Өзекті мәселелер

  • 24.05.18

    «Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Онымен күрес барлық уақытта да маңыздылығын жолғалтпаған. Соңғы кезде қанатының кең жайылып кетуінен қауіптенген еліміз оның тамырына балта шабу үшін жаңа стратегиялар қабылдап, үзіліссіз күрес жүргізіп келеді­. Тіпті 2017 жылы Елбасына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы» ұсынылған болатын. Онда әлеуметтік зерттеу қорытындыла...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

    Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ға...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    КІСІНЕГЕН   КІСІ

    Сықақшы

    Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

    Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
08.05.2018 16:06

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында майдангер және тыл ардагерлерін салтанатты түрде құттықтады.

100-ден астам Жеңіс авторлары қатысқан салтанатты шара барысында ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарламалар ұсынылып, мерекелік дастарқан жайылды

Жыл санап қатары сиреген батыр әкелеріміздің саны осыдан 3 жыл бұрын Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесінде 41 ардагер болса, бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 17 ардагері ғана ортамызда жүр. Мұнан бөлек, қаламызда 1 мың 800-ге жуық тыл ардагері бар. Олардың ішінде 35-і – тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар.

«Халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен жеңiс сағатын жанқиярлық iстерiмен жақындата түскен тылдағы еңбектері ешқашан да ұмытылмайды. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті, бағасы артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы тереңдеп, даралана түседі. Азаматтық арды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жеңімпаз жандарға әрдайым қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз», - деді қала әкімі.

Мерекелік қабылдауға қатысқан барлық ардагерлерге қала әкімі арнайы естелік сыйлықтар табыстады.

Жалпы, биылғы Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдауға жергілікті және облыстық бюджеттерден бір жолғы көмек ретінде барлығы 152 млн 620 мың теңге бөлінген.

Оның ішінде, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – 192 мың 400 теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға – 120 мың 250 теңгеден және Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен адамдарға 72 мың 150 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан ардагерлерге арналған түрлі қайырымдылық шаралар мен басқа да қажетті қолдаулар жасалуда.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары