Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Рухани қазынамызды жерге көмбеуіміз керек
11.05.2018 17:10

Ел президенті өткізген әр жиында жаңа тапсырмалар мен тың жобаларды ортаға салып, олардың жүзеге асырылуына бағыт көрсетіп береді. Қай мәселенің болмасын «қоршауынан» асып түсіп, оның ішкі қырлары мен сыртқы факторларына дейін «жіліктеп» беретінін жақсы білеміз. Дәл осындай отырыс өткен жылдың күзінде нұротандықтардың қатысуымен өткен. Партия қызметін жаңғырту жұмыстары бағытында бірқатар нақты стратегиялық жобаларды іске асыру тетіктері қарастырылды. Олардың қатарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Жалпы, халық тарапынан келіп түскен ұсыныстардың нәтижесінде 20-дан астам партиялық жоба дайындалды. Оның ішінде жұмысы қайта жанданған «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» атты екі бұрынғы жоба бар. Ал осы аптада тұсауы кесілген «Тарлан тарих тағылымы» атты жаңа өлкетану жобасы ұлттық тарихымызды көпшілікке танытып, төл мәдениетіміз бен әлемнің барлық құрлықтарына жол салуға ықпалын тигізуі керек. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқы таразысына түсті.

- «Нұр Отан» партиясы мен «Рухани жаңғыру» орталығының бірлесуімен жүзеге асырылғалы жатқан «Тарлан тарих тағылымы» жобасы тарихи құндылықтардың шежіресін тарқатып, оның ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қолайлы жағдай жасау, ұлтымыздың тарихи мұраларын дәріптеуге бағытталған іс-шараларға көненің көзін көрген, дала академиясының мақсатты аудиторияларда дәрістерін ұйымдастыру, аймақтардағы «Рухани жаңғыру» аясында ашылған орталықтармен бірлесе жұмыстар атқарып, жастардың санасында ұлттық рухты қалыптастыру міндеттерін алдына қоюда. Басты мақсат – көп жасаған, естігені одан да мол қазыналы қарияларымыздың басы жерге тимей тұрғанда естіген, білген шежірелерін ұрпаққа аманаттау үшін тарихқа түсіріп алу. Біз соны келер ұрпақтың жадына сіңіріп, ұлттық рухты насихаттап, өткен-кеткенімізді саралауымыз керек, - деді «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес.

Жобаның мақсатты екінші бөлігінде тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерді, қасиетті орындарды дәріптеу тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары өкілетті мемлекеттік органдармен және «Рухани жаңғырудың» аймақтағы орталықтарымен бірлесіп, тарихшы, мәдениеттанушы, саясаттанушы, этнографтар, археологтар, жергілікті жоғары оқу орындары ғалымдарының қатысуымен іс-шаралар өткізіледі. Қызылорда облысында Қарт Қаратаудан бастап Аралдағы Бегім ана мұнарасына дейінгі қаншама тарихи құндылықтарымыз, мұраларымыз, жәдігерлеріміз бар. Әдетте Сырдың бойы қазаққа төрт астана сыйлаған жер деп жатамыз. Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ – барлығы өткен күннен сыр шертетін ұлы мұраларымыздың бірі. Осындай мұраларды зерттеп, зерделеп, сол жерлерге экспедиция ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа таныстыру қолға алынады. Үшіншіден, ішкі мәдени туризмді дамыту мәселесі зор сұранысқа ие. Осы ретте журналистер тарапынан «мұны дамытудың не қажеті бар, оған жағдай жасалмаған?» деген де сауалдар қойылды.

-     Жағдай жасалмаған деп отыра берудің қажеті жоқ. Әрекет бар жерде берекет бар. Аралда тұрып Барсакелмеске бармаған, аймақта тұрып Қорқыт ата ескерткішіне барып, тәу етпегендер, Байқоңырдан зымыранның ұшқанын көрмеген қаншама жандар бар. Бірақ, солар Түркияға барған, Дубайда демалған, Гавайда тыныққандар. Сол үшін еліміздің әрбір өңірінде жергілікті тұрғындар үшін Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Бекет ата, Қорқыт ата, Қобыланды батыр кесенесі секілді киелі орындарға ішкі туризм сапарларын ұйымдастыру көзделуде, - деді Е.Айтөреұлы.

Сонымен қатар, «Балаларға арналған ІТ-сыныптар», «ІТ-мамандарды даярлау», «Геоақпараттандырылған онлайн сервис», «Тілдердің үштұғырлылығына өту», «Қазақстанның кітапханалары» партиялық жобалары да сөз болды.

-     Цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Оның ішінде ең бірінші балаларға арналған ақысыз ІТ-сыныптар партиялық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – балалар үшін қазіргі заманғы ІТ-технологияларды қолданумен білім алудың қолжетімділігі. Бүгінде облыстық білім басқармасымен қажетті компьютерлер сатып алынды. Сондай-ақ, өткен жылы қабылданған 79 жобаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде толық жүзеге асуына бюджеттен 460 млн теңге, меценаттардан 6 млрд теңге қаржы тартылды. Биыл талап одан да күшейіп, 2018 жылға бюджеттен 600 млн теңге қаражат бөлініп, меценаттардан 22 млрд теңге қаржы тарту көзделіп отыр. Бұл қаржыға 81 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде, - деді «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжасов.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына орай жүзеге асырылып жатқан жобалардың өміршеңдігін осындай игі бастамалар арқылы сақтап қала аламыз. Бұған дейінгі өмірдің кермек дәмін татып, көпті санасына сіңіріп, қазынасын жүрегіне сақтап жүрген қаншама көнекөз қарияларымыз бар. Олардың білген тарихын, естіген шежіресін рухани құндылық ретінде қағазға түсіріп алу – біздің міндет. Ел естімеген, көзін күн шалмаған мәліметтерден хабарыңыз болса, сіздің де үлес қосуыңызға мархабат.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары