Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Қорқыт атаға қатысты әртүрлі деректерде­гі көптеген шығармалар мен ғылыми еңбектердің жарық көргенін білеміз. Арасында мәліметтері бойынша қарама-қайшылықты, өзара үйлеспейтіндері де аз емес. Ғылым үшін олардың­  дұрысы мақұлданып, бұрыстары терістеліп, тек ақиқат шындықтың айқындалғаны ләзім. Әсіресе, абыз атаның­ ғұмыр кешкен дәуірі, өскен ортас­ы жайлы тұшымды пікір, дәлелді тұжырым жоқ. Сон...

    Толығырақ...
“МАЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫН 24 САҒАТ ЖАСАУ КЕРЕК”
17.05.2018 12:08

Анас  БАҚҚОЖАЕВ:

 

Жаңақорған ауданында облыстық IV малшылар слеті қар­саңында “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары”­ атты семинар өткен болатын. Иә, рас мақтауға келгенде  аузымыз көпіре сөйлеп, ақиқатын айтар уақытта аузымызға құм құйылатыны бар. Қазақ халқы “ауруын жасырған өледі” дегенд­і ауруы асқынған соң барып айтты. Жетістік пен кем кетік тең берілсе, қай тарапқа да болмасын, оңайға түсер еді. Жоққа шығара алмаймыз, облысымызда мал шаруашылығына бөлінген көңіл айтуға, жазуға тұрарлық.

Десе де, мәселелер де жоқ емес. Ал, республикада бұл сала бойынша көптеген кемшіліктер болып жатыр екен. Мұны “республикалық мал шаруашылығын асыл­дандыру  орталығы “Асыл түлік” АҚ-ның Президенті Анас Бақ­қожа­ев  семинар  барысында айтып берді. Осы саланың маман­дары  жиналып  отырған  соң  мәселені өткір  айтуға рұқсатын, алдын­  ала  кешірімін де сұраған Анас Ахатұлының сөзін мәнін өзгертпей,  газет  бетіне  жариялауды  жөн  санадық.

Соңғы жылдарда халық алдынд­а несие көрсеткіштері­міз өсіп жатыр деп баяндама жасап келе жатырмыз. Қы­зыл­орда облысында бұл көрсеткіштер жақсы екен, өз ойым. Бірақ, “Қазақстан бойынша біз қандай жағдайдамыз, шын мәнінде ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз қай­да?” деген сұрақтарға әлі жауап­ жоқ сияқты. Мал саны өсіп жатыр, бірақ қарқыны өте төмен, жылына 1,5 пайыз.­ Ауыл шаруашылығы министрі­нің құлағына алтын сырға. 2007 жылы ірі қара малының аналық басы 2 миллион 200 мың бас болса, 2016 жылы бұл сан 27 пайызға ғана артқан екен. Ал, мемлекет тарапынан жұмсалған қаражат 20 мың пайызға артық, әр өскен басқа Қазақстан шамамен 300 мың теңге жұмсаған. Германиядағы бұл көрсеткіш 35 мың теңге ғана, 10 есе төмен. Сонда 20 жыл ішінде елімізде орта­ша сүттілік 317 келіге ғана  өскен. Тағы да Германияға көз жүргізейікші. ГДР ФРГ-ге қосылғаннан кейін 20 жылдың ішінде сүттілік 4700 келіге артты­. 3800-ден 8500-ге дейін көтерілген. Бұл неден деп ойлай­сыздар? Жауап дәл, бұл – бізде технологияның дұрыс жолға­  қойылмауы салдарынан болса, ол жақта мықтап қолға алынғанының белгісі. Осы ретте сүт өнімділігі бойынша өнімділікті арттырудағы шетел­ мен Қазақстандағы жағдайды салыстырайықшы. Мал азығын дайындауда біз қандай қателіктер жасаймыз? Шөп тығыздығы, сонымен бірге өнімділігі өте төмен. Шабылға­н шөп төңірекке көтерілгенінен шаңмен был­ғанады. Коциле деген аурудың пайда болуы осыдан. Малдың, бұзаулардың  тышқақтайтыны да сол. Жоңышқаны шабу кезін­д­е өсімдік фазасы тіпті ескерілмейді. Сақталған шөп ішіндегі малға ең пайдалысы, яғни жапырағы  түсіп  қалуы да – осы  себептен.

...Мал ағзасындағы зат алмас­у процесіне де өте үлкен септігін тигізетін судың өзі де өте аз мөлшерде беріледі. Сүтті сиыр беретін әрбір келі сүтіне кем дегенде 3-5 литр таза, температурасы жағынан қолайлы су ішуі қажет. Сонымен қатар, мал алдындағы су тәулігіне 24 сағат бойына қолжетімді болуы керек. Бізде ол тіптен жоқ. Сүтті сиырдың жоғарғы өнім болып қалыптасуына оның бұзау кезінде­гі күтіп-бағылуына байланысты болады. Мына сурет­ке қарасаңыз, (баяндамашы слайдтан салыстырмалы суреттерді көрсетті – ред.) шетелдегі бұзаудың біздікіне қарағанда мың есе бақытты екенін аңғарасыз. Бұзау туыла сала оны сиырға жалатуға болмайды. Алғашқы 30 минутта төрт литр уызын, тәулігіне 8 литр сүтін іштірту керек, мәжбүрлеп. 60-90 күнге дейін суы да, сүті де қажетті мөл­шерде берілуі қажет. Ағза өсіміне қажетті барлық ком­по­ненттерді арнайы дайындалған және сатып алынатын стальперлік құрама жеммен қамтамасыз ету керек. Шөпті бұзау алдына салуға тыйым салған жөн. Бізде ше, бәрі керісінше.

...Малға жасалған жағдай да бізде өте нашар. Мал азығы тәулік бойына қолжетімді болуы­  керек. Сиыр кем  дегенде 12 сағат жатуы қажет. Сиыр не үшін орныннан тұрады? Тек сауу үшін, су ішу және азық жеу үшін ғана. Қалған уақытта жайлы жерде рақаттанып жатуы­ тиіс. Сонда ғана сүт болмақ. Бізде ше? Тұрады, су таппайды, іздейді оны, сауылады, тағы тұрады, азық тап­пай­ды, күн көзінен қашып, көлеңке іздейді, ықтайды, жалпы айтқанда бәрін істейді, тек жатпайды. Өкінішке қарай, ет те, сүт те беретін малымызға жағдай  жасай  алмаймыз.

Кейбір заманауи фермалардың өзінде құрылысшылардың жасаған олқылықтарының салда­рынан  малдар  зардап  шегу­де. Мына суреттегі фермада (баянд­амашы тағы да слайд көмегіне жүгінді – ред.) күн сәулесінің азық алаңына тікелей түсуі қадағаланбаған. Көрдіңіз бе, малдың бәрі көлеңкеде азықтануда. Температуралық стресс деген өте зиян екенін естен­ шығармау керек. Қызыл­ордада ауа температурасы кейде­ 60 градусқа дейін көтеріледі. Ыстық азықтанудың көлемін кемітеді, су ішу азайып­, энергияның тым артық жұм­салуына әкеліп соқтырады. Біз малды далада бағамыз, күніне 10-15, кейде тіпті, 20 шақырым жүріп ыстықтаған сиырда сүт бола ма, қалай ойлайсыз? Ірі қара мал бағуда Қазақстандағы инфрақұрылымға көз жүгір­тейік. Міне, біздегі шаруашылықтардың 90 пайызында – осы жағдай. (Слайдта біздегі қора-қопсының суреті көрсетілді. Баяндамашы айтқандай, бұл – Қазақстандағы “дәстүрлі қоралар”. Және олардың саны шынында көп екенін жоққа шы­ғара алмаймыз – ред.). Осындай азық базасымен малға қажетті жағдай жасап, табыс көзін ұлғайтуға бола ма? Әрине, мүм­кін емес. Әлбетте, шаруалар көрпелеріне қарай көсілері анық. Барымен базар болып отырған, жағдайдың қиын екеніне қарамастан халықты асырап отырған шаруаларға айып таға алмаймыз. Қалталарында артық ақша болса, әрине жағдайды түзетер еді. Заманауи ферма салып, жұмыс істеймін деген азаматтарда қазіргі кезде инвес­тиция бар ма? Несиелік бағдарламалар өте көп. Бірақ, оған кепілдікке қояр мүлік бар ма? Әрине, жоқ. Мұндай өнім­ділікпен жақын арада  пайда  болмайды да.

Осыдан бір ай бұрын Жаңақорған ауданы әкімінің ша­қыруымен бірқатар шаруа­шы­лықтарды аралап келген едім. Аудан әкімінің осы салаға көп көңіл бөліп жатқанын атап айтқым келеді. Мал шаруа­шылығында қызмет ететін шаруа­лардың үлкен бизнеске аяқ басуы­н, ауыл маңында жаңа инфр­ақұрылымның пайда болуын­ армандаған Ғалым Махмұтбайұлының ынта-ықыласына қуанасың. “Аудандағы сүтпен айналысатын шаруашылықтар өздерінің дамуына сужаңа ферма салуға қажет инвестицияны өз күшімен қашан, қай уақытта жинай алады?” деген сұраққа жауап іздедім. Шығыны мен кірісін сана­ғанда бір сауынды сиырдан жылына 150 мың теңгедей пайда­ табуға болады екен. Сонда осындай шаруашылықтар инвести­цияға қажетті со­маны 14 жылда ғана жинай алады­. Яғни, үкімет тара­пынан дамимын дегендерді демеп-демеп­ жібермесе, “баяғы жар­та­с – сол жартас” болып қала бермек. Сондықтан, облыс басшыл­ығына ұсынысым бар. 400 басқа арналған замануи сүт фермасын мемлекет тарапынан ешқандай кепілсіз салып берсе, оны 12 шаруашылықпен біріккен заңды тұлға 15 жылда қайтарып алады деп есептей­міз. Осы  ауданда  былтыр 9 шаруа­шылық кооператив құр­ған. Сонымен қатар, осы жоба­ға 3 шаруашылық қызығушылық танытуда. Жалпы саны 12-ге жететін шаруаларда қазіргі күннің өзінде 600 бас аналық ірі қара бар екен, жем-шөп өсіруге де жерлері бар. Оларға тұрақты түрде пайда көзі ашылмаса, аналық басты нақты сауынды сиырға айналдыра алмаса, сол аналық сиырлардан да айырылып қалатын қауіп бар.

Шаруалардың  шығыны өте көп. Ағайынның тойы, баланың оқуы, т.б. Мен Қарағанды қаласындағы ет комбинатында  жұмыс істеп жүргенде қысыр қалған аналық басты сиыр­лардың емделмей, сойылғанын талай мәрте көргенмін. Сойыл­ған малдардың 45 пайызы­ аналық екен. Республикамызда мал санын­ың өсімі аз болуы, міне, осыдан. Жобаның мақсаты – аналық басты аман сақтау.

Жазып  алған

Рыскелді  ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары