Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
ҚАЙРАТЫ ҚАШЫП, ҚАЙСАРЛЫҒЫ ЖОҒАЛДЫ
26.04.2018 10:03

Футболдан  ел чемпионатының  6 тур ойындары да аяқталды. Бұл жолы жергілікті “Қайсар”­  футбол  клубы Алматының орталық алаңында “Қайратқа” қарсылас атанды. Бұған дейін “Ақжайық”, “Ертіс” секілді клубтармен өз алаңында тең ойнап, “Ақтөбеден” жеңілсе, түзде “Астана” мен “Жетісуға” жол берген болатын. Осылайша, 2 ғана ұпайды қанағат еткен ұжым турнирлік кестеде тым төменде тұрған еді. Десе де, қайсарлығынан тайған “Қайсарды” қолдауды жанкүйерлері бір тоқтатқан емес.

Түздегі ойындарды тамашалауғ­а клуб басшылығы да мүмкіндік жасап отыр. Бұған дейін Астана қаласына жолы түскен  сырбойылықтардың  Алматыға аттануы да қиынға соқпады. Алатау бөктеріндегі ойынға­  жанкүйерлермен  бірге  бару  бақыты  бізге  де  бұйырды.

“Қайсар” ойынды ширақ бастады деуге болады. Тіпті, есеп ашатын тамаша мүмкіндігі болған. Ұрымтал сәттердің бірінде Тоқтар Жаңғылышбай “Қайраттың” қорғаушысынан допты тартып алып, Валерий Коробкинге “шайнап” берген еді. Ал, Коробкиннің қолынан шайналғанды жұту да келмеді. 19-минутта Исаэль “қас­қырлардың” қорғаушыларын қапы қалдырып, таблоға өз­ге­ріс енгізді. Бұл уа­қытта Қызылордадан келген 50 жан­күйерден бөлек, Алматыдағы бірқатар жерлестер “Қайсардың” тілеуін тілеумен болды. Ойыншылар да намысты қолдан бермеуге тырысты. Тоқтар Жаңғылышбай допты алаң ортасында үш қорғаушының арасында тұрып қабылдап алды да, қарсыластың айып алаңына ентеле­й түсті. Бұл жолы допты легионер Матиас Курьордың аяғына салып берді. Таразы  басы  теңесті.

Екінші таймда “Қайсар” “Қайратпен” иық тірестіруін қойды. Есесіне алаң иелері көсіле ойнап, үш гол соқты. Әуелі Аршавин қақпашымен бетпе-бет шығып, есептегі ба­сымд­ыққа ие болса, Чума Анене алматылықтардың үшін­ші голын соқты. Ал, ойынға қо­сыл­ған қосымша  уақыт аяқталар тұста Станислав Лунин шірене теуіп, қақпа торын тағы да ту­латты. Қорытынды  есеп: 4:1.

“Қайсар” осы жеңілісінен кейін бір саты төмен сырғып, соңғы орынға жайғасты. Осыдан соң ызаға булыққан қызыл­ордалық жанкүйерлер премьер-лиганың турнир кестесін төңкеріп тастап қызықтап жүр. Төңкергенде клубтың бірінші орында тұратыны айтпаса да белгілі жайт. Шынында команданың қазіргі жағдайы адам аярлықтай. Облыс әкімі Қы­рымбек Көшербаев коман­даның  таныстырылымында  5-орын үшін еңбек ететінін айтқ­ан болатын. Ал мына ойын­мен “Қайсардың” ұзай алмайтыны  бесенеден  белгілі. Қайраты қашып, қайсарлығы жоғалған  сырбойылық  клуб   29 сәуір күні Шымкенттің “Ордаб­асы” клубын өз ала­ңында  қабылдайды.

Рыскелді   ЖАХМАН,

Қызылорда-Алматы-Қызылорда

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары