Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
КӨЗДЕН КЕТСЕ, КӨҢІЛДЕН КЕТЕ МЕ?
24.05.2018 11:31

Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ғашыққа ең әуелі сенім қажет. Ал, көзден кетсе,  көңілден кете ме?

Дана  Бақтиярқызы, 28 жаста:

– Барлық  жанның өмірінде әй­теуір­ бір сәтсіз махаббаттың бола­тыны анық. Қиялымыздағы жанды жолықтырып, онымен қол ұстасып бірге жүрген сәтімізде көп нәрсені армандап, болашақ­қа үлкен жоспар құрып тастаймыз. Тіпті, кейбірі дүниеге келмеген сәбиле­рінің атына дейін ойластырып қояды. Бұл – шартты рефлекс. Себебі, кез келген жан сүйіктісімен бірге жүр­ген уақытта ертеңгі күні айырылысып кетеміз деп ойламайды да. Ғұмыр бойы жұптарын жазбайтындай сезінеді өздерін. (Бірақ ондай жұптар да баршылық). Күндердің күнінде қандай да бір себеппен екі жаққа кеткенде бұл өмір сонымен тоқтап қал­ғандай, еш мәні жоқ болады. Психологтардың айтуынша, сүйіктіңмен кездесіп жүрген уақытта ешнәрсені тереңінен жоспарлаудың қажеті жоқ екен. Өйткені, күндердің күнінде бір-біріңмен жараспай, айырылысқан сәтте бұл екінші жағынан­  үлкен  соққы  болып  тиеді.

Бүгін сені бір сәтте көрмесе тұра алмайтын жан, ертең көшеде­  көрсең, мүлдем танымайтын жат адамға айналуы мүмкін. Өткен өміріңде болған жандар әр адам үшін тек сабақ ғана болып қалады. Себебі өткенді оралта алмайсың. Меніңше, өмір жолыңда кезіккен әрбір жанның мейлі ол дос болсын, сүйіктің болсын, орны бөлек екені анық. Алайда оларды өмір бойы ұмытпай, өткен шақтың елесімен өмір сүру ақымақтық деп қана білемін. Олай жүрген жан ешқашан алға мақсат қойып, болашағы­н  құра алмайды. Себебі өмір онымен тоқтамайды. Күндер  өтеді, ол жанның жүзі де  көз  алдыңда көмес­кіленіп,  тіпті,  ұмыт бола бастайды. Барлық жараның­  емшісі – уақыт. Уақыт ағып жатқан су  секілді, бәрін өзімен бірге ала  кетеді.

Өмірде барлық нәрсе уақытша. Күннен кейін түннің, түннен кейін күннің келетіні айқын. Ештеңе мәңгілік емес. Кез келген пенденің өмір жолында әртүрлі жандар жо­лығып жатады. Және кез келген сәтте әркім өз аялдамасынан түсіп қалып жатады. Өмір – соны­сымен  ғана  өмір.

 

Ақылбек Қаласов, 24 жаста:

– Екі жастың арасындағы сезім жүректің әмірі арқылы жүзеге асады. Жүрек кімді қаласа, соның дегені болатыны сөзсіз. Оны бөтен біреу бағындыруы мүмкін емес. Бір-бірін құлай сүйген жандарға арадағы алшақтық маңызды рөл атқара қоймайды. Меніңше, көзден кетсе де, көңілден кетпейді. Өйткені біраз жыл бірге болған жандардың кетісуі қиын. Оның үстіне бір-біріне бауыр басып қалатыны белгілі. Ал ол одан да қиын. Екі ғашық екі қалада өмір сүріп, кейін­нен отбасы құрып, бақытты болып кеткендері қаншама? Мәселен, менің сүйіктім басқа қалада тұрады. Бірге жүргенімізге бес жылға жуық­тады. Бірақ сезіміміз сол қалпы. Шүкір! Кейде бір қалада тұрып, күнде кездесіп, кейіннен ажырасып кететін жұптар болады. Мүмкін ол жалыққандықтан шығар. Әйтпесе, құлай сүйген жандардың айырылысып­ кетуіне не себеп? Сезім оты маздаған қыз бен жігітке арадағы мыңдаған шақырым да алшақтық етпейді. Қазір технология дамыған заман ғой. Айталық, күнделікті скайп арқылы­ да сөйлесіп отыруға болады. Қысқасы, «көзден кетсе, көңілден кетеді» деп жүргендер – өз-өздеріне сенімсіз адамдар. Махаббат әлемінде көз емес, жүрек сөйлейді.

Адамды жақсы көру дегеніңіз – соған бар жан-тәніңмен берілу, асыға күту. Махаббат сонысымен де ыстық.

 

Асан  Елдос, 23 жаста:

– Менің ойымша, сүйік­тіңіз жаныңызда болмаса, бәрі бекер. Қатынасыңыз бұзылатыны белгілі. (Басымнан өткен жағдай болған соң солай ойлаймын). Мүмкін өзіңіз, мүмкін, сіз сүйген жан өзгеруі ғажап емес. Өйткені араласатын орта өзгереді. Ол танитын адамды сіз танымауыңыз  мүмкін. Жаныңызда болмаған адамның кіммен сөйлесіп, кіммен жүр­генінен бейхабарсыз. Телефон тұтқасын көтермеген жағдайда басқалай ойға кететініңіз анық. Ондай сәтте ең бірінші адам санасына жақсы дүние түс­пейді. Осы арада қызғаныш пайда болады. Қызғаныштың соңы жақсылыққа алып бармайтыны айдан анық. Қалаған адамыңыз жаныңызда болмаса, оның несі махаббат? Кездесіп, шүйіркелесіп тұрмағасын. Жігіттердің өз сүйгені басқа қалада жүрсе, құбылып кететіні де жасырын емес. Әдемі қызды көрсе, ең құрығанда көзбен бір сүзіп өтеді. Әрине мұндай сәтте өз-өзіңді бақылауға алу қажет. Дегенмен, сұлулыққа қызықпайтын адам бар ма? Бо­лашақта сол бір көрген аруыңы­з сіздің жүрегі­ңізді жаулап алуы ықтимал ғой. Ал сыртта жүрген сүйге­ніңіз есіңізден тарс шығып, шыр­ғалаң күйге түсесіз. Ғашықтар бір-бірін  қаншалықты жақсы көрсе, соншалық жақын­  жүруі  тиіс.

 

Назерке  Шарападдин,  22 жаста:

– Асылында  махаббат деген – құді­реті  күшті сезім. Әсіресе, қыз бен жігіт арасындағы. Ол біреуге бақ  болса, енді біреуге қайғы болып жабысады. Қаншама ақын­дардың жырларына, қаншама жазушының романына сыймаған шынайы сезім оқиға­лары біткен бе? Кезіндегі Бейімбет Майлин­нің Шұғасы сынды құсадан көз жұмған, сезімі­не берік, сүйгеніне адал жан бар ма?

Заман деп жатамыз ғой. Жыл өткен сайын­ заман­мен бірге қоғам өзгеріп жатыр. Тәрбие өзгергесін, жастардың санасы да басқаша ой тұжырымдайды. Қазіргі уақытта шынайы бейнені табу өте қиын. Сондықтан жүрегің қалаған жанды бағалау керек. Көбіне болмашы қиындықтармен ақымақтық жасап, өз бақытынан өзі бас тартып жатады.

Көңілден неге кетеді? Қыздар неге басқа жігітке қызығушылық назары­н аударады? Өйткені, қыз бала – өте нәзік жаратылыс. Әрдайым көңіл бөлгенді қалайды. Айналып келгенде ер-азаматтан әкелік қамқорлық­ты, ағалық  қолдауды  күтеді.

Екінші мәселе, қазіргі жастар жұмысбасты. Қыздар жұмыстан көтерілуді­ ойласа, жігіттер отбасылы болғанда барлығы жетіп артылса деген мақсат қояды. Өмірдің мәнісін ұмытып бара жатқандай. Бүгінгінің қыз  бен  жігітіне қойылатын бір ғана қағида. Өмір – бүгінгі болып жатқан­ оқиғалар. Дәл қазіргі сәт. Қас қағым сәтте өтеді де кетеді. Ештеңен­і кейінге қалдыруға болмайды. «Мен сені жақсы көрем. Сен менің өмірімнің мәнісісің!» деген сөздерді айтып қалу қажет. Мейлі күнде көріп жүр, мүмкін өзге қалада, елде болсын! Жүрекке салып берген­ адамды қай ғаламның қиырында жүрсе де, бұйырып тұрса, көңілден де, көзден де өшіру мүмкін емес.

Пікірлерді  топтастырған  Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары