Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді
17.04.2018 15:41

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында отырыс өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, облыстық ішкі істер департаментінің қызеткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов пен Ұлттық бюроның (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлық әрекеттері ойында болмаса да кей азаматтар қателікке бой алдырып жататындығын, заң білмеген жауапкершіліктен құтқармайтындығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясатқа құлақ аспай, ойындағыны жасайтын болса, онда әрине оны түбінде темір тор күтіп отырғандығын да ескерте кетті.

Сонымен қатар, Республика бойынша 2017 жылдың 12 айында 2 237 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс анықталған. Оның 89-ы жүйелі (системный) жемқорлық фактісі бойынша 257 тұлғадан тұратын қылмыстық топ құрықталған. Орындалған жұмыс актілеріне қол қою және тендерлерде ұтуды қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлерден пара алудың 269 фактісінің жолы кесілген.

2017 жылы 7,5 млрд. теңге, ал соңғы 3 жылда 17 млрд. теңге мемлекет қазынасына қайтарылған.

Әрине бір қуантарлық жағдай соңғы жылдары жалпы облыста тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар санының төмендеуі байқалады.

Елбасы өз жолдауында «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» деп атап өтті.

Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс деп қорытындылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары