Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
ЖҮЗ ПАЙЫЗ ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКТІ
16.05.2018 17:38

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы­ 10 медаль (5 алтын, 5 күміс) иеленді. Айта кетейік, Сыр елінен барған 10 спортшының барлығы да жүлделі орындарға ие болды.

Әйелдер арасында 72 келі салмақта өнер көрсеткен №1 олимпиадалық резерв мектебінен Динара Қодарова, ересектер арасында жоғары спорт шеберлігі мектебінен 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов Азия чемпионы атанып, еліміздің әнұранын шырқатты. Жасөспірімдер арасында қармақшылықтар Дәулет Тұрғанов (48 келі) пен жастар арасында Диана Тілеумұратова (52 келі) және Ж.Баһадүр атындағы облыста спортта дарында балаларға арналған мектеп-интернат­ оқушысы Абылайхан Жұбаназар (74 келі) жеңіске жетті. №1 олимпиадалық резерв мектебінің спорт­шылары Бибіхан Нәбиева (48 келі), Аида Файзолла (70 келі) және  жалағаштық  Арайлым  Оразбаева  (75 келі), жастар арасында қармақшылық Дамир Әбдеков­ (62 келі) пен Ж.Баһадүр атындағы облыста спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Жанерке Қуанышова (80 келі) күміс жүлдені иеленді.

Енді спортшылар ағымдағы жылдың қазан айында­ Тбилиси қаласында  (Грузия) жалауын желбірететін жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарыста бақ сынама­қ. Сондай­-ақ, ересектер құрамасы қараша айын­да  Бухарест­  қаласында (Румыния) өтетін Әлем чемпионатына  қатысады.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары