Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Тең ойынмен тірнектеп жиналған ұпай
03.05.2018 10:38

Футболдан ел бірін­шілігінің 7-тур ойын­да­рында Қызылорданың “Қайсары” өз алаңында Шымкенттің “Ордабасы” клубын қабылдады. Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында басталған ойын жергілік­ті клубтың басымдығымен өтті деуге толық негіз бар. Ойын алдында Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол­ лигасының шұ­ғыл жиналысы өткен болат­ын. Онда Премьер-лиганың “Қайсар”-“Ор­даб­асы” матчының бас төрешісіне белгісіз тұл­ғалар  тарапынан  қысым көрсету  әрекеті  қаралды. Осы  оқиғаға  байланысты  ойынның  бас төре­шісі Алексей Бобровтың орны­на FIFA төрешісі Денис­ Лобашовты қою жөнінде шешім қабылданды. Бұл жағдай бо­йынша Қызылорда об­лысының Ішкі істер департаментінде қылмыстық  іс қозғалды.

Ойынның өту барысынан бұрын, статис­ти­каға кезек берсек. Қос команда бұған дейін 10 рет жолығыпты. Со­ның 4-еуінде “қасқырлар” басым болса, 3-еуінде шымкенттік ұжым же­ңі­ске жеткен. Ал, командалар осыған дейін 3 рет тең тарқасыпты. Голдар саны: 11-9, “Қайсардың” пайдасында.

Ойынның бірінші бөлігінде өте сауатты ойна­ған қызылордалық команданы жанкүйерлер тани алмай қалды. “Ордабасы” қақпасына үсті-үстіне шабуыл жасап, қауіпті соққылар бағыттағанда қуанып, шат-шадыман күйде отырдық. Десе де, ешбір шабуыл нәтижемен аяқталмады. Қорытынды есеп: 0:0. Бұл “Ордабасыға” қарсы 4-інші тең ойын болса, маусым басталғалы бергі 3-інші ұпай бөліскен кезде­су  саналып  отыр. 14 наурызда “Ертіске” қарсы  матчта Григоренко  қақпаны  құрғақ  ұс­таса, бұл жолы Ислам­құлов шымкенттіктердің есеп ашуына мүмкіндік бермеді. Жеті тур бойына  жеңістің  дәмін  татып көрмеген “Қайсар”  3 ұпаймен турнир кестесінің соңғы  жағына  жайғас­қан. Жерлестері­міз келе­с­і ойынды 5 мамыр күні сырт алаңда Қостанайдың “Тобылына” қарсы  өткізеді.

 

Пол ВЕРЕ, “Қайсар” футбол клубының ша­буылшысы:

- Біз жеңіске деген сенімділікті қолымызға алғымыз келеді. Кешегі ойында шүбәсіз жақсы ойнад­ық. Кез келген кез­десуде жеңе алатыны­мызға осы ойын дәлел болды. Әрқайсысымыз соңғы мүмкіндікті пайдалана білсек, жеңер едік. Жан­күйерлерге рақмет, соңғы минутқа  дейін  қолдады.


Премьер-лиганың VII тур қорытындысы:­

 

«Ақжайық» – «Шахтёр» 1:1 (1:0)

26' Берік Шайыхов (1:0)

55' Александр Володько (1:1)

 

«Қайсар» – «Ордабасы» 0:0

 

«Ертіс» – «Қайрат» 1:2 (1:1)

11' Дору Попадюк (1:0)

45' Андрей Аршавин (1:1)

63' Чума Анене (1:2)

 

«Атырау» – «Жетісу» 1:0 (0:0)

68' Марат Хайруллин

 

«Астана» – «Тобыл» 1:0 (0:0)

67' Патрик Твумаси пенальтиден

 

«Ақтөбе» – «Қызыл-Жар СК» 2:0 (1:0)

31' Абат Айымбетов, 82' Милан Радин

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары