Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
ШЕНЕУНІКТІҢ ШЕНДІГЕ «ШАРАПАТЫ»
10.05.2018 12:08

Өткенде ғана уәдені үйіп-төгіп кеткен Қосшыңырау ауылының әкімі Дулат Таубай ақыры шаһар басшысынан сөз естіп тынды. Аталмыш ауылда тиісті тазалық жұмыстары толық жүргізіл­меген, медициналық пунктте­ де сол жағдай. Ең қызығы, көшедегі билборд та ілінбеп­ті. Оның себебін сұраған Нұрлыбек Мәшбекұлына ауыл әкімі «Біз өз күшімізбен іле алмадық» деп сылтау айтты. Осыдан соң еріксіз езуге күлкі үйірілгені жасырын емес. Білдей бір ауыл болып, бір билбордты орната алмау жауаптылардың жауапкер­шілігі қандай деңгейде екен­дігін көрсетіп бергендей...

Кезек Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Жасұлан Шынтасовқа жетті. Жас шенеуніктің «тұзы жеңіл» екен. Өйткені аппарат отырысының негізі қаладағы кадрлық ауыс-түйістер мен кешегі мерек­еге байланысты өрбіді. Дегенмен, бекітілген кестеге сәйкес Жасұлан Қанибайұлы Қызылөзекте не тындырып, нені бітіре алмай жатқан­дығын жіпке тізді. Аталмыш ауылдық округке қарасты  3 елді мекен орналасқан. Олар: Қараөзек ауылы, Айна­көл ауылы және Қараөзек бекет­і. Халық саны - 3415 адам. Жалпы, ауылдық округте 1 ЖШС, 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 34 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ал жақында Қараөзек елді мекенінде ашылған «Детская страна» жеке балабақшасының жай-күйі шаһар басшысын шошытты. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс істейтін балабақшаның бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтіндігі көрініп тұр. Бұған қатысты  қала  әкімі:

– Мына балабақшаның кескінін көрдіңіздер ме? Қалалық білім бөлімі тарапынан мемлекеттік тапсырыс не­гізін­де жұмыс істеуге нелік­тен рұқсат берілген? Енді келіп, балабақшадағылар жалақ­ысын даулайды. Қазір жеке балабақшаларды тек­серсек, 80 пайызы мемлекет­тік стандарттарға сәйкес келмей­ді. Қалалық  білім  бө­лімі мынаны  неге  қадағаламаған? - деді.

Ауылдағы кезінде асар әдісімен салынған дәрігерлік амбулатория қазір апаттық жағдайда тұр. Осыған орай ауыл әкімі жекеменшік әріп­тестік аясында типтік жобадағы заманауи медициналық құралдармен жабдықталған нысанның құрылысын салу жоспарланып жатқандығын жеткізді.

Қызылөзекте жыл басынан бері 2 қылмыс тіркелсе, оның ешқайсысы да ашыл­маған. Ал тұрғындардың тыныш­тығына жауапты учаскелік полицей қаладан қа­тынап жұмыс істейді екен.

– Ауылдың мәртебесін көтеру тек әкімге байла­нысты емес. Егер түнде оқыс оқиға орын алатын болса, учаскелік полицейді қайдан табасыз? Ұрлық дегеніңіз түнде болмай­ ма? Осыдан соң қалай қылмыстың ізі ашылады? Мақұл, мемлекеттен үй бе­ріл­мейтін болса, сонда пәтер жалдап тұрсын немесе жер­гі­лікті жердің ер-азамат­тарын тартыңыздар, - деді қала әкімі.

– Нұрлыбек Мәшбекұлы, учаскелік полицейді ауылға көшіріп әкелу үшін келісіп жатырмыз. Бір үйді асар­латып, қалыпқа келтіруде­міз. Қазір сырлап, әктеп қой­дық, - деген Жасұлан Шынтасовқа  шаһар  басшысы:

– Асарлатып үйін қалып­қа келтіріп беретіндей тұр­мысы төмен отбасы емес. Қажет болса, өзі істесін! Әжептәуір қызметкер. Жеке басының мәселесін шеше алмай­ жүріп, тұрғындардың тыныштығын  қалай  күзетеді? Тез арада бұл мәселені қалып­қа  келтіріңіздер, - деді.

Жиын соңында кадрлық өзгерістердің орын алғаны айтылды. Қала әкімінің екі бірдей орынбасары мен аппарат басшысы «ат ауыстырды». Қала әкімінің орын­басары Асылбек Шәменов аймақ басшысының өкімі­мен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалса, Нұрлан Мақсұтов бас­қа қызметке ауысты. Ал қала әкімі аппаратын басқарған Еркін Ермағанбетұлы облыс әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне барды.

– Бұған дейін қала әкім­дігінде жақсы жұмыс істеген кадрлар облыста лауазымды қызметтер атқарып келеді. Міне, тағы да әріптестері­міз­ге аймақ басшысының өзі сенім артып, өз командасына­ алып жатыр. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан сіздерге сәттілік тілеймін! - деді  қала  әкімі.

Нұрлыбек Мәшбекұлы аталған азаматтарды жаңа қызметтерімен құттықтай келе, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлестері мен еселі еңбектерін бағалап, қаламыздың ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары