндіріп отырған бағада және сапасы жағынан еш кем түспейтіндей етіп жасай алады. Барлық мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуы басты назарда ұсталып, қолданылатын шетелдік шикізат пен автоматтандырылған өндіріс құрылғылары қажетке жаратылады. Ғылым мен жаңа технологиялар дамыған заманда темір мен алюминийге қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі төзімді шайыр мен стеклоталшықты араластыра отырып тиімді, ұтымды, сапалы қайық корпустарын неге шығармасқа?!» деген тұжырымы беки түсті.

Сонымен игі бастаманың соңы не болғанын білгіңіз келе ме, оқырманым?! Жеке кәсіпкер Жансерік Нысанбаев басшылық ететін өндіріс орнында жасалған әсем де сапалы, ыңғайлы қайықтарды Қамбаш көлінен кездестіре аласыз. Ал осынау кәсіптің ауқымын ұлғайту – келешектің еншісінде.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары