Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
ЭХ, ЭПИГРАММА!
24.05.2018 10:53

КІСІНЕГЕН   КІСІ

Сықақшы

Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

 

Қия баспай аяғы,

Қиянатқа тап болып,

Кім бар екен жылаған?

Қорлық көрген кісіні

 

Қолтығынан демейді

Қолын созып бұл ағам.

«Елім, жерім!» деп ылғи,

Елжіреген жүрегі

Ел-жұртына ұнаған.

 

Қарауылға алғанда

«Қақ жүректің тұсы» деп,

«Өлер жерің осы» деп.

Шеттерінен шегініп,

Шермендеге айналған

Шенеуніктер шошып  ед.

Тобасы жоқ тойымсыз

Жемқор,  жебір, обырды

Фельетонмен  осып  ед.

«Крышамыз»  мықты  деп,

Істей  алмас  түкті  деп,

Талай  бастық  бөсіп  ед.

Күлкі  деген жарықтық

Күштілердің қаруы,

Басты талай мысы кеп!

Ауыздықпен  алысқан

Арғымақтай ағамыз

Тұр мінеки, кісінеп.

 

ҚАЙТА  ОРАЛДЫ

ҚАЛЖЫҢҒА

Сықақшы

Кемелбек  ШАМАТАЙҒА

«Төрттен бес жақсы»,

«Ештен кеш жақсы», –

Дегендей бұл Кемекең

Не жаңалық ашпақшы?

 

Әзілкеш еді әу баста,

Даулас, мейлі, дауласпа!

«Қайтемін» деп ойлады-ау,

«Сақина тілеп сау басқа»

 

Жауынгердей жасқаған,

Сын-сықағын бастаған.

Кенет тастап шығардай

Не болды екен қасқаңа?

 

Бойына өзге күш кірді,

Эфирде ерен іс қылды.

Қиялап барып қырық жыл

Жарқылдатты «Ұшқынды»

 

Ілгері сүйреп қоғамды,

Нән журналист боп алды.

Тағы бір тулап кеткенде,

Қалжыңға қайта оралды!

 

Әзілі күшті әй, тіпті,

Қалжыңға көкем қайтыпты.

«Қайтқан малда қайыр  бар»

Деп бабалар айтыпты.

 

Уатсап,

Фейсбук,

SMS –

Бораған қардай бос елес.

Қартайып барып қалжыңға

Қайта келу – кеш емес!

 

«Ұшқын» – Қазақ радиосынан  берілген  жастар  хабары.

 

 

СҰРМЕРГЕН

Сықақшы

Мұхтар  ШЕРІМГЕ

 

«Ратхұм Міреш» дегенді ұғынды кім?

Актері деп ойлай ма бұл үндінің.

Актер емес, шахтері сатираның,

Мен ендеше жаямын сырын бүгін.

 

Жүзіқара пәледен алыс қонды,

Әзілімен қолға алған әр істі оңды.

«Жұдырығын» көрсетіп жұлымырға

Байбатшаға айбарлы «Барыс» болды.

 

Біздің қоғам оқ тиіп жараланған,

Қас жауы – жебір, жемқор, пара болған.

Жегендерді желкеден шағатұғын

«Ратхұм Міреш» у тілді «Ара» болған.

 

«Ратхұм Міреш»-ті оқысаң былай  кері,

Сын-сықақтың шығады «снайпері».

 

«Снайпер» – Сұрмерген

«Жұдырық» – Мұхтар Шерім­нің   ұйымдастыруымен  Шымкентт­е ашыл­ған алғашқы сатиралық  газет.­

«Барыс» – Республикалық саяси­-қоғамдық газетті шығарып, М.Шерім бас редактор болды.­

«Ара» – Қазір  осы саяси-сати­рал­ық журналдың фелье­тонист-тілшісі.

 

 

ӨЗІМ   ТУРАЛЫ   ӨЛЕҢ

Нұрсұлтан – ныспым,

Оқпан – әкем,

Кумирім,

Яғни, күштім.

Жынысым ба?

Еркекпін!

Отбасылық жағдайым ше?

Үйленбесем болмайды деп жер тептім.

Үйлі-жайлы боп тер төктім.

Әйелім – момын,

Ал тұңғышым тентек тым.

 

Өзі бұзық,

Бұзық болса да қызық.

Мұздан шайба жасап,

Қоятыны бар тізіп.

 

Жалғыз жүрмес сірә, мынау

Бұзықтардан бұйыртса,

Қыстыгүні хоккей,

Жаздыгүні футбол командасын құрамын-ау...

Дайындал, бәйбіше, дайындал!

Алысқа шабатын байың бар.

 

Бойым –1,76 метр.

Ойымда не тұр?

Бойдың шөккенінен

Ойдың шөккені жаман-ау.

Бар мақсатым – сатираны

Сайтандай қуып, сабалау.

 

Өз салмағым –

Үш жарым пұттай.

Қалжың десе,

Қара көжемді

Жерге қоямын жұтпай.

 

Қазіргі қалжыңда салмақ бар ма,

Тез кебетін шықтай.

Сөзіме ден қойыңыз,

Қабағыңызды шытпай.

Ұзын сөздің қысқасы,

Сықақшы бола алам ба сыптай?!

 

Асқар,

Шона,

Оспанхан,

Үмбетбай,

Мыңбай,

Ғаббас кім?

Сай тасындай әрқайсысы

Сатирикті таппаспын.

Мен бірақ, кешіріңіз

Президентпен аттаспын.

Ұстаздарым:

«Ойыңды сынға бөл!» дейді,

«Сүлдесін сүйретіп құр сұлтан болғанша,

Найзалы жанрда Нұрсұлтан бол!»  дейді.

 

Білгенменен ұлтымды,

Білмейсіз ғой күлкімді?

Жебір,

Жемқор,

Парақор

Жаулап алды бұл күнді.

Тек күлкіден қорқады,

Ойлайтындар құлқынды.

Нұрсұлтан   ОҚПАНҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары