Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Қорқыт атаға қатысты әртүрлі деректерде­гі көптеген шығармалар мен ғылыми еңбектердің жарық көргенін білеміз. Арасында мәліметтері бойынша қарама-қайшылықты, өзара үйлеспейтіндері де аз емес. Ғылым үшін олардың­  дұрысы мақұлданып, бұрыстары терістеліп, тек ақиқат шындықтың айқындалғаны ләзім. Әсіресе, абыз атаның­ ғұмыр кешкен дәуірі, өскен ортас­ы жайлы тұшымды пікір, дәлелді тұжырым жоқ. Сон...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
«НЕКЕ САРАЙЫ» қашан салынады?
10.05.2018 12:14

Осыдан он шақты жыл бұрын «аймаққа не жетіспей­ді?» деген сауал туындағанда рет-ретімен­ тізімді шұбырта жөнелтетінбіз. Қазір шүкір, жоғымыз түгенделіп, жыртығымыз жамалып­ жатыр­. Кері шегінген уақыттарда қаланың­ біраз бөлігі бос, көк шаң мен аңызақ желдің даласына айналып тұрған еді, бүгінде қаланы қоршаған еңселі ғимараттар мен биік тұрғын үйлер тұрғындар игілігіне жарап тұр. Әсіресе жастардың бас қосып, жиналатын орындар­ы қалыпқа келтіріліп, бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған алаңдар салынды.

Құжат дайындаудағы кедергілер мен сандалма жүріс те халықтың діңкәсін құртып тынатын. Ол да бір терезеге жүйеленіп, халыққа қызмет көрсету орталы­ғы бой көтерді. Қай құжаттың «төркінін» іздесеңіз, осы орталықтан табасыз. Ендігі жетіспей­ тұрғаны – жастардың бас қосу салтанатын­а арналған рәсімді өткізетін «Неке  сарайы­». Бүгінде еліміздің Көкшетау, Маңғыстау, Қостанай секілді бірқатар өңірлерінде бұл салтанатты  сарай  бар. Ал біздің өңірде неге жоқ және  қашан  салынады?

«Толқып тасқан теңіздей, Аққулардың егізіндей, Қос қанаты сияқты жас жұбайлар­ – жас отау. Көктемнің қос бүріндей, Жаңа ашылған гүліндей» деп шырқалатын ақын Ш.Сариевтің өлеңінде айтылғандай жаңа өмірдің бүрін жарып­, болашаққа жұп болып қадам басуд­ы  жөн  санаған  жас  жұбайлар  заңды­ түрде неке куәлігін қалалық АХАТ бөлі­мінен алып жүр. Бұл – дәстүр. Заңды құжат алу барысындағы жөн-жоралғылар мейрамханада жасалады. Оған себеп, жаста­рдың өмірдегі басты қуанышы санала­тын күнінде арнайылап бас сұғатын­ салтанатты орынның жоқтығы. Соңғы жылдары Қызылорда облысында сән-салтанаты жарасқан дәстүр, жоралғы өткізетін «Неке сарайының» болмауы­  өзге  аймақтардағы  сарайларды көргенде  жанымызға  батады. Осы сауалға­  жауап­  іздеу мақсатында облыстық  Әділет  департаме­нтіне хат жолдап, жауап­   алдық.

- ҚР Үкіметінің 17.04.2015 жылғы №219 қаулысымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбала­рына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көр­сетілетін қызмет стандарт талаптарына сәйкес қызметтің бұл түрі Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде Астана, Алматы қалаларының, аудандардың және облыс­тық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар­дың  жергілікті  атқарушы  органы, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері мен электрондық үкіметтің веб-порталы www.egov.kz арқылы­ жүзеге асырылады. Ал аймақта салынатын  неке сарайы туралы мәлі­метті жергілікті атқарушы органдары тарапы­нан сұрау қажет, - деген жауап берді департамент басшысының орын­басары Ұ.Оразгелді.

Естеріңізде болса, халықпен есепті кездесу жиынын өткізген аймақ басшысы Қ.Көшербаев «Сырдарияның сол жағала­уындағы алғашқы мөлтек аудан жыл соңына дейін ашылады. Қазіргі кезде­  онда 320 орындық балабақша, «Болаша­қ»  университетінің кампусы мен жастар ресурстық орталығының құры­лысы  жүріп жатыр. Неке қию сарайы­  салына­ды» деген еді. Бұл жаңалығы халық­тың көңілін бірлеп, қуанышын еселей­ түсті. Мұны естіп алған біз де көптен  күткен ғимараттың қайдан, қашан  салынатынын  білмекке  ұмтылып, облыстық­ құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына сұрау салдық.­

- Жалпы, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы аумақта тұрғын үй, әкімшілік-офистік, мәдени ойын-сауық, сауда-көрме, спорттық объектілердің құрылыстарын жүргізуге отандық және шетел инвесторларын тарту мақсатында облыс әкімдігі тарапынан бірқатар шарала­р ұйымдастырылып, инвесторлармен тиісті келісімдер жасалды. Нысан­ның құрылысына қажетті жер телім­іне меншік құқығын табыстау мақсат­ында Қызылорда қаласы әкім­дігінің тарапынан заңнама талаптарына сәйкес аукцион ұйымдастырылып, оның жеңімпазы «Темірлан» ЖШС атанды. Бүгінде осы мекемемен келісім жасалып, аталған серіктестіктің есебінен сол жақ жағалауда «Неке қию сарайы» ғимара­тының  құрылысы  жоспарланды. Нысанның эскиздік жобасын әзірлеу үстінде, сондай-ақ  оның  техника-экономикалық негіздемесі дайындалуда. Құрылыс жұмыстарын 2018-2019 жылдар аралығында  жүргізу  көзделуде, - деді басқарма­ басшысы  М.Әлсеріков.

Әр адам өміріндегі басты қадамдардың бірі саналатын неке рәсімінде жұбайына не жолдасына  өмірлік  уәдесін беріп, отбасылық  өмірдің баспалдағынан аттайды. Осындай керемет сезімді салтанатты сарайда өткізсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұйыртса, бір-екі жылда неке сарайы  бар  облыстардың  қатарына ілігеміз.

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары