Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Қорқыт атаға қатысты әртүрлі деректерде­гі көптеген шығармалар мен ғылыми еңбектердің жарық көргенін білеміз. Арасында мәліметтері бойынша қарама-қайшылықты, өзара үйлеспейтіндері де аз емес. Ғылым үшін олардың­  дұрысы мақұлданып, бұрыстары терістеліп, тек ақиқат шындықтың айқындалғаны ләзім. Әсіресе, абыз атаның­ ғұмыр кешкен дәуірі, өскен ортас­ы жайлы тұшымды пікір, дәлелді тұжырым жоқ. Сон...

    Толығырақ...
МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН МӨЛДІР
16.05.2018 17:39

Жапонияның Окинава қаласында каратэ-додан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 50 келіге дейінгі салмақта жастар арасында өнер көр­сеткен жерлесі­міз Мөлдір Жаңбырбай ел намысын абыроймен қор­ғап, алтын жүл­дені  иеленді. Жарыс барысында сырбойылық спортшы үш кездесу өткізді. Әуелі Үндістан спорт­шы­сын 8:0 етіп жеңсе, малайзиялық қар­сыласынан 2:1 есе­бімен  басым  түсті. Ал, ақтық сында Тайпей елі­нің спортшысынан 6:1 есебімен айласын асырып кетті. Қарсыластарын  қоғадай жапырған қызылордалық жас каратэші осымен­  жастар  арасында үшінші мәрте Азия чем­пионы  атанып  отыр.

- Жарыс жоғары деңгейде өтті. 13 елден қатысқан спортшылар жақсы дайындықпен келген. Енді маусым айында Ақтау қаласына оқу-жаттығу жиынына барамын.­ Сол айда Түркияның Стамбұл қаласында өтетін  рейтингілік халықаралық жарысқа қаты­самын.  Яғни, бұл 2020 жылы Токиода өтетін Олим­пиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингт­ік  ұпай  жинау жарысы болмақ. Олимпиадаға  жолдама алу үшін, ел намысын қорғау үшін бар күш-жігерімді  салатын­  боламын, - дейді үш дүркін Азия чемпионы.

Спортқа небәрі 6 жасында келген жерлесіміз респуб­ликалық, халықаралық жарыстарда еліміздің әнұранын шырқатып, көк байрағын желбіретіп жүр. Мөлдір қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшыны білікті бапкер, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рүстем Әбжә­миев жаттықтырады.

Спортшының   жетістіктері:

- каратэ-додан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы;

- республикалық және халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы;

- 3 дүркін Азия чемпионы (2013, 2017, 2018);

- 3 дүркін Әлем чемпионы (2015, 2016 – 2 мәрте);

- ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары