Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
04.05.2018 10:27

Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 73-ші отырысында су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды. 3-4 мамыр күндері өтетін іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің салалық министрлік өкілдері қатысуда.

Қызылордада өтетін 73-ші мемлекетаралық комиссия отырысына қатысу үшін Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Султон Рахимзода және Түрікменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Магтымгулы Байрамдурдыев жұмыс сапармен келді.

Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясы 1992 жылда Орталық Азия елдерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелері бойынша шешім қабылдау алаңы ретінде құрылды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов атап өткендей, биыл болжам бойынша аяқсу аз болады, сондықтан су ресурстарын мемлекеттер арасында үлестіру мәселесі өте маңызды, әсіресе Сырдария өзенінің төменгі ағымында орналасқан Қызылорда облысы үшін өзекті болмақ.

Комиссия отырысында қатысушылар 2017-2018 жж. Сырдария мен Әмудария бассейндеріндегі вегетацияаралық кезең қорытындысын талқылап, 2018 жылы вегетациялық кезеңде су алу лимиттері мен су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті, сондай-ақ, «Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын кешенді басқару пайдалану және қорғауына ақпараттық-талдау қамтамасыз ету және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөнінде» Келісім жобасы бекітілді. Одан бөлек, қатысушылар мемлекетаралық комиссияның жұмысын одан әрі күшейту мәселелерін талқылап, комиссияның 74-ші отырысын өткізу бағдарламасы мен орнын келісті.

Түстен кейін отырыс қатысушылары Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы комиссия жұмысының көрші мемлекеттер арасында су шаруашылығы мәселелерін реттеудегі маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Халықаралық Арал теңізін құтқару қорының құрылғанына 25 жыл болды. 1993 жылы 25 наурыз күні Мемлекет басшыларының Қызылорда қаласында өткен саммитінде қорды құру жөнінде шешім қабылданды. Жалпы алғанда, Орталық Азия елдерінің су ресурстарын бірлесе басқару жөніндегі әріптестігіне биыл тура 100 жыл болмақ, өйткені 17 маусым күні «Түркводхоз» - бұрын құрамында комиссия мүшелері болған Түркістан республикасының су шаруашылығы басқармасының құрылуына 100 жыл болады.

«Арал теңізі мәселесі баяғыда жеке бір аймақ немесе елдің шеңберінен шығып, бүкіләлемдік деңгейдегі мәселе болды. Жағдайды жақсарту үшін су ресурстарын тиімді пайдаланып, су алу лимиттерін сақтау бойынша жұмысты әрі қарай күшейту керек. Осы мәселелер 15 наурыз күні Астана қаласында Мемлекет басшылардың кездесуінде талқыланды. Ал тамыз айында Ашхабадта Халықаралық Арал теңізін құтқару қорына қатысушы елдерінің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы жоспарлануда», - деп атап өткен облыс әкімі Мемлекет басшыларының отырысына орай комиссия жұмысын әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныс айтты.

Кездесуге қатысушылар комиссия отырысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның жұмысына барынша ықпалдастық жасалғанын атап өтті. Мәселен, Өзбекстан Республикасының Су ресурстары министрі Шавкат Хамраев суды пайдалану мәселелері Орталық Азия елдері үшін аса маңызды екенін және өз тарапынан осы салада әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтты.

Мемлекетаралық комиссияның 74-ші отырысы Ашхабад қаласында ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізіледі деп жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары