Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
СИМУЛЯЦИЯ ЖАСАУ – ФУТБОЛДАҒЫ ҚУЛЫҚ
17.05.2018 10:00

Тоқтар  ЖАҢҒЫЛЫШБАЙ,

“Қайсар” ФК-ның  шабуылшысы:

 

ВКонтакте желісінде “Қасқырлар|ФК Кайсар Кызылорда” парақшасы жұмыс істейді. Қызылорданың басты клубы “Қайсардың” жаңалықтарын жариялауда, қиыншылығына төзіп, қуанышына ортақтасуда шығармашыл топ алдына жан салмай келеді. Аталмыш парақшадағы “Футболшыға сұрақ” айдары облыс намысын қорғайтын аяқдопшылармен сәтті сұхбат жасап, оқырман қауымды толғандырған сұрақтарға үздіксіз жауап іздеп келеді.

Әріптестеріміздің Сыр футболына жасаған жанашырлығын ескере отырып, “Қайсар” футбол клубының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбаймен  болған сұхбатын өңдеп, ықшамдап, газет бетіне  жариялағанды  дұрыс  деп  таптық.

- Тоқтар, жанкүйер­лерге, оқырмандарға өзіңіз туралы толық ай­тып­  берсеңіз.

- Мен 1993 жылдың 25 мамырында Байқоңыр қаласында дүниеге келдім. 7 жасыма дейін балғын балалығымды сол жерде өткізіп, ке­йін­нен Қарағанды қаласына көшіп, сонда қо­ныстандық. Тіршілігім­нің қайнар көзі, мейі­рімнің кәусар бұлағы бола білген ата-анамның мен үшін орны бөлек. Әкем Сәбит Өтеулиев жеке кәсіппен айналысады, ал анам Орынгүл Өтеулиева үй шаруасында. Отбасымда үш ағайындымыз: әпкем, мен және қарындасым бар. Өмірде әке-шешенің мейірімін ешнәрсе алмастыра алмайды. Сондықтан, жарық дүниедегі ең жақын жанашырларымның қам­қо­ршысы болу, қадірлеу, сол кісілердің алдындағы боры­шым­ды өтеу адамдық парызым деп санаймын.

- Ата-анаңыз футбол саласын таңдауыңызға  қарсылық  білдір­меді ме?

- Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десеңіз, сындырып аласыз. Баланы тәр­биелеу – тұрмыс майданында ақылмен күресе білетін адам шығару деген сөз. Бұл тұрғыда ата-анам қырағылық танытты деп ойлаймын. Менің үй маңында, көшеде футбол ойнап жүргенімді көріп, икемім мен қызығушылығымды байқаған әкем қолымнан жетектеп, осы саланың табалдырығын аттатқызды. Ал, анам бастапқыда қарсы болды. Кейіннен азды-көпті жетістіктерге жете бас­тағанымда қолдау көрсете баст­ады. Мүмкіндік болса, әр ойы­нымнан қалмауға тырысады.

- Алғашқы бапкерлеріңіз кім?

- Футболға алғаш келуім де Қарағанды қаласынан басталды. Алғаш­қы бапкерлерім – Александр Асылбаев, Олег Кемалов деген кісілер. 16 жасыма дейін солардың қара­мағын­да болдым. Одан соң “Шахтердің” дубліне ендім.

- Кезінде “Астана”, “Қайрат” сынды үздік командаларда доп тептіңіз. Бірақ, сізге қосалқы құрамда ғана отыру бұйырған сияқты­. Ол командаларда негізгі құрамда көріне алмауыңызға не кедерг­і?

- Өзімнің ойымша, сол кездерде ол командаларға ойнауға дайын болмадым. 21-22 жасымда атап айтатындай тәжірибем де болған жоқ. Бәсеке тудыратындай деңгейім де болмады. “Астана” мен “Қайраттың” деңгейі қалай айтсақ та  жоғары  ғой.

- “Сол кезде уақытым босқа кетті” деп  қапаланбайсыз  ба?

- Жоқ. Ол командаларда ойын көрсете алмасам да, жаттығу жасау барысында көптеген тәжірибе жинақт­адым. Жалпы айтсам, үйренгенім де, үйренерім де көп.

- Гол соққанда ерекше атап өтесіз. Негізі олай тойлау қай ойыншыға тән? Болашақта басқа да тойлау­  түрлерін  көре  аламыз  ба?

- Негізі бәрі алдыңғы жылы бас­талды. Өйткені, бір досым Неймардың жанкүйері еді. Сол Неймардың бір биі болатын. “Астана­ға” қарсы ойында гол салсаң, осылай билеші” деп ұсыныс айтты. Бірақ, менің гол соғатыныма сенімсіздік те білдірді. Алланың қалауымен мен гол салып, Неймардың биін биледім. Және сол биім жанкүйерлерге де ұнап қалғанын байқадым. Содан кейін биді шамал­ы өзгертіп, өзіме қалып­тастырып  алдым. (күліп)

- Таңдауыңыз не себепті “Қайсар” болды?

- Маған алдыңғы жылы “Қайсардан” ұсыныс түсті. Ойлана келе Қызылордаға келгенім дұрыс деп шештім.

- Көп симуляция жасайтын сияқт­ысыз. Осыған орай қандай пікір  білдіресіз?

- Өте жақсы сұрақ. Симуляция үшін өмірімде “Тобылмен” бол­ған ойында бірінші рет сары қағаз алдым.­ Симуляция жасау – футболдағы қулық. Біреуі өтсе, енді бірі өтпей жатады. Мақсатымыз жеңу болса, барлық айла-тәсілді пайдаланамыз.

- Қандай әлеуметтік желіні пайдалан­асыз?

- Әлеуметтік желіде тек инста­грам парақшасын пайдаланамын. Әйелім екеуміздің атымыздан ашылған ортақ парақшамыз бар. Көбінесе, жаңалықтар оқып отырамы­н.

- Болашақта ұлыңыздың футбол­ саласын  таңдағанын  қалар  ма  едіңіз?

- Әр адамның таңдау құқығы бар. Алла жазып, ұл-қызым болып жатса, мен оларға “бүйтің­дер, сүйтіңдер” деп ештеңе де айта алмаймын. Менің әке-шеше­м маған қалай бағыт берді, мен де сөйтуге тырысамын. Бастысы, тұрмыстың тұңғиық теңі­зін қайратпен, өз күшімен кеше біле­тін, адалдық жолға құрбан бола білетін, адамзат дүниесінің керег­і бола алатын, төрт құбы­ласы түгел адам болса, мен үшін одан асқан бақыт болмас.­

- Ойын жейдеңіз неге 77? Бұл нөмірде сіз үшін айтарлықтай мән бар ма?

- Өз басым нөмірге назар аудармаймын. Мен келген кезде екі нөмір болды. 77 және 99. Мен 77-ні таңдадым. Маусым біткен кезде, 9 және 11-ші нөмірлер боса­ды. Бірақ, мен осы нөмірде қалуды  жөн  көрдім.

- Қай футболшыға еліктеп өстіңіз?

- Менің кішкентай кезімде Роналдиньоның жанып тұрған кезі болатын. Сол кісіге еліктеп өстік. Бертін келе  Фалькао, Кавани­, Левандовский деген шабуы­лшыларға  еліктедім.

- Бойыңыздағы ең жек көретін қасиетіңіз  қандай?

- Өте тез ашуланамын, эмоцияға тез берілемін. Ашуым қайт­қан кезде менен кеткен қате екенін түсінемін. Эмоцияма бақыл­ау жасап отыру – мен үшін ең қиыны. Осы мінезім өзіме ұнамайды.

- Жанкүйерлерге  айтарыңыз...

- Жанкүйерлерді бағалаймын. Біздің ойындарымызға келіп, тіпті  қонақта  болатын  ойындарда да қолдау көрсететіндеріне ризам­ын. Тек ғана қуанышта емес, жеңілісте де бізбен бірге болдыңыздар. Барлық футболшылар атынан рақметімді айт­қым келеді.

Сұxбаттасқан

Фаризат  АМАНГЕЛДІ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары