Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ
05.05.2018 10:51

Сыр өңірінде жастарды қолдау және әлеуметтік қамтамасыз етуге республика бойынша ең көп қаражат бөлінеді. Жастар аймақ тұрғындарының айтарлықтай бөлігін құрағандықтан жастар саясаты мәселелері аса маңызды. Ол туралы Қазалы ауданында өткен жастар саясаты мәселелері жөніндегі көшпелі кеңес отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Жиын басында аймақ басшысы жастарды қолдау мәселелері аса маңызды әрі шұғыл шешімді қажет ететіндігін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, облыс халқының айтарлықтай бөлігі жастарға тиесілі. Тұрғындардың жалпы санының 24 пайызын жастар құраса, олардың 42 пайызы қалада, 58 пайызы ауылда тұрады. Біз оларға сапалы білім мен сұранысқа ие мамандық беріп, жұмысқа орналасуға көмектесуіміз керек. Сондықтан жастар саясатын қаржыландыру - жұмысымыздың басымдықтарының бірі. Қызылорда облысы республика бойынша жастарды қолдауға ең көп қаражат бөліп келеді. Қазірдің өзінде аймақта біраз мәселе шешілді, дегенмен, атқарылмағаны да аз емес», - деді облыс әкімі.

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев өскелең ұрпақты қолдау бойынша орындалған жұмыс туралы баяндады. Аудандық жеке кәсіпкерлік субъектілердің 12 пайызы – жастар. 113 қазалылық жас «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқудан өтсе, тағы да 56 «Бизнес-Кеңесші» курстарын бітірді, ал 3 кәсіпкер өз ісін бастауға қайтарымсыз грант алды. Жергілікті жастардың ұсынысы бойынша аудан орталығында көше кинотеатры салынып, жастар көп шоғырланатын орындарда тегін Wi-Fi өткізілетін болады.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев «Жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі жол картасын» жүзеге асыру барысы туралы баяндады. «Жол картасы» денсаулық сақтаудан бастап үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікке дейін барлық салалар бойынша жастармен жұмыс істеудің 10 бағытын қамтиды. Мәселен, жастарды жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша оқыту мақсатында 1515 грант, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3088 грант бөлінді.

«Бұған қосымша «Серпін-2050» жобасы бойынша бөлінетін гранттарды қосатын болсақ, 100 пайыз оқумен қамтуға толық мүмкіндігіміз бар. Биылғы жылы Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарын бітіретін 76 түлекті жұмысқа орналастыру бойынша қазіргі таңда түлектердің 31-і магистратураға тапсыруды, 45-ін жергілікті әртүрлі меншіктегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспарлануда», - деді Еркебұлан Меңлібаев.

Кеңес отырысын қорытындылай келе, облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларына жастарды қолдау шараларын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары