Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА РОБОТОТЕХНИКА ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
21.05.2018 09:40

«Robofest»-ке жасы 6-17 жас аралығында 100 жуық үміткер қатысты. Іс-шараны облыстық білім басқармасы «ҚазРоботикс» Федерациясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Жас техниктер 4 категория бойынша жарысты: сызық бойымен жарыс кегельринг – квадро, робосумо және робофутбол. Робосумо категориясынан бірінші орынды қазалылық оқушы Кемал Серік иеленді. Кегельринг-квадро жарысынан қызылордалық Бақытбек Жандаулет пен Сайлыбаев Асылхан жеңіс төрінен көрінсе, сызық бойымен жарыстан Іскендір Мағжан мен Абдуллаев Оралбек жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен (сандық құралдар мен оргтехникамен) марапатталды.

Сондай-ақ, фестиваль аясында қатысушы мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптар өткізіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов фестивальге қатысушыларды марапаттап, аймақта ІТ-саласы мен цифрландыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Саланың маңыздылығын ескере отыра, біз 2017 жылдан бастап облыстағы 9 оқушылар үйінде робототехника үйірмелерін ашып, «3D зертханаларымен» жабдықтауды қолға алдық. Сондай-ақ, 25 инновациялық мектепте робототехника элективті курс ретінде еңгізілді. Елбасының биылғы халыққа Жолдауында қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи технологияларды ендіру жайында кеңінен айтылғаны белгілі. Біз жаңа ХХІ ғасырдың мұнайы – білім, ақпарат, санды технологиялар екенін жақсы түсінуге міндеттіміз!», - деді Р.Рүстемов.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыстағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 316 жас өрен роботехника үйірмесіне қатысып, тәлім алуда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында HackDay 2017 алғашқы аймақтық фестивалі ұйымдастырылды, оған 137 команда қатысты. Қатысушылардың иедялары, тіпті, Алматыдан, Астанадан келген инвесторлар қызығушылық танытуда.

Сырдарияның сол жағалауында заманауи жастар ресурстық орталығы мен ІТ-парк салынуда. Онда жас программистерге 20 жұмыс орны ашылады.

Бүгінде аймақ жастары Ресей Федерациясының Үкіметі есебінен және облыс әкімінің гранты негізінде жоғары сұранысқа ие мамандықтарды, оның ішінде ІТ саласындағы мамандықтарды игеруде. Одан бөлек, Татарстандағы «Иннополис» университеті мен «Microsoft» академиясымен әріптестік орнатылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары