Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН АНА мен БАЛА ЗАРДАП ШЕГЕДІ
17.05.2018 10:36

Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да паналарға орын тауып, көмектеседі. Орталықтан көмек сұрап келетіндер саны жыл сайын көбеймесе, азаймаған.

Әсі­ресе, қолында әлі кәмелет жасына толмаған балалары бар аналар өздері сүйіп қо­сылған жұбайларының теп­кісінің астында қалып, барар­  жері, басар тауы қалма­ған шақта осында келіп жатады. Мысалы, былтырдың өзінде  тұр­мыстық зорлық-зомбылық құрбаны деп танылған 91 адамға орталық әлеуметтік қызметтер көрсеткен. Оның ішінде 36-сы әйел болса, қалғанының бәрі – кәмелет жасына толмаған балалар. Ал ағымдағы жылдың­  есепті кезеңі­нде  75 адам осында орналасса, оның  26-сы – әйел, 2-еуі – ер-азамат, ал қалғаны – кәмелет  жас­қа  толмағ­ан   балалар.

Қарап отырсақ, мұндағы тұрғындардың көпшілігі балалар екен. Олардың жас­тайынан бақытты балалық шақтың  қызықтарына тоймай жүретін кездерінде әкелерінен қорқып, тығылып жүргендері, әрине, өкінішті. Ал бұл жағдайда «балам үшін» деп барын салатын аналардың емін-еркін жұмыс та істей алмайтыны белгілі. Осыған орай «Самұрық» инно­вациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры  жанынан  құрылған бұл орталық биыл жаңа жобаны қолға алмақшы. Ол – «Әлеуметтік балабақша» атты жоба. Мақсаты – өмірдің қиын жағдайына тап болған, тұрмыстық-зорлық зомбылыққа ұшыраған әйелдердің балаларын осы балабақшаға тегін орналастыру. Әрі арнайы тасымал көлігі апарып, алып келеді.

– Аналарымыз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынып отырған қайта даярлау оқыту курстарына жазылып, 3 ай курстан өтеді. Соныме­н қатар арнайы мемлекет­тен берілетін стипендия бар. Соны алады. Осындай жобаларды бас­тағалы  жатырмыз. Сондықтан  мүмкіндік туып тұрғанда, масылдыққа салынбауы қажет,- дейді орталық директоры Ж.Тұсмағамбетов.

Бүгінде орталықтағы ең жас ана – 22-де. Жаңақ­ор­ғандық қыз бір жігіт­пен танысқан­дарына бар-жоғы бір апта болған шақта көрші ауылға қыдырып барады. Дәл осы кезде қызды әлгі жігіті алып қашады. Алайда көп ұзамай әйеліне жұдырығын ала жөнелетін бұл еркек келін­шегінің аяғы ауырлаған шақта да ұруын қоймайды. Арасында «босанбайсың, өлтіремін» деп те қорқытатын көрінеді. Ай-күні толған кезде­ баласын өлтіріп қоя ма деп қорыққандықтан осында келген қыз бүгінде аман-есен сәбиін бауырына басқан. Қазір бөбегі – екі апталық.

Жағдайдың бұлай жақсы аяқталуы, әрине, қуантады. «Алайда мұнан да сорақы оқиғалар болып тұрады»,- дейді Ж.Тұсмағамбетов. Мысалы, өткен жылы Тасбөгет кентінің бір тұрғыны орталықтың сенім телефонына хабарлас­қан. Көмек сұраған апа  екін­ші күйеуінің алғаш­қы некеден туған қызына азғын­дық жасайтынын  айтып,  шағым­дан­ған екен. Бұл сорақы жағдайдан хабардар болған маман­дар дереу іске кірісе­ді. Ішкі істер департамен­тіне хабарласып, әлгіні тұт­қындайды. Ал сот оны 10 жылға бас  бостандығынан айы­рады. Дәл осыған ұқсас жағдай биыл да бол­ған. Өгей әкесі қызына анайы қылық жасап, тиісуін қоймағандықтан, анасы мен қызы бүгінде орталықты панала­п отырған көрінеді. Ал осы айдың ішінде өтетін сот отырысы абыройсыз тірлігі үшін ол азаматтың қанша жылды темір торда өткізеті­нін шешетін болады.

Қазақта «үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» дейді. Әрине, бір шаңырақ астында өмір сүргендіктен түрлі қиыншылықтар орын алуы мүм­кін. Тек осы ұрыстың соңын жұбайлар ушықтырмай, дер кезінде бір-біріне түсіністік танытып жатса, оның соңы өкінішке апармайтыны рас.

Ж.ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары