Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
ТАНА КӨЗІН СҮЗБЕСЕ, БҰҚА ЖІБІН ҮЗБЕЙДІ
17.05.2018 10:47

Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген. Бір жағынан төсек тартып қалған анасына көмектеспек. «Күшік күйеу болып, енесінің үйін паналап алыпты» деген аты бар демесең, тәп-тәуір-ақ өмір сүріп жатты. Бәрі бақытты. Тек бар мәселе Нәзипаның соңынан ерген жалғыз сіңлісі Нұрсұлуда еді.

Нұрсұлу үйдің еркетотай, кішкен­тайынан бұзықтау болып өскен қызы бола­тын. Өз айтқанынан таймайтын, деге­нін істетпей қоймайтын мінезі тағы бар. Рұқсат сұрау дегенді мүлдем білмей­ді. Бетінен ешкім қақпаған соң да балалық дәуірден тез өтіп, ерте есейді. Бар бәле осы кезде басталды. Түнделетіп қыдырып, сауық-сайран құру, үйге таңата­ келу біртіндеп жиілей бастады. Анасы төрткөз болып телміріп, Нұрсұлуды күтумен-ақ талай таңды атырды. Ал үкілеген қызы болса небәрі 19 жасында отбасылы еркекпен көңіл жарастырып, ақыр соңында жүкті болып қалды. Әйтпесе анасы­ бар-жиған тергенін салып, білдей оқу орнына түсірген еді. Жастықтың буымен алданып қалған қызы анасын жерге қаратса да, шеше байғұс оған еш қарсы келмеді. Керісінше, «баланы туа бер, өзіміз көмектесеміз» деп, бетінен қақ­пай, қолдау көрсетті. Бұл уақытта жас қызды арбауына түсірген әлгі еркек бар жауапкершіліктен тайып тұрған болатын. Алайда тек қара басының қамын ойлайтын сылқым да баланы туа сала балала­р үйіне тастап кетті. Сөйтті де «жаңа өмір бастаймын, жұмыс істеймін» деп қалаға біржола қоныс аударды. Осыдан­ кейін анасының «есі кірді, енді тәртібін түзетер» деп дәмеленгені рас. Бірақ қуанышы көпке созылмады. Бұл жолы қызы өзінен 10 жас кіші жігітпен көңіл жарастырып, ішімдікке салынып кетті. Бір күні масайған күйі ауылдан бір-ақ шықты. Бар жақсылықты үлкен қызынан ғана көріп, кіші қызының қылығына тойынған ана бұл сорақылықты көргенде, есінен танып, құлап қалды. Құламай қайтсін, түннің бір уағында бөтелкелес досымен ішімдікке сылқия тойып алып, аузына келгенін айтып, бүкіл ауылға масқ­ара етті. Анасының денсаулығына алаңдаған Нәзипа сіңлісінің бөтелкелес досын қуып жіберді де, Нұрсұлуды дереу үйге кіргізіп, төргі бөлмедегі төсекке жат­қыз­ды. Қанша дегенмен артынан ерген жалғыз сіңлісі, бауыры. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды». Қателескен шығар, кешірейік» деп, өзгеруіне тағы бір мүмкіндік сыйлаған да өзі.

Нұрсұлу таңғы шапақта өңі айрықша боз тартып оянды да, ойлана отырып, кешегі ісін еске алды. Жалғыз әпкесінің қолдау білдіргеніне ризашылығын айтып, анасы екеуінен кешірім де сұрады. Көп ұзамай ауылдағы мектепке еден жуушы­ болып жұмысқа орналасты. Бойы аласа демесең, нағыз сымбаттының өзі болатын. Сондықтан да болар еркек атаулы­ны өзіне қаратқыш еді. Бір сөзбен айтқанда, өзі ұнатқан ер-азаматты қалай болса да қаратып алатын. «Ауру қалса да, әдет қалмайды». Нұрсұлу мектепке­ жұмысқа тұрғаннан кейін бұрынғы әде­тіне қайта басты. Әуелі мектептегі мұғалімдерді қармағына ілді. Ақыр соңында бар абыройдан айырылып, ол жұмысынан да шығып қалды. Мұнан кейін қарау­ға беті қалмаған ол үйде біраз жатты. Әпкесі күнұзақ базарда тұратын. Күнде­лікті мардымсыз табысы тамақтан артылмады. Қас қылғанда  осы кезде Нәзипаның күйеуі Самат та жұмыстан шығып қалған еді. Анасы да қатты науқастанып, ауруханаға  түсіп  қалған  болатын. Қыр­сық  бір  айналдырғанды, шыр  айналдырды  деген  осы. Нәзипа қатты қажып кетті. Таңсәріден базарға барғаннан кешке дейін тыным жоқ. Үйге келсе балаларының кір-қоңы, тамағы тағы бар. Әйтеуір жыбырлап жүріп, түн ортасы ауғанда көзін бір іліп алатын. Тіпті, соңғы кезде Саматқа көңіл аударуды да қойды. Мұнысына­  күйеуі, әрине, ренжитін.

Саматтың сәл бетін безеу басқаны болмаса, көздері өзін сүйкімді көрсететін. Мінезі де жақсы. Әжептәуір істеп жүрген жұмыс орны да қырсыққанда жабыл­ып қалды. Әйтпесе бар табысын отбасына әкелетін. Ішімдікке де аса құмар емес. Тек отырыстарда болмаса. Алайда еркек әйелден нәзіктік күтеді емес пе? Оның үстіне соңғы күндері Нәзипа екеуінің арасы тым алшақтап кетті. Мұны сезді ме, не бұрынғы әдетіне қайта басты ма, Нұрсұлу күндіз жездесінің жанынан айнал­шықтап шықпайтынды шығарды. Балалар мектепке кетісімен, оған асын дайындап, қамқорлық танытқан сыңай танытатын. Әйтеуір осылай жүріп-ақ, жездесінің бетін бері қаратып алды. Осылай арам ойын іске асырған Нұрсұлуды енді Самат күнделікті өзі іздеп тұратын болған. Әйеліне деген сезімі де өшіп барад­ы. Осылайша  күндер  өте  берді.

...Көктемнің соңғы айы болатын. Бір күні жұмысынан ерте қайтқан Нәзипа ауылдың шетіндегі қалың тоғайдың жанын­ан өтіп келе жатқан еді. Сарқырай аққан өзеннің дауысына тамсанған ол байқаусызда сол жағалауда отырған «екі ғашықты» көріп қалады. Алғашында мән бермегенімен, байқап қараса, жігіттің үстіндегі көк көйлегі өзі Саматқа алып берген жейдесіне ұқсайды екен. Қанша жүрегі сенгісі келмесе де,  Нәзипа сол «ғашықтардың» жанына барып, өз көзін жеткізгісі келді. Жақындай бергені сол еді, «қашанғы тығылып жүрмекпіз, бір­жола қалаға кетейікші» деген сіңлісінің дауысын анық естіді. Ал оның жанында «ер-азаматым» деп құрметтеп жүрген Саматы  отыр. Көңіл  күйінің астан-кес­те­нін шығарған екеуді Нәзипа бар ашуы­мен кеп итеріп жіберді. Онысымен қоймай, сол маңда жатқан таяқты алды да, «әй, оңбағандар, сендер менің сыртымнан не тірлік істеп жүрсіңдер?» деп, екеуін­ де сабалай жөнелді. Мұнысымен қоймай, сол күні-ақ Саматты бар киімін ала дорбаға салып, үйден қуып шықты. Істеген  ісіне түк қысылмаған Нұрсұлу да сол  күні  үйден біржола кетіп қалды.

Отбасындағы абыройлы азаматтың оты осылайша сөніп, балаларынан бір­жола қуылып кетті. Ал жасынан бұрын ерте қартайған, аңқылдаған ақкөңіл Нәзипа тағдырдың ауыр жүгін арқалап қала берді. Күш-қайраты мол әйел тірі жесірдің азабын тарта жүріп, бір өзі  балаларын ел қатарлы аяғына тұрғызу­ үшін тірлік етіп келеді.

Кейде «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзе ме»? Бар бәле – Нұрсұлуда. Еркекте ес бар ма, егер жездесі өзеуреген күннің өзінде кеудесінен итеріп, болмаса басқа үйге кетіп қалмай ма? Босқа мені күйдір­генше?», - деп анасына еңіреп жылап та алады.

Амал  не,  сіңлісінің осынша­лық­ты­ сұрқия боларын кім білген?

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары