Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
ХАТТАР БАР ТАСТАУҒА КӨҢІЛ ҚИМАЙТЫН...
17.05.2018 10:28

Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­е?». Арқалы кісіні халықтың буы көтереді.

Арқасы қозғаны емес пе, ағам түн ауа өлеңнің нөсерін селдет­іп бір жіберді. Жыр нөсері толаста­р емес. Мен де әлімше күй­беңдеп, аяңдап басып, ақ өлеңнің томаға­сын шешіп жібердім. Жақ­сылар­дың көп болғаны қандай жақсы,­ жаныңды түсінетін. Бір рулы елдің келінімін. Түн жамылып ақынды­ іздегені несі дер­сі­здер? Байлық пен дәулет кімде жоқ, менің­ше,­ өнердің жолы бір бөлек. Ағамыз жүрек сыр беріп, ауруханада жатқандығынан хабар етті. Сәкеңнің алғашқы жауап хаты 3 минуттан соң, былайша  жетті:

Бар екен Серік ағаң кең  дүниеде

Сөзіңнен бір қуаныш енді көңілге де.

Айманға көп рақмет іздеу салған­,

Ағаң үшін білесің сен сүйсіне де.

 

Қадірін денсаулықтың білдім жаңа

Қалыпқа келтіруге бар ма шара?

Қолыма қайта айналып келтірсе Алла,

Аялар ем оны мен жас балаша.

 

Айманжан, ақылың бар көркіңе сай,

Мықты сөз, жақсы жырға сен мұражай.

Жарай алмай қаламын көп істерге.

Қарай алмай жүрмін ғой дертіме жай.

 

Хал сұраған бір сөзге тояр едім,

Қайтейін заманымның Нояны едім.

Айманның аппақ көңіл-ықыласын

Бар байлықтан мен биік қояр едім

Қандай ғажап сезімтал аялы едің...

 

Ағамыздың хатына 30 минуттан соң, былайша мен де жауап хат жолдадым:

Атына заты лайық парасаты

Жүзіңе жұлдыз біткен таласады.

Өзіңдей болса егер жігіт біткен

Алаштың асқақтап бір бағы асады.

 

Уәдеге тұрақты берік ақын,

Жаныма тұтам ылғи сені жақын.

Серіге сезім ғана жарасады,

Ауруды ысырыңыз, Серік ақын.

 

Желкенін жыр көгіне жайған кемем,

Сіз үшін жұлдыз алып, айдан келем.

Тәңірден саулығыңды тілеп жүрген

Бір қызбын ақмаңдайлы Айман деген.

Айтыста жауын да сіз, дауыл да сіз

Әлі де қазанаттай бабындасыз.

Жырыңмен ел-жұртыңды емдей жүріп,

Жалғанда жарқылдап жүр, жалындаңыз.

 

Сезімге серік болар сылқым ерік,

Көрмеңіз бұл өмірде еш түнеріп.

Ауырмай күліп тұрсаң кетеді екен,

Ақмешіт аспанынан бұлт үдеріп.

Әрине, туған ағайымның жүз күн­дігі де өтіп кеткен болатын. Жастықта білмейсің, үлкейе келе бет түзер құбылам­  бауырларымның  бүтін­дігін, айналамның амандағын көбірек ойлай­тын халге жақындадық. Бір жақсы көретін ағам Әуезовтің ке­мең­герлігін, адамдық қалпының биік­тігін шәкірті, 2-курс студенті З.Қабдоловтың  әкесі  өмірден  өткенде  сонау Атырауға барып, көңіл қосын білдіргенін айтқан еді. Жаным­дағы жақсы ағалардың мынау тұрған Ж.Маханбетов ауылына бармақ­ түгіл, жұбату айтпағанына өкпелі екенім де рас еді. Бірақ анам марқұм: «Тойға келмедің деп өкпелеуге  болады, бірақ  маған  біреу  көңіл айтпады  екен  деп  ренжуші болма», - дейтін. Серік ағама бастағы ауыр  халді жазып­,  хабарламаны  қайта жібердім. «Айналайын арқа сүйеп, марқайып мақтан тұтатын қарындасым  қайғыңа ортақпын. Алла бергенін алғанмен, беретінін алмасын. Сауығып кет. Сен ерекше адамсың, бәрімізге керексің» деп, мына  шумақтарды  жіберді:

Жаным-ау бауырыңды естімедім,

Негізі көп жағдайды кеш білемін.

Япыр-ай, айта салса болар еді,

Қасыңда бірге жүрген естілерің.

 

Бауырдың жөні бөлек білемін мен,

Көңіл-хош айтамын шын жүрегіммен.

Аман-сау айналайын тұрып кетші,

Көрмейін ешқандай мұң реңіңнен.

 

Аймансың, ақ маңдайың жарқыраған,

Ғалымсың әрбір сөзі алтын адам.

Қасқайып өрге қарсы жүрген жансың,

Сөйлесең  дұшпандарың қалтыраған.

 

Шіркін-ай кең құшағын жайғандарға,

Айды  алып берер ем, айлам бар ма?

Сыр елі сөз қадірін ажыратар

Ақылды қарындасым өзің барда.

Ақ көкем әлі бірге күресеміз,

Адамдық жолмен жүрер майдандарда.

Айман   Айтбаева,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  доценті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары