Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
Қызылордалық полицейлер полиция полковнигі Әмірбек Бердібекұлын зейнеткерлікке салтанатпен шығарып салды
04.05.2018 11:47

3 мамыр күні Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде ұзақ жыл жемісті еңбек еткен департамент бастығының орынбасары Әмірбек Шаймағамбетовтың зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті. Салтанатты рәсімге департамент басшылығы және жеке құрам қатысты. Рәсімнің алғашқы сөзін департамент бастығы, полиция полковнигі Қ.Мұхитов алып, Әмірбек Бердібекұлына ішкі істер органдарында күнтізбелік есеппен 33 жыл абыройлы қызмет етіп, Отан алдындағы антына берік болып, қызметтік міндетін адал орындағаны үшін алғыс білдірді.

Өз құттықтау сөзінде Қайрат Болатұлы «Осы күні құқық қорғау саласының майталманы ретінде құрметті демалысқа шыққаныңызға куәміз. Ел үшін адал қызмет етіп, абырой биігінен көріндіңіз. Сіздің өмір жолыңыз, атқарған қызметініңз – құқық саласының жас мамандары үшін үлгі мен өнеге» деп атап өтті.

Полиция полковнигі Әмірбек Бердібекұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап совхозында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын, ал 1999 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастары институтын бітірген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1987 жылдың желтоқсан айында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің Мемлекеттік автоинспекциясы (МАИ) бөлімшесінің инженерінен бастап, кейін осы бөлімшенің аға инженері, Қызылорда ОІІБ-ның МАИ бөлімі жол-патрульдік қызметі жеке ротасының аға инспекторы, осы рота командирінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

1993-2002 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің Мемлекеттік автоинспекциясы бөлімшесінің бастығы, Қызылорда ОІІБ-ның жол полиция басқармасы бастығының орынбасары , осы басқарманың тіркеу-емтихан қабылдау бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарса, 2003 жылдан бастап Қызылорда ОІІБ-ның көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған. Сырдария АІІБ-нің бастығы лауазымында жүргенде, бөлімді базалық орган қылып жасауға зор үлесін қосқан.

2006-2009 жылдар аралығында Қызылорда ОІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы, 2009-2012 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2012 жылдан бері департамент бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Ішкі істер органдарындағы қызметінде ІІ, ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Ерекше қызметі үшін» медальдарымен, «Үздік қызметі үшін», «Қазақстан полициясына 15 жыл», «Қазақстан полициясына 25 жыл» омыраулық белгілермен наградталып, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бағалы сыйлығымен, ОІІД-нің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, облыс басшылығы тарапынан Әмірбек Бердібекұлының сіңірген еңбегі мен еңбек үлесі еленіп, көптеген мақтау марапатқа ие болды.

Ұйымдастырылған салтанатты рәсім барысында ұзақ жылдар бірге қызмет атқарған әріптестері сөз алып, жылы естеліктерімен бөлісті. Қызметтестері сала ардагеріне лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары