Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
Қызылордада еліміздің әр облысынан келген құрылысшылар үздік шебер атағы үшін бақ сынасты
16.05.2018 17:26

Байқау «Үздік қалаушы» және «Үздік сылақшы» номинацияларында өтті.

Байқауға қатысу үшін Қазақстанның барлық аумақтарынан 30 қатысушы өтінім берген.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов қатысушыларды құттықтап, құрылысшы мамандығының маңыздылығын атап өтті.

«Құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында облысымызда және Қазақстанның өзге аймақтарында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, заманауи нысандар салынуда. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қызылордада Сырдарияның сол жағалауында 15 шағын аудан, әлеуметтік және бизнес-нысандарды қамтитын жаңа қала бой көтеруде. Осы байқауды біз Астананың 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына орай, сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырдық. Кәсіби шеберлік байқауына еліміздің барлық аймақтарынан құрылысшылар қатысуда», - деді Қуанышбек Ысқақов.

Ұймдастырушылардың айтуынша, байқау барысында барлық тапсырмаларды дұрыс орындаумен қатар қауіпсіздік шараларын сақтау және шығармашылық көзқарас есепке алынды.

Байқау қорытындысымен «Үздік қалаушы» және «Үздік сылақшы» номинацияларында жеңімпаздар анықталды.

«Үздік қалаушы» номинациясында бірінші орынды Айжарық Ниязов (Атырау обл.), екінші орынды Зердебек Исқалиев (Батыс Қазақстан обл.), үшінші орынды Бауыржан Чунетов (Маңғыстау обл.) иеленді. «Үздік сылақшы» номинациясында бірінші орынды Нина Дерксен (Қарағанды обл.) жеңіп алса, екінші орын Еркемай Темірғалиеваға (Павлодар обл.), ал үшінші орын Ғани Елғожинге (Жамбыл обл.) бұйырды. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар – комьютер, теледидар және ноутбуктар  табысталды.

Атап өтейік, сайыс Сырдарияның сол жағалауындағы құрылыс нысандарында ұйымдастырылды.

Бүгінде Қызылорда қаласының сол жағалауы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Жаңа қалада 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайта беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық атқару комитетінің бұрынғы ғимараты архивтегі сызбалар бойынша қайта қаланған Рухани жаңғыру орталығы салынды. Қазіргі таңда мұнда 18 көпқабатты тұрғын үй салынып, қала күніне орай пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, мұнда 320 орындық балабақша, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, жастар ресурстық орталығы, емхана, Неке қию сарайы мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы салынуда. Биыл осы аумақта халқымыздың ой-санасы, ұлттық салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігін ескере отыра, шығыс стиліндегі тұрғын үйлер салынбақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары